жатады: фразеологизмдердің құрамындағы архаизмдерді жаңғырту,
деректі ұғымды білдіретін сөздерді дерексіз атаулармен ауыстыру,
дыбысталуы ұқсас, мағынасы әр басқа сөздерді жаңсақ қолдану,
фразеологизм сыңарларын синонимдес я болмаса мазмұндас сөздермен
жаңғырту, фразеологизмдердің грамматикалық тұлғаларын өзгерту және
фразеологиялық түйдектердің «неге бұлай айтылатындығына» мотив
іздеу т.б.
Фразеологизмдерді мазмұн тұрғысынан (в плане содержания) дұрыс
қолданбау да нормадан жөнсіз ауытқуға жатады. Бұл типтегі
ауытқулардың өзін үш топқа бөліп қараймыз: 1) фразеологиялық
мағынаның контекстен үйлеспей тұруы, 2) контекспен фразеологиялық
единицаны байланыстырып тұратын сөздерді дұрыс қолданбау, 3)
фразеологизмдердің стильдік-эмоционалдық реңктерінің контекспен
үйлеспеуі.
Қайсыбір контекстерде фразеологизмдер форма тұрғысынан (в плане
выражения) өзінің жалпытілдік нұскасына сәйкес қолданылады да,
олардың лексикалық құрамы, морфологиялық тұлғалары ешбір өзгеріске
түспейді. Алайда фразеологизмдердің мағынасы мәтіннің мазмұнымен
үйлеспей тұрады.
Солай екен-ау, Бәке. Өзіңіз экономистердің жылдық жоспарын
шемішкеше шағады екенсіз...- деп отырғандар ұлардай шулады
(Т.Кенеев. Сөз бен іс. «Қазақ әдебиеті», 1981, 5 маусым).
Ұлардай
шулады-
ның бұл контексті «жатырқап» тұрғаны айқын байқалады.
Өйткені бұл фразеологизм «қым-қуыт жылады, зар қақты», «өре
түрегелді» деген мағынаны білдіреді. Бұл арада контекстің мазмұнын
таң-тамаша қаласты
тәрізді сөз орамдарының бірін қажет етіп
тұрғанын оқырман да оңай аңғарады.
Фразеологизмдердің лексикалық құрамына кірмейтін, бірақ
мағынасын дәлдеп, айқындап тұру үшін контекстің ыңғайына қарай
қосарлана жүретін
Достарыңызбен бөлісу: