Критериалды валидтілік. Жеке тұлғаны бағалау әдетте, индивидуум мінез-құлқынның белгілі бір аспектілерін болжау үшін қолға алынады. Мінез-құлықты алдын ала болжау аспирантурада табысты оқуға, терапевтік бағдарламаның тепе-теңдігіне, кәсіби сәттілікке (т.б.) қатысты болады.
Критериалды валидтіліктіктің екі тармағы бар. Біріншісі болжаушы вадидтілік деген атқа ие. Ол критерияға сәйкес болашақтағы мінез-құлықты алдын ала болжау қабілетілігімен анықталады. Екінші тармағы ағымдағы (текущий) валидтілік. Ол сол тест нәтижелерінің басқа да критеиалды бағалармен қатысты мәнді корреляция көлемімен анықталады. Мәселен,пациенттің параноидты бетбұрысты өлшеуші тест бойынша бағасы сол клиника психологтарының мәліметтеріндегі параноидтты бетбұрыстың айқын бағаларымен жағымды түрде корреляция жасаса, онда біз ағымдағы валидтілік туралы айта аламыз. Клиникадағылар тесттің нәтижелерін күні бұрын білмегендері жөн. Әйтпесе, олар білетін мәлімет өздері беретін бағаға әсерін тигізуі мүмікн, бұл құбылыс – критерия контаминациясы (уақиғаларды ауыстыру) деп аталады.