279
−
жылдам немесе уақытша шешім талап етілсе;
−
басқа амалдар тиімсіз болған жағдайда;
−
келісімге келу өзара қарым-қатынасты сақтауға мүмкіндік
берсе.
Әріптестік
, келісімге келуге қарағанда,
тереңірек деңгейде
қол жеткізіледі және де ұзақ уақытты әрі жанжалды шешуде
белсенді бірге қатысуды талап етеді. Бұл үлгі мына жағдайларда
өте тиімді:
−
мәселенің шешімі екі тарап үшін де аса маңызды болса;
−
сіздердің өзара арақатынастарыңыз тығыз, әрі ұзақ уақыт
жалғасқан болса;
−
сізде мәселені қарастыруға уақыт болса;
−
екі тарап та бірдей билікке ие
болса немесе шынайы
билікті иеленуде айырмашылықтарды жоққа шығаруды қа-
ласа.
Жанжалды
шешудің
мүмкін
болған
жолдары
.
Кез келген
жанжалда оны шешудің үш жолы бар:
−
ең
оңай
, бірақ әрқашан да шынайы емес: өзіңді немесе мә-
селеге деген өзіңнің қатынасыңды өзгерту;
−
ең
қиыны
, сондықтан да тәжірибелік мүмкін емес: қарсы
пікір білдірушінің пікірін өзгерту, оған өзімізге қажетті бағытта
әсер ету;
−
ең
оңтайлы
және
шынайы
: мәселені шешудің өзара тиімді
нұсқасын табу және оны жүзеге асыруға күресу.
Жанжалды шешудің мүмкін болған жолдары мына сұрақтар-
ға жауап іздеуден тұрады:
Жанжалды
шешу
үшін
мен
не
істер
едім
?
Бұл
үшін
серіктесім
не
істер
еді
?
Жанжалдан
шығу
қажет
болған
жалпы
мақсаттар
қандай
?
Мұнда сіз былай жасауыңыз қажет:
−
сұхбаттасыңызға көңіл аудару және ниеттестік білдіру;
−
серіктестің ерекшеліктеріне
сабырлылық таныту, өзінің
шынайы жанашырлық сезімін көрсету;
−
салмақты болу, өзінің әрекеттерін, сөзін, мимикасын бақы-
лау;
−
адамды осы жағдайға не алып келгенін – айқын немесе
жасырын мақсаты қандай екенін түсінуге тырысу;
280
−
сұхбаттасушының пікірін толық айтып беруіне мүмкіндік
беру, оны мұқият тыңдау; тікелей қайталау, тыңдағанын талдау
немесе қорытынды жасау жақсы нәтиже береді –
сол арқылы
адамға оны тыңдағанын түсінуге мүмкіндік береді;
−
әлеуметтік және физикалық қашықтықты оңтайлы деңгейге
дейін қысқарту;
−
серіктестің назарын ауыр мәселеден қысқа уақытқа болса
да басқаға аударту, мұнда кез келген амалдар қолданылуы мүм-
кін – басқа жерге отыру, қоңырау шалу, жазып алуды сұрау-
дан бастап қандай да
бір миға қонымсыз ойды, әзілді айтуға
дейін;
−
сіздердің мүдделеріңіздің, мақсаттарыңыздың, міндеттері-
ңіздің жалпылығын атап көрсету;
−
сұхбаттасқа оның сөздері тудырған сіздегі жағдай, сезім
туралы дайын емес бағалауларды және пікірлерді айту; бұл
сұхбаттастың
сізге қысқа жауап қайырмай, ашық, мақсатты, өз
ұстанымын айта отырып жауап беруге мәжбүрлейді;
−
сынға ескерту, сөгістерге жауап беруден бұрын, нақты не
көзделіп отырғанын ашып алу қажет; сіз барлығын дұрыс тү-
сінгеніңізге сенімді болуыңыз керек.
Әрбір жеке жағдайда жанжалдың себебі айқын болғанымен,
барлық жанжалдар ұқсас негізге ие:
Достарыңызбен бөлісу: