Синергетикалық стиль (грек synergeia - ынтымақтастық, достастық). Тҧлға ӛзінің мінез-қҧлқымен, әріптестермен ӛзара әрекеттесу жолымен бірлескен қызметтің тиімділігін арттыруға және біріктіруге ықпал етеді. Бҧл, біріншіден, қарым-қатынасқа қатысушылардың арасында ақпарат алмасудың кедергісіздігі, екіншіден, олардың энергиясын синхронизациялау, бірлескен қызметтің ҥйлесімділігі нәтижесінде мҥмкін болады.
Синергетикалық стиль ӛзара әрекеттесуші серіктестердің келесі сипаттамалары арқылы кӛрінеді:
■ субъективті қарым-қатынас нормаларын сақтау;
■ идеялар мен бағалардың еркін алмасуын қамтамасыз ету;
■ сындарлы және мейірімді сын;
■ серіктестердің бастамасын ынталандыру;
■ іскерлік этиканың стандарттарына сәйкестігі;
■ ӛзінің коммуникациялық емес және жағымсыз әдеттерін жою немесе азайту;
■ оң қабылдау, басқалардың жетістіктері ҥшін және жалпы жетістіктер ҥшін ашық қуанышқа ие болу;
■ командада жҧмыс істей білу, топтық ой мен ерікке қарсы болмау;
■ коммуникативтік тӛзімділіктің жоғары деңгейін кӛрсету (лат. tolerantia - шыдамдылықн, кез келген адамға немесе нәрсеге жҧмсақтық) - жағымсыз немесе қолайсыз психикалық жай-кҥйлерге, серіктестердің қасиеттері мен әрекеттеріне тӛзімділік