240
−
шикізат пен материалдарды жеткізудің үнемі тоқтап қа-
луынан өндіріс режимінің бұзылуы; еңбек ұжымы үшін жақсы
табыс табу мүмкіндігінің болмауы;
−
қызметкерлердің
еңбек жағдайын, тұрмысын және демалы-
сын жақсарту туралы заттық қамқорлықтың көрінетіндей нәти-
желерінің болмауы;
−
материалдық жағдайлар мен еңбекақыны төлеу қорының
әділетсіз бөлінуінен басқарма қызметкерлері мен жұмысшы-
лардың тайталасуы;
−
инновациялар мен түбегейлі
өзгертулерді жұмысшылар-
дың мүдделерін ескерместен енгізу;
−
формальды емес көшбасшылардың арандатушылық іс-
әрекеті.
2.
Сыртқы факторлар:
−
елдегі жағдайдың тұрақсыздығы, әртүрлі саяси топтардың
мүдделерінің соқтығысуы;
−
алғашқы қажетті заттар мен азық-түлікке өткір тапшы-
лықтың
туындауы;
−
жаңа заң актілерінде әлеуметтік жеңілдіктерге шек қою;
−
еңбек ұжымы мүшелерінің мүдделерін құқықтық әлеумет-
тік қорғаудың күрт нашарлауы;
−
әділ және адал еңбекті қамтамасыз ету, жекелеген азамат-
тарды заңсыз байыту.
Дау-дамайға ұласатын ұйымдағы әлеуметтік шиеленістің
ұлғаюын дау-дамайлық жағдайды адекватты шешкен жағдайда
жеңуге болады.
Ұйымдағы
мүдделердің
қатынасы
Ұйымда әртүрі мәртебеге ие адамдар өзінің объективті мүд-
делерін және олардың қарама-қайшылығын сезінуі де, сезінбеуі
де мүмкін. Бірақ тек саналы мүдделер жұмысшылардың белсен-
ді әлеуметтік әрекетіне айналады.
Бұл сезіну ұйымдағы өзінің
өмірлік тәжірибесін өз бетінше жете ұғыну нәтижесінде, не бол-
маса пайда болған мүдделердің қарама-қайшылығын кім ертерек
сезінді, соның түсіндіру жұмыста-ры кезінде, не болмаса ұйым
мүшелерінің санасына айла-шарғы жасау нәтижесінде болады.
241
Алайда мүдделердің қарама-қайшылығын сезіну автоматты түр-
де дау-дамайға алып келмейді. Дау-дамай – бұл қарама-қайшы
мүдделердің ашық формасы.
Ұйымдағы дау-дамайлар жеке және ортақ мүдделердің тай-
таласуы арқылы дамиды. Мүдделердің
қатынасы былайша кө-
рінуі мүмкін:
−
толық ұқсастық, яғни мүдделердің бір бағытта болуы;
−
мүдделер бағытындағы айырмашылықтар, яғни біреулер-
ге пайдалы
болған нәрсе, екіншілеріне сондай шамада пайдалы
болмайды;
−
мүдделер бағыттылығының қарама-қайшылығы – субъек-
тілер өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қарама-
қарсы жүруі керек болатын жағдай (1-сурет).
Бір
бағыттағы
мүдделер
Әртүрлі
бағыттағы
мүдделер
Мүдделер
бағытының
қарама
-
қайшылығы
Достарыңызбен бөлісу: