Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет65/77
Дата13.03.2023
өлшемі0,6 Mb.
#172120
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77
Байланысты:
51b105703156b768745b2653bd121476

енгізген бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы – Тоғжан. Абай келгеннен
бері Тоғжан үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет
келіп кетті. Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен
Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы,
бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері – баршасы да бұл
өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген, аппақ
жүзді, қырлы мұрын, қаракөз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп
қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға
қарай тартылған қас, жүрекке шабар жендеттің жебесіндей.
105


Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсынса, сұлу
қастары бір түйісе түсіп, бір жазылып толқып қояды. Елбіреп барып
дір еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар жанның жеңіл әсем
қанатындай. Биікке, алысқа мегзейді (...). Абай көпке шейін Тоғжан
жүзінен көзін ала алмай, телміре қарап қалды 
(М.Әуезов. Абай жолы).
Егер тілдегі мағынасына қарай анықтама берсек, шам сөзі «жарық
беретін құрылғы» дегенді білдіреді.
Шам
сөзі контекстен тыс абстракті
сипатта. Басқаша айтканда, әнгіменің қандай шам туралы екендігі,
 май
шам ба, жаяу шам ба, білтелі шам ба, ондық шам ба, электр шамы ма,
бізге беймәлім. Шамның бұдан басқа да
 
түрлері көп.
Ал жоғарыда мысалға алынып отырған мәтіндегі
шам
қандай да
болмасын «жарық беретін құрылғы» деген абстракті ұғымда емес, сол
ұғымға енетін заттың нақтылы бір түрі туралы екендігін байқаймыз.
Мысалы, ол –
тас шам,
ол –
ала көлеңкелеу жанған тас шам,
ол –
үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам.
Сондай-ақ
бөрік
сөзі «елтірі, аң терісінен істелген құлақсыз бас
киім» деген мағынаны білдірсе, контекстегі
бөрік
сөзі әйтеуір бөрік
атауы жайында емес,
кәмшат бөрік,
онда да
Тоғжан киген кәмшат
бөрік
туралы. Тексте кездесетін
 білезік, шолпы, сырға
тәрізді зергерлік
бұйымдар жайында да осыны айтуға болады. Тоғжан таққан
шолпыны
көз алдымызға елестетіп қана қоймай, сылдырлаған үнін де естігендей
күй кешеміз. Бұл – көркем контексте сөздің образға көшуінің белгісі.
Образдылық сипат тек есім сөздерде (
шам, бөрік, шолпы)
ғана емес,
етістіктерде де бар:
Абай... Тоғжан жүзінен көзін ала алмай телміре
қарап қалды
дегендегі
 телміру
етістігі – нақтылы әрекетті бейнелейтін
аса қажетті сөз образ.
Көркем контекстегі сөз бір де бір заттың екінші бір затқа қатысы
арқылы (
үйдің ортасында жанған шам, бастағы кәмшат бөрік, білек
толған білезік
т.б.) деректі сипатқа ие болып, сөз образға айналса, бірде
көріктеуіш, бейнелеуіш тәсіл (теңеу) арқылы деректеніп, сөз образға
айналады:
Жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр: қарлығаш
қанатының ұшындай үп-үшкір боп самайға қарай тартылған қас
жүрекке шабар жендеттің жебесіндей, сұлу қастары бір түйіле түсіп,
бір жазылып толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей.
Жазушы сөз образ арқылы, оның ішінде көріктеуіш құрал арқылы
(теңеу) кейіпкер портретін оқырман сезіміне айқын ұялатады. Тіпті
106


Тоғжанның аппақ жүзінен оның ішкі сезім толқынын да айнытпай
танып отыратындай күй кешесіз. 
Самайға қарай тартылған қас
жендеттің жебесіндей
дегеннен әсем қыздың қиылған қасын ғана
танып қоймай, мұндай сөз образда әлдеқандай астар бар екенін де
түйсінесіз. Сол «жебеден» Абай жүрегінің «жараланатындығын» да сезіп
отырасыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет