пікірге қарағанда
жазира
сөзін жаңылыс мағынада қолданып жүрген
тәріздіміз. Кезінде бұл пікірге кейбіріміз құлақ асып, құлай жығылдық,
кейбіріміз дүдәмал күйде қалдық. Шындығында,
жазира
араб тілінен
енген сөз, мағынасы – «шөл», «арал». Онда неге
жазира
сөзін үш
қайнаса сорпасы қосылмайтын
гүл, жасыл
сөздерімен тіркестіріп
гүл
жазира, жасыл жазира
деп атаймыз? Бұлай қолдану мүлдем теріс емес
пе? Өзге жұрттан қоныс аударған бұл сөз қазақ топырағына алғаш түскен
сәтте «шөл», «арал» мағынасында қолданылған екен.
Жазираны гүлстан ету үшін,
Төбені ойға аударып тастаған ер
(Халық ақындарынан. Мысал
Н.Оңдасыновтың аталған кітабында көрсетілген). Бұдан
жазира
сөзінің
«шөл» деген мағынада жұмсалғандығын байқаймыз. Енді бұл сөздің
«арал» мағынасында қолданылғанына мысал келтірейік:
Достарыңызбен бөлісу: