тұрақты болып, араларына өзге морфемаларды енгізбей тұрады.
Мысалы,
егіншілік
деген сөз төрт түрлі морфемадан құралған (
ег-ін-ші-
лік
). Олардың арасына өзге морфеманы сыналап кіргізу мүмкін емес.
Фразеологизмдерге тән тағы бір қасиет,
жоғарыда айтылғандай,
дайын күйде қолданылатындығы (тиянақтылығы). Бұл жағынан да
фразеологизмдердің қасиеті жеке сөздерге ұқсас. Өйткені тіл
қолданысымызда жеке сөздер «дайын» күйде ұшырасады. Мысалы,
егіншілік, өнеркәсіп
сөздерін сөйлеуші сөйлеу актісінде
ег-ін-ші-лік,
өнер-кәсіп
деп «жанадан» құрастырып жатпайды.
Фразеологиялық
бірліктер де осы тәрізді. Мысалы,
қарын шашы алынбаған
«әлі жас;
қиындық көрмеген» деген фразеологизм сөйлеу актісінде жасалмайды.
Тілдегі дайын күйінде сөз (речь) материалына айналады.
Фразеологиялық бірліктің құрамына енген сөздер метафоралық
қолданысқа түсетіндіктен, деактуализацияланады да, бір тұтас мағынаға
ие болады. Мысалы,
қол ұшын берді
деген фразеологизмдердің
сыңарлары деактуализацияланып, біртұтас мағынаны білдіріп тұр, яғни
«
көмектесті»
деген фразеологиялық мағына
қол
,
ұшы, бер
деген жеке
сөздердің лексикалық мағыналарынан туындап тұрған жоқ. Бұл жағынан
да фразеологизмдер жеке сөздердің қасиетіне ұқсас. Сөйлеуші не
тыңдаушы
егіншілік, өнеркәсіп
деген сөздерді түрлі морфемалардың
мағынасына мүшелеп жатпайды, мағыналық бір бүтін ретінде ұғынады.
Алайда фразеологизмдердің семантикалық тұтастыққа ие болуы, яғни
идиомалану дәрежесі олардың барлығында бірдей болмайды. Кейбір
фразеологизмдердің семантикалық тұтастығы өте жоғары болса, енді
бірінің идиомалануы бәсең, тіпті нөлдік деңгейде болуы ықтимал.
Мұның өзі фразеологизмдерді семантикалық тұтастығына қарай бірнеше
топқа бөліп қарастыруды қажет етеді.
Қазақ тілінде бір алуан фразеологизмдердің идиомалану дәрежесі өте
жоғары. Мысалы:
қағанағы қарқ, сағанағы сарқ; жауырды жаба тоқу;
кежегесі кейін тартты; көсегесі көгерген; апы кіріп, күпі шықты;
алтынмен аптап, күміспен күптеп
т.б.
Фразеологизмдер өздерінің
мағына тұтастығы жағынан жеке сөздердің төлеуі (эквиваленті) бола
аларлықтай дәрежеде. Мұндай типтегі фразеологизмдердің ішкі
формасы (фоны, мотивациясы) тасаланған,
яғни қазіргі тұрғыдан
алғанда тіркестің «неге бұлай айтылатындығы» сөйлеушіге белгісіз.
Фразеологизмдердің ішкі формасының тасалануы көп жағдайда олардың
7
лексикалық құрамында архаизмдерге айналған сөздердің
(морфемалардың) жүруіне де байланысты. Құрамында бірде-бір архаизм
кездеспейтін, бірақ фоны тасаланған фразеологизмдер де көп ұшырайды.
Мысалы,
балапан басына, тұрымтай тұсына; он екі мүше, он екіде бір
гүлі ашылмаған; қара қылды қақ жарған, төрт көзі түгел
т.б. Бұл
типтес фразеологизмдердің құрамында бірде-бір көне элемент
кездеспегенімен, уәждемесі (мотивациясы) қазіргі тіл тұтынушыға
мүлде белгісіз.
Ішкі формасы тасаланған, мағына тұтастығы жағынан
жеке сөздердің төлеуі бола алатын фразеологизмдердің семантикалық
типі
Достарыңызбен бөлісу: