Бақылау сұрақтары:
1 . Психологиялық зерттеулердің қандай әдістерін білесіз?
2 Байқау әдісіне қандай талаптар қойылады. ?
3. Тест дегеніміз не? Тесттер қандай болады?
13 тақырып. Проективті әдістер және олардың негізгі белгілері.
Жоспары:
1. Розенцвейг, ТАТ, Роршах тесті, Люшердің түстерді таңдау тесттермен жұмыс істеу ерекшеліктері және олардың теоретикалық негіздерін, шкалаларын қысқаша сипаттау.
1.Бізге бір жақты емес ынталандырғыш ұсынғанда біз оны өз сезімдерімізбен, қажеттіліктерімізбен және қызығушылықтарымызбен сәйкестендіре өңдеуге бейімбіз, яғни сол ынталандырғышқа телиміз. Осы принципке негізделінген әдістемелерді телімелі сынақ деп атаймыз. Әдетте, олар парақ бетіне бұлдыр, анық түспеген бейнелерден тұрады.Сыналушы оларды суреттеуі тиіс.Ал, психологтың міндеті сыналушының жауабын өңдеу, оның жеке басының даму күшін анықтау.
Роршах тесті. Бұл тесті 1911 жылы Швейцар психиатры Герман Роршах түсірілген 10 парақтан тұрады. Сия дақтарының симметриялылығы парақты бүгу нәтижесінде алынады. Парақтардың тең жартысы қара және сұр түстерден тұрады. Басқа екі парақтағы дақтарға қызыл түс қосылады, ал қалған үшеуіндегі дақтар ақ, қара, сұрдан өзге, пастельді тондарға боялады.Роршахтың шамалауынша түрлі-түсті дақтарды көргендегі шошу сыналушының эмоционалды өмірін бейнелейді, сондай-ақ оның өзін-өзі бақылау деңгейінен түсінік береді.Дақтардың формасы және оны сыналушының бейнелік сипаттауын өңдеу мен бағалау дақтың парақ бетіне орналасуына және өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Тапсырманы өңдеу барысында сыналушының сия дағын түгелдей дерлік сипаттауы немесе жеке бөліктерін баяндауы ескеріледі. Ол сынаушының жинақтауға және шындықты абстрактылы қабылдауға бейім еместігін хабар береді. Роршах, психологтардың зерттеу нәтижесін өңдеуді бір жүйеге келтіретін бағалар жүйесін жасаған. Бірақ, бұл өңдеулер алынар деректердің жиынтығына және олардың өзара ұйымдастырылуына негізделген.Сондықтан, зерттеу нәтижесі көп жағдайда зерттеушінің клиникалық тәжірибесі мен көрегенділігіне байланысты.
Тақырыптық апперцепция тесті
Бұл тесті отызыншы жылдың аяғында Мюррэй жасап шығарған. Олардың әрқайсысы адамдармен көп мағыналы сахнаны бейнелеген 30 суреттен тұрады.Зерттеуші сыналушыға осы суреттерге сүйене отырып, басына бірінші келген оқиғаны айтып беруді ұсынады. Сыналушының әңгімесінен оның суреттегі кейіпкерлерінің біріне немесе бірнешеуіне өзінің қажеттіліктерін, алаңдауын немесе бірнешеуіне өзінің қажеттіліктерін, алаңдауын немесе үмітін телігенін аңғаруға болады.Бұл сыналушының өмір сүріп отырған ортасынан, басынан кешкен тартыстарынан хабар береді.
Зерттелушінің әртүрлі картиналарды суреттеуінде жиі кездесетін тақырыптарды таба отырып, алаңдауын, санадан тысқары тілектерін, өмірді бағдарлауын аңғара білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |