Измагамбетова Раиса Кудайбергеновна Орындаған: Ауелова Бахытгуль Галиевна Фразеологиялық тіркес құрамы



бет1/2
Дата07.03.2022
өлшемі34,62 Kb.
#134608
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
фразеологизмдер


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Пән: Бастауыш мектепте қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі

Тақырыбы: Фразеологизмдер

Оқытушы: Измагамбетова Раиса Кудайбергеновна
Орындаған: Ауелова Бахытгуль Галиевна

Фразеологиялық тіркес — құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі, фразеологизмдердің түрлері, топтары. Фразеологизмге тән үш ортақ белгі мағына тұтастығы, тіркес тұрақтылығы, қолданылу тиянақтылығы айқын болғанымен, бұлар әр фразеологизмде бір-бірінен әрдайым анық ажыратыла бермейді. Кейбір белгілер әсіресе, мағына тұтастығы бірінде анық, айқын көрінсе, екіншісінде көмескі, үшіншісінде мүлде солғындау байқапады. Сондықтан фразеологизмді түр-түрге беліп топтастыру тіл білімінде ең күрделі қиын мәселелердің бірінен саналады. Фразеологизмдерді зерттеушілер В. Виноградовтың дәстүрлі топтастыруын негізге ала отырып, бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың арақатынасына қарай жіктеп бөлсе, кейде құрылым- құрылысы жағынан, атқаратын синтаксистік қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Қалай дегенімен де фразеологизмдерді сыңарларының мағына тұтастығына қарап, Фразеологиялық тутастық, Фразеологиялық бірлік, Фразеологиялық тізбек деп үш топқа бөледі. Фразеологиялық тұтастықта (идиом) фразеологизмді құрастырушы сөздің бір-бірінің лексика-семантикалық мән- мағынасына ешбір қатысы болмай мүлде басқаша мағына береді. Мысалы, мурнынан шаншылу — қолы тимеу; жүрегі тас төбесіне шығу — (қатты қорқу) нағыз идиом мағынасындағы (Фразеологиялық тұтастық) тіркестер. Бұларды басқа тілге сөзбе-сез аударуға келмейді, беліп жаруға болмайды. Идиом терминін қазақ тілінде Фразеологиялық түйдектер (I. Кеңесбаев), фразалық тұтастықтар (К. Аханов, Ә. Болғанбаев) деп атаған.
Фразеологиялық бірлік — Фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Апайда құрамындағы сөздердің бірі екіншісімен қалайда бір мағынапық байланыстаболатындығын аңғартады. Себебі мұндай тіркестер о бастағы еркін тіркестің ауыспалы мағынада метафораланып Фразеологиялық бірлікке айналған. Мысалы, көзіне көк шыбын үймелету (басыну, қорлау), ақ түйенің қорны жарылу(молшылық). Аталған тіркестердің Фразеологиялық мағына жасауына ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағына негіз болған. Кейде фразалық тұтастық пен Фразеологиялық бірлік арасындағы айырма- шылықтары байқала бермейтін фразеологизмдер де бар. Ғалымдар мұны тұрақты тіркес мағыналарының көнеленуіне байланысты деп түсіндіреді. Мысалы, ит басына іркіт төгілу (молшылық), құлаққа ұрған танадай (жым-жырт тыныштық). Қазақ тілі фразеологиясы фразеологизмдердің бұл екі тобын бір-біріне өте жақын тұратын сез тіркестері деп қарастырады. Орыс тіл білімінде идиомалар немесе анапит. мәндегі Фразеологиялық бірліктер деп атайды. Фразеологиялық тізбек— еркін мағынадағы сөздер тіркесінің Фразеологиялық қалпында екі сөздің тіркесуінен жасалып, өзгеріссіз тізбек күйінде қолданылады. Мысалы,жандысөз, тас бауыр, жуан жұдырық, шикі өкпе. Бұлар сырт құрылымы жағынан күрделі сөздерге ұқсас. Күрделі сөздер үнемі номинативті атау мағынасында жұмсалса, Мысалы, су тиірмен, тас жол, төс қалта т. б. Фразеологиялық тізбектерде бағалауыштық, образдылық сипат бар. Олардың Фразеологиялық мағынапары метафора, теңеу, сапыстыру сияқты керкемдік тәсілдер арқылы ауыспалы мағынада айтылуына байланысты. Апайда ауыспалы мағынада айтылып тұрған сөз тіркестерінің бәрін бірдей Фразеологиялық тізбектерге жатқызуға болмайды. Мысалы, Көңілсіз құлақ — ойға олақ (Абай). Жүргемін жоқ қайғының жүгін артып (Мұқағапи) — метафоралы тіркестер. Метафора, сирек те болса метонимия — көркемдік тәсілдер әдеби шығармаларда өзіндік ерекше сөз қолданысы. Сөйлеу тілінде қалыптасқан фразеологизмдер, идиомапар және образды сөздер — жасалуы жағынан метафоралы қолданыстан туған тіркестер.


Мақсаты: Фразеологизмді және оның түрлерін айыра білуге жаттықтыру, фразеологизмдердің мағынасын түсіндіру, баламасын бір сөзбен айта білуге үйрету.
Тапсырмалар: 1. Тұрақты тіркестерді тауып, астын сызыңыз да, қайсысы идиома, қайсысы фраза екенін ажыратыңыз. 1. Кемпір сөзін алғашқыда жеңіл ажуамен қабылдаған жұрт бұл тұста құлаққа ұрған танадай болып тұнып қалды. Бұл сөйлемде «жеңіл ажуамен»-сөздері идиома, ал «ұрған танадай»-сөздері фраза болып келеді.
2. Сырт қараған кісіге қабағынан қар жауған, жұп-жуан, бөгде біреу сияқты боп көрінесің. «қар жауған,»-сөздері идиома болып келеді, ал « жұп-жуан» сөздері фраза болып келеді.3. Бұл сөздерге бағанадан бері құлағын салып тұрған Қайырбековтің өңі бірте-бірте жыли түсті. «Құлағын салып»-сөзі идиомалық тіркес. 4. Балқия әңгір таяқ ойнатуын қойған жоқ. 5. Әбеннің екі езуі екі құлағында, қызара бөртіп қонақ күтісіп жүр. 6. Аман әңгімеге құлақ қойған жоқ. 7. Сонда да әлі қабақ шытысқан емеспіз. 8. Өзіміздің табан ақы, маңдай теріміз ғой. «Балқия әңгір,қызара бөртіп,құлақ қойған,қабақ шытысқан,табан ақы»-қалған 5 сөйлемде осы аталған сөздер идиомалық тіркес болып келеді.2. Берілген идиомаларды мағыналық жақындығына қарай топтастырып, қай сөзге балама болатынын анықтаңыз. Мұрнын көкке көтереді; ешкімнің ала жібін аттамайды; қара қылды қақ жарған; мойнына су кетіп жүр; көзінің еті өскен; сағы сынды; кежегесі кейін тартады; төбе шашы тік тұрды; ұнжырғасы түсіп жүр; тауы шағылды; салы суға кетті; жүрегім тас төбемнен шықты; жігері құм болды; сай сүйегім сырқырады. 3. Мына сөздердің идиомалық баламаларын тауып, сөйлем құраңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет