Набиоллин Дәулетхан Ержанұлы



бет19/19
Дата26.08.2020
өлшемі51,17 Kb.
#76975
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Материктер мен мұхиттар

Африканың табиғат зонасы


Табиғат зона

Аумағы

Жануарлар мен өсімдіктер

Ылғалды экваторлық ормандар

Конго қазаншұңқыры мен Гвинея шығанағы жағалауын алып жатыр

Фикус, сейба ағашы

Ергежейлі бегемот, Горилла

Термиттер, Цеце

Саванна және сирек ормандар

Африканың 40%-ын алып жатыр

Дум пальмасы, Мадагаскар аралында: Саяхатшылар ағашы. Ең ірі құс: Түйеқұс. Жыртқыш құс: Секретарь. Африкада ғана кездесетін құс: марабу.

Африкалық сурикат, Керік, лемур

Ауылшаруашылығына көп қолданылады.

Тропиктік шөлдер

Солтүстік тропикте Сахара шөлі, оңтүстік тропикте Калахари шөлі алып жатыр

Сахарадағы тасты шөл: Хамада. Сахарадағы құмды аңызақ жел: Самум

Бір өркешті түйе: Дромедар, Үлкен сұр келес: Варан. Шөлдердің ең құнарлы аудандары: Шұраттар. Калахариде 2000 жыл өсетін өсімдік: Вельвичия



Субтропиктік қатты жапырақты ормандар мен бұталар

Жерорта теңіз жағалауы мен Оңтүстік Африка жағалауын алып жатыр

Жерорта теңіз жағалауында: Олеандар,

Кап тауларын: кап шамшаты, күміс ағаш, кап орхидеясы




Аустралия

Материктің зерттелу тарихы: 1642 жылы Абель Тасман: Тасман аралын ашты. XVIII ғ. Джеймс Кук Жаңа Зеландия аралы мен Аустралияның шығыс жағалауын ашты. Н.Н. Миклухо-Маклай 1870 – 1887 жж: Тынық мұхиты аралдарын, Жаңа Гвинеяны (оның ішінде халқын), Аустралия жағалауларын зерттеді

Ауданы: 7,7 млн км2

Шеткі нүктелері: солтүстікте: Йорк мүйісі, оңтүстікте: Саут-Ист-Пойнт мүйісі, батыста – Стип-Пойнт мүйісі, шығыста: Байрон мүйісі

Солтүстігіндегі аралдар: Жаңа Гвинея, Сулевеси

Оңтүстігіндегі арал: Тасман

Материк пен Жаңа Гвения аралының арасындағы бұғаз: Торрес

Материк пен Тасман аралының арасындағы бұғаз: Басс

Түбектері:Арнемленд, Кейп Йорк.

Шығанақтары: Карпентария, Үлкен Аустралия

Жер шарындағы ең ірі маржандық құрылым: Үлкен Тосқауыл рифі

Ең биік жері – Косцюшка шыңы 2228 м (Үлкен Суайрық жотасы)

Ең төмен жері – Эйр көлі -16 м

Ең төмеңгі температура - 20֯С Аустралия Альпісі,

Ең жоғарғы температура +52,8֯С Дарлинг өзені бойы

Ең жауын-шашын көп жері Үлкен Суайрық жотасы

Ірі өзендері: Муррей (Дарлингпен 2570 км)

Аустралиядағы кеуіп қалатын арналар: криктер (ең үлкені Куперс-Крик)

Ірі шөлдері: Үлкен құмды шөл, Виктория



1841 жылы саяхатшы Джон Эйр оңтүстік жағалау шөлді Наллабор (лат.ағашсыз) деп атады.

Аустралияда 33 артезиан алабы бар.

Дүние жүзіндегі ең үлкені: Үлкен Артезиан алабы

Австралияның өлі жүрегі: Эйр көлі

Шаңды дауылдармен құйындар: Вилли-вилли

Аустралия шөлдерінің Африка шөлдерінен айырмашылығы: Шұраттардың болмауы

Ірі сарқырамалары: Сатерленд 580 м, Уолломомби 519 м



Австралия: ең аласа, ең құрғақ, бірде-бір жанартауы жоқ, ауданы ең кіші материк

Материктің климаттық белдеулері 3:Субэкваторлық, Тропиктік, Субтропиктік. Тек Тасман аралының оңтүстігі Қоңыржай бедеуге жатады

Аустралияда жыртқыштардың болмауына байланысты, көбейіп кетіп, адам бақылауынан шығып, жайылымдар мен егістіктіктерді отап тоздырған жануар: Үй қояндары

Ал иттердің тез өскені соншалық жабайыланып, қой шаруашылығын шығынға ұшыратып Жабайы Дингоға айналған

Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында Эму түйеқұсы мен Кенгуру,

Ал Күміс ақшаларында Ехидна, Үйректұмсық, Лирақұйрық бейнеленген



Аустралияның табиғат зонасы


Табиғат зона

Аумағы

Жануарлар мен өсімдіктер

Тропиктік шөл және шөлейт

Материктің батысы мен орталығын қамтиды

Астық тұқымдас өсімдіктер: Флиндерс, Митчелл. Қалың ну бұталар: Скрэб. Солт.шығысында: Бөтелке ағашы. Наллаборда “Көгілдір бұталар” деп аталатын ылғал жинайтын: Суккулентті өсімдіктер. Термиттерге төзімді: Маргината эвкалипттері.

Кенгуру, Жабайы ит Динго, Эму түйеқұсы

Саванналар мен сирек ормандар

Материктің солтүстік және шығысын қамтиды

Эвкалипт ағаштары, Акациялар,

Ехидна, үйректұмсық

Ормандар Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейін алып жатыр.

Ылғалды субтропиктік ормандар

Ормандардан оңтүстікке қарай қамтиды, және Тасман аралы

Биіктігі 100-ге жететін Миндалды және Карри эвкалиптері. Антарктида материгімен бірге болған кезде сақталып қалған өсімдік: Шамшат, Каллитристер. Жалқау қалталы аю: Коала. Биіктігі 1,8 м-ге ұшатын құс: Казуар. Тасман аралының жыртқышы: Тасман қалталы құбыжығы және Киви

Мұхит аралдары төрт тарихи аймаққа бөлінеді: Меланезия (қара аралдар), Микронезия(ұсақ аралдар), Полинезия(көп аралдар), Жаңа Зеландия

Жанартаулық аралдары: Гавай (Мауно Лоа 4170 м), Жаңа Зеландия (Руапеху 2796 м)

Жаңа Гвения аралының байырғы тұрғыны: Папуастар

Жаңа Зеландия аралының байырғы тұрғыны: Маорилер

Аустралияның байырғы тұрғыны: Аборигендер

Аустралияның ұлттық парктері: Улуру, Үлкен Тосқауыл рифі, Какаду



Антарктида

Ауданы: 14 млн км2

Ең биік жері – Винсон массиві 5140 м,

ең төмен жері – Бентли ойысы -2555 м

Ең төмеңгі температура – 89,2֯С Восток станциясы

Мұзының орташа қалыңдығы – 1720 м (ең қалың жері Шмидт жазығы 4300м) Орташа биіктігі бойынша ең биік материк – 2040 м

Ең биік сөнбеген жанартауы Эребус (3794 м) (Росс теңізі)

Теңіздері: Росс, Амудсен, Беллинсгаузен, Уэдделл

Дүние жүзіндегі ең мөлдір теңіз: Уэдделл



Антарктидада: құстардың 13 түрі, итбалықтардың 5 түрі, көк киттер, кашалоттар мен касаткалар, пингвиндердің 17 түрі (Ең кішкентайы Адели , Бір метр: император), өсімдіктерден мүк пен қына өседі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет