Тақырып 8- арамшөптермен куресу шаралары



Дата27.02.2023
өлшемі17,92 Kb.
#170368
Байланысты:
8-дәріс


Тақырып 8- Арамшөптермен куресу шаралары

Дәріс мақсаты: Арамшөптермен күрес шараларын студенттеге түсіндіру


Сүрақтар:

  1. Ұйымдастыру шаралары
  2. Алдын алу шаралары


  3. I.Агротехникалық шаралар

  4. Химиялық шаралар

  5. Биологиялық шаралар

  6. Арамшөптермен күресте электр қуатын пайдалану

  7. Физикалық шаралар

Қазіргі егiншiлiкте арамшөптермен күресудiң көптеген шаралары бар. Олар бiр-бiрiнен тиiмдiлiгiмен, пайдалану мерзiмiмен, шығынның мөлшерімен және тағы басқа көрсеткіштерi арқылы ерекшеленедi. Олардың барлығын негiзгi үш топқа бөлуге болады:


Ұйымдастыру шаралары
Танаптардың ластануын анықтау.
Танаптардың ластануын бағалау және экономикалық зияндылықтың шегiн анықтау.
Танаптардың ластануының картасын жасау.
Арамшөптермен күрестiң кешендi бағдарламасын дайындау.
Алдын алу шаралары
Мәдени дақылдардың тұқымдарын тазалау.
Жемдi, мекендi, сабанды малға Қнтақталған немесе буландырылған күйiнде беру.
Жол бойындағы, бос жерлердегi, қора жайлардың маңындағы арамшөптердi гүлдегенге дейiн шауып тастау.
Арамшөптердің сыртқы және iшкi карантинiн сақтау.
Көңді арамшөптердің тұқымдары өнгіштігін жоғалтатындай етiп дұрыс сақтау және пайдалану.
Жою шаралары
I. Агротехникалық шаралар
Сүрi танаптарды өңдеу.
Күзгi топырақ өңдеу.
Топырақты көктемгі өңдеу.
Топырақты өсімдіктердi күтiп-баптау кезiнде өңдеу.
Ауыспалы егiсте дақылдарды алмастыру.
Агротехникалық тәсiлдердi қолдану арқылы екпе дақылдардың арамшөптерге қарсы бәсекелестiк қабiлетiн арттыру.
II. Химиялық шаралар
Таңдап әсер ететiн гербицидтердi егiн сепкенге дейiн пайдалану.
Мәдени өсімдіктердің егiстiктерiнде таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын жинап алғаннан кейiн жаппай немесе таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.
Сүрi танаптарда жаппай немесе таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.
III. Биологиялық шаралар
Фитофаг жәндiктердi пайдалану.
Арамшөптерге ауру туғызатын вирустар, бактериялар мен саңырауқұлақтарды пайдалану.
IV. Арамшөптермен күресте электр қуатын пайдалану
Өте жоғары жиiлiктегi электромагниттiк қрiстi пайдалану.
Жоғарғы қуатты электр тогын қолдану.
V. Физикалық шаралар
Газ шiлтерi бар отты культиваторды пайдалану.
Суаратын ашық жерлердiң жанындағы арамшөптердi жағуға отты машиналарды қолдану.
Арамшөптермен күресте ең жоғарғы тиiмдiлiкке шараларды кешендi және жүйелi түрде жүргiзгенде ғана жетуге болады. Бұл одан әрi ауыспалы егiстiң бiр немесе екi айналымында тек алдын алу және агротехникалық күрес шараларын пайдаланумен шектелуге мүмкiндiк бередi.
Өздiгiнен дайындалуға арналған сүрақтар




  1. Танаптардың арамшөптермен ластануын есептейтiн әдiстерiн атаңыздар?

  2. Танаптардың арамшөптермен ластану картасы не үшiн қажет және оны жасаумәдiстемесi кандай?

  3. Егiстердiң арамшөптермен ластануына қарсы қандай шаралар бағытталған?

  4. Арамшөптермен күресу шаралары қалай жiктеледi?

  5. Арамшөптермен агротехникалық күресу шараларының мағынасы неде және ол қандай принциптердi колданылады?

  6. Гербицидтердi жiктеу негiзiнде не бар?

  7. Жер үстiмен бүркелеген кезде жүмыс ерiтiндiсiнiң шықыны қалай есептеледi?

  8. астық дақылдарының егiстерiнде дәндi арамшөптерге қарсы кандай гербицидтер колданады?

  9. арамшөптердiң аралас ластану типi болған кезде қандай гербицидтер және оларды қалай қолданылады ?

  10. жаппай әсер ететiн гербицидтердi қашан ж„не қандай танаптарда қолданады?

  11. арамшөптермен биологиялық күресу шаралары неге негiзделедi?

  12. Арамшөптермен күресу шаралары жүйесiнiң қажеттiлiгi қандай?



Ұсынылған әдебиеттер

  1. Иванников А.В., Шрамко Н.В., Мукажанов К.М. Солтүстік Қазақстанның егіншілігі – Астана, 2006- 295 б. http://portal.kazatu.kz/e-books/index.php?id=4&lang=kz&p=2

  2. Карипов Р.Х., Жұмағұлов И.И.Амралин А.У. Егіншілік практикумы–Астана, 2004 –290 б.

  3. Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. «Егіншілік», Алматы, 2005.

  4. Иванников А.В., Тұрарбеков А.Т. Солтүстік Қазақстан егіншілігі, Алматы, «Қайнар», 1990.

  5. Әуезов Ә.Ә., Сүлейменова Н.Ш., Уразымбетова Қ.Н. Егіншілік практикумы, Алматы, Агроуниверситет, 200

  6. Карипов Р.Х., Жұмағұлов И.И.Амралин А.У. Егіншілік практикумы–Астана, 2004 –290 б.

  7. Ұ. Ж. Байдюсен Аймақтық егіншілік жүйесі. Астана, 2003-98 бhttp://portal.kazatu.kz/e-books/index.php?id=4&lang=kz&p=2

  8. Амралин А.У. Кульжабаев Е.М. Арамшөптер атласы. Нур-Султан 2019 http://portal.kazatu.kz/e-books/index.php?id=4&lang=kz&p=10


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет