Тоқаш (орыс.1) токаш, 2) булочка, ағылшын. 1) tokash, 2) roll) – 1) қалыңдау етіп жайылған қамырды әр түрлі етіп кесіп, майға пісірген нан; 2) қалыңдау етіп тандырға пісірілген кішкене дөңгелек нан.
Тоқыма (орыс. плётенка, ағылшын. twist) – ширатылған ұзынша формалы бөлке.
Торт (орыс. торт, ағылшын. cake) – май, қант, жұмыртқа қосып ұннан жасайтын кондитерлік тәтті тағам. Жаңғақты, шоколадты торт т.б.
Тосап жағылған қаттама қаусырма (орыс.слоеный пирог с вареньем, ағылшын. layer cake with jam) – қамыр бүктемеге арналғандай дайындалып,жұқалап (1 см) жайылады. Қамырдың көлемі металл табаның көлеміндей болуы тиіс. Оның үштен бір бөлігі әсемдеуге қалдырылады.
Жайылған қамыр аздап суланған табаға салынып, бірнеше жерден шанышқымен тесіледі. 240-2600 С температурада 10-15 минут пісіріледі.
Қалған қамыр қалыңдығы 0,5см етіп жайылып, ені 1,5-2 см жолақтарға кесіледі, ұзындығы металл табадан аспауы керек. Жолақтар тор көз тәрізді орналастырылып, жұмыртқа жағылады да, 240-2600 С температурада 10-12 минут ұсталады. Дайын тор көз тосап жағылан күлшенің бетіне орналастырылады. Бетіне қант себіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |