Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет100/185
Дата02.03.2022
өлшемі1,92 Mb.
#133929
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   185
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

 
1-сурет.
Ұйымдағы мүдделер қатынасы 
Дау-дамай нақты қарама-қайшы объективті мүдделерден де, 
сондай-ақ оларды қарама-қайшы елестетуден де туындауы 
мүмкін. Жасанды негіздегі дау-дамай егер оның қатысушылары 
мүдделердің қарама-қайшылықтарын қабылдайтын болса туын-
дауы мүмкін.
Дау
-
дамай
 
типтері
 
және
 
оның
 
қатысушылары
 
 
Дау-дамайға талдау жасау кезінде оның негізінде қандай әре-
кеттер жатқанын түсіну маңызды. Иррационалды типтегі (аффект, 
ашу, байбалам және т.с.с. жағдайында туындайтын) дау-дамай 


242 
қатысушылары мүмкін болатын ұтыс пен зиянды есепке алмай, 
олардың қатынасын ескермей әрекет етеді. Мұндай типке мысал 
– стихиялы ереуілдер. Олардың салдары әдетте саналы мүд-
делермен сәйкес келмейді, тіпті оған мүлде қарама-қайшы бо-
луы мүмкін.
Рационалды типтегі дау-дамайларға қатысушылар мүмкін 
болатын ұтыс пен шығынның, жеңу мүмкіндіктері мен ұтылып 
қалудың ара қатынасын ескереді. Мұндай дау-дамай тараптар-
дың бірінің сәттілікке жоғары сенімділігі болған кезде ғана 
басталады.
Ұйымдағы дау-дамай субъектілері немесе тараптары жеке де, 
ресми де тұлғалар (мекемелер мен ұйымдар өкілдері), жекелеген 
қызметкерлер де, сондай-ақ тұтас топтар да болуы мүмкін.
Тараптардың дау-дамайға қатысу дәрежесі әртүрлі болуы 
мүмкін: 
тікелей
 
қарама-қарсы әрекет етуден дау-дамай бары-
сына 
жанама
әсер етуге дейін. Осыдан шығатыны: 1) негізгі 
қатысушылар, 2) қолдаушы топтар, 3) басқа қатысушылар. Не-
гізгі қатысушылар – бұл қарама-қарсы әрекет етуші тараптар. 
Олардың мүдделері үйлеспейді және әрекеттері бір біріне қарсы 
бағытталған.
Қолдау топтары – дау-дамай қатысушылары, бірақ екінші 
дәрежелі рөл ойнаушы. Олар: 

дау-дамай барысына әсер ете алады және өздерінің мүд-
делері болады; 

пайдакүнемдік мүдделерінің болмауы және күрес бары-
сына әсер етпеуі мүмкін. Бірақ олар дау-дамайға кездейсоқ тар-
тылуы мүмкін немесе өздерінің мақсатына жету үшін басқа 
адамдарға айла-шарғы жасауы мүмкін; 

дау-дамайдың дамуына кеңестерімен, көмектерімен не-
месе басқа да құралдарымен ықпал етуі мүмкін; 

дау-дамайды ұйымдастырушы болуы мүмкін, дау-дамай-
ды және оның дамуын жоспарлауы мүмкін. Олар дау-дамайға өз 
бетінше қатысушы ретінде де болулары мүмкін (мысалы, 
ереуілшілдер).
Басқа
 
қатысушыларға
делдалдар мен судьялар жатады. Бұ-
лар қатаң бейтарап тұлғалар. Олар дау-дамайдың алдын алуға, 
тоқтатуға немесе шешуге тырысады.


243 
Ішкі
 
дау
-
дамайлар

Сыртқы
 
ортамен
 
дау
-
дамай
 
Ұйымдарда дау-дамайдың мынадай түрлері болады: 1) ішкі 
дау-дамайлар және 2) сыртқы ортамен дау-дамай (2-сурет). 
1.
Ішкі
 
дау
-
дамайлар
ұйым (кәсіпорын) ішінде туындайды және
қолданыстағы нормативтер мен келісімдер, яғни, белгілі бір дең-
гейде және мүдделі тараптар арасында қабылданған ойын ереже-
лері арқылы шешіледі. Мұндай дау-дамайларға мыналар жатады: 

жеке
 
тұлғааралық
дау-дамай – қызметкерлердің жеке мақ-
саттарындағы қайшылықтар. Мұндай дау-дамайға басшының ав-
торитарлы басқару стилі мен кейбір қарамағындағы қызметкер-
лердің бастамашылық пен шығармашылыққа ұмтылуы арасын-
дағы дау-дамай мысал ретінде бола алады.
– топішілік дау-дамай – бөлімше ішіндегі бәсекелес қызмет-
керлер арасында немесе «Бөлім немесе кәсіпорын иерархиясын-
да кім маңыздырақ?» сұрағы бойынша басшылар арасындағы дау-
дамай; 
– топаралық дау-дамай – мысалы, кәсіпорын иеленушілері
арасындағы дау-дамай. Егер, меншік өкімет органдары мен жеке 
тұлғалар арасында бөлінген болса, бұл жағдай күрделірек болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет