Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет113/185
Дата02.03.2022
өлшемі1,92 Mb.
#133929
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   185
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

 
 
4.9 Бірлескен қызмет жағдайында жанжалдық 
жағдайларды басқару 
 
Біз күнделікті өмірде әртүрлі жанжал түрлеріне 

қызметтік, 
тұрмыстық, жеке жанжалдарға жиі қатысып жатамыз. Ешбір 
жанжал із-түзсіз жоқ болып кетпейді. Оның нәтижесі жүйке 
жүйесінің бұзылыстарына, организм тонысының жалпы төмен-
деуіне, сонымен түрлі ауруларға әкеліп соқтырады. Жұмыс жағ-
дайы болсын, қай кезде болсын жанжалдардың бүлдіргіш сал-
дарларын болдырмау үшін оларды айналып өтуді, егер біз ол 
жанжалға тартылып жатсақ, шиеленіс жағдайынан шығып ке-
туді үйрену керек. 
Жанжалдарды
 
басқару
 
тәсілдері
 («
Томас
 
торы
»). 
Жанжал-
дарды зерттеудің ерте кезеңдерінде «жанжалды шешу» термині 


277 
кеңінен қолданылды, онда жанжалды шешуге болады және қа-
жет деп бағамдалған. Осылайша, жанжалдарды шешудің мақса-
ты адамдар толық үйлесіммен жұмыс істейтін жанжалсыз жағ-
дайды туғызу болып табылған. 
Алайда, соңғы кезде мамандардың жанжалға деген қатынасы 
өзгерді. Неліктен? Біріншіден, жанжалдарды толық шешу бойын-
ша босқа жұмсалған күш ұғынылды; екіншіден, жанжалдар- 
дың позитивтік функцияларын көрсететін зерттеулер саны көбейді.
Осы жерден екпін жанжалды шешуден оларды басқаруға 
қарай түсті. Жанжалдарды басқарудың басты мәселесі келесілер 
болды: жанжалдарда адамдарға мінез-құлықтың қандай форма-
сы тән, олардың қайсысы өнімді немесе деструктивті, өнімді мі-
нез-құлықты қалай ынталандыруға болады. 
Жанжалдарды басқарудың ең табысты үлгісін К. Томас ұсын-
ды. Ол екі өлшемді үлгіні қолданды: вертикалы бойынша 

өз 
мүддесін қорғауда күш қабілетінің дәрежесі; горизонталы бойын-
ша 

қауымдасу және қарсы сөйлеушінің мүддесіне көңіл ауда-
руға бейімділік дәрежесі бейнеленді. Осы сипаттамаларға сай, 
К. Томас жанжалды басқару мен реттеудің келесі бес негізгі 
тәсілдерін ажыратады: 

жарысу
(
бәсекелестік


басқасының зиянына қарай өз 
мүддесін қанағаттандыруға тырысу

бейімделу
 -
басқа үшін өзінің мүддесін құрбан ету; 

келісім
 (
ымыра
) – 
өзара ымыраға келу; 

қашу
 (
жалтару


ұйымдасуға тырысу мен өз мақсатына 
қол жеткізу беталысының болмауы; 

әріптестік
 

жанжал қатысушыларының екі тарапты да 
толығымен қанағаттандыратын баламаны жасауы. 
Төменде ұсынылған «Томас торында» жанжалды басқарудың 
бір мағыналы жаман немесе бір мағыналы жақсы тәсілдері жоқ, 
көбісі нақты жағдайға, нақты қатысушыларға және нақты мәселеге 
байланысты. Алайда тәсілдердің келесідей мүмкіндіктері бар: 

жанжалдан қашқанда тараптардың ешқайсысы табысқа 
жетпейді; 

жарысқанда, бейімделгенде және келісімге келгенде не бір 
тарап жеңіске жетіп, бір тарап жеңіледі, не болмаса жанжалға қа-
тысушы екі тарап та жеңіледі, өйткені келісімдік шегінуге келеді; 


278 

тек әріптестік жағдайында екеуі де жеңеді, өйткені екі та-
рап та мәселені шешудің жаңа деңгейіне шығуға тырысады. 
Сонымен бірге, аталған тәсілдердің кез келгені өмір сүруге 
лайықты. 
Қандай нақты жағдайларда жанжалдарды басқарудың атал-
ған стиліне өтуге болады? 
Жарысу
 
белсенді әрекеттерді және тығырықтан шығудың 
өзіндік, тәуелсіз жолын бағамдайды. Бұл тәсіл мынадай жағ-
дайларда тиімді: 

егер нәтижесі сіз үшін өте маңызды болса

сіз жеткілікті абырой мен билікке ие болсаңыз; 

жылдам, тіпті мезеттік жауап қайтаруды талап ететін сыни 
жағдайда болсаңыз; 

сізде басқа шара болмағанда; 

сіз бір топ адамдарға тығырықта тұрғаныңызды түсіндіре 
алмағанда, біреу оларды өзімен бірге алып жүру керек болғанда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет