Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі



Pdf көрінісі
бет24/166
Дата23.12.2022
өлшемі3,3 Mb.
#164164
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   166
Байланысты:
thesis147359

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі: 
 
1. Назарбаев Н.Ә. Менің досым Олжас туралы сөз //Егемен Қазақстан. – 2006. – 17-мамыр. 
2. Обсуждение книги О. Сулейменова. //Вопросы истории. – М. – 1976. №9. – С. 147-154. 
3. Бофф. Дж. История Советского Союза. – М., 1990. Ч. 2. – 540 с. 
4. Сулейменов О. Аз и Я. – Алматы., 1975. – 272 с. 
5. Сулейменов О. От января до апреля. – Алматы., 1989. –267 с. 
6. Сулейменов О. Язык письма. – Алматы-Рим., 1998. – 33 с. 
ХАЛИФА АЛТАЙ-ТАРИХШЫ, ЭТНОГРАФ 
 
Дүкенбаева З.О., т.ғ.д., профессор 
Алиакбарова А.П., 3-курс докторанты
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
 
Халифа Алтай Ғақыпұлы елімізге ғана танымал емес, сонымен қатар түркі жұртына 
танымал тұлға екені белгілі. Халифа Алтай есімімен, қасиетті «Құран» кітабын қазақ тіліне 
аударған аудармашы ретінде танылуы, ел арасында қатар жүретін ұғым болып қалыптасты. 
Бірақ та, Халифа Алтайдың өмірбаянын қарастырғанда ғалымның әуелі тарихшы, этнограф, 
кейін дін саласындағы аудармашылық, діни-ағартушылық қызметтеріне атсалысқанын 
байқап отырмыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында 
айтқандай «Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие 
болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының 
есімдерін мақтан тұтады» [1]
 
Сондай тұлғаларымыздың бірі және бірегейі –Халифа Алтай 
Ғақыпұлы. Мақаламызда Халифа Алтайдың тарихшы, этнограф, ақындық қабілеттеріне 
кеңінен тоқталсақ деп отырмыз.
Халифа Алтайдың ең алғашқы кітабы 1977 жылы «Kazak türklerıne aıd şecere» (Istanbul, 
1977) «Қазақ түріктері жайлы шежіре» түрік тілінде жарыққа шықты. Бұл кітапта қазақтардың 


29 
шежіресі баяндалады.1980 жылы «Estelikterım» бұл еңбегінде өлең жолдары арқылы шежіреге 
тоқталып, негізінен басынан өткізген бірінші көш тарихы туралы жазылған. «..бұл тарихи өмір 
шындығын дастан етіп жырлауды, келешек ұрпаққа қалдыруды қасиетті бір азамат борышы, 
елеулі бір күрделі міндет деп бағалағандығым үшін осы (Естеліктерімді) жазып шықтым. Бұл 
дастанның әдеби көркемдігі оншалық қызықтырмаса да болмыстардың шиелене елестетілген 
мәні, маңызы жағынан дерліктей көңіл аударып, тамсандыра таңырқатумен қатар, кей жерде 
қынжылта күрсіндіріп, кей жерде көңіл босатып, көзге жас келтірмей қоймайды. Өйткені, бұл 
бір жай ғана роман немесе қарапайым бір ертегі емес. Нағыз аянышты бір өмір шындығы 
ғой»[2,5б].
«Бұл жерде кейбір өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешіліктерін ескерте кеткім келеді. 
Бұл оқиғаны жеткілікті айта алмаған болуым мүмкін, бірақ асыра айтқан жерім жоқ десем 
артық болмас; сөзді ұзатпай, мейлінше қысқарта сұрыптай отырып нақтай көрсете баяндау 
жолын ұнаттым; болған жағдайлардың, қолдан келгенінше, мүмкіндігі болғанынша айға күнін 
көрсетумен қатар, жер аттары мен кісі аттарын көрсете дәлелдей отыруға тырыстым; 
өлеңдердің қисындары (тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, айналасы теп-тегіс жұмыр келмесе 
де) сөз арасын бөтен сөзбен былғамауға қайрат еттім; көштің немесе көшкен елдің жол-
жөнекей бастарынан кешірген ауыр-жеңіл жағдайларын жалпы түрде тобыменен сомдай 
ортаға қоя отырып, жеріне және сөздің ыңғайына қарай, әсіресе, өз басымнан яки үй-ішімнің 
басынан кешкен ауыр өмір соққыларынан мысалдар бере отыруды тура көрдім, көш не 
көшкен ел жайында, көбінесе өзім ішінде болып, көзіммен көрген кісілерден сұрастырып, 
дұрысын жазуға көңіл бөлдім. Алайда кейбір ағат кеткен жері немесе кемшілігі жоқ деу 
қиынырақ».
Бұл еңбектің ең басты құндылығы Халифа Алтайдың оқиғаның ішінде өзінің қатысып, 
оны нақты уақытын көрсетуімен, болған оқиғаларды баяндауында. Мысалы: 
Жұт болды Өралтайда бір жылдары, 
Қырылды мейлінше елдің баққан малы, 
Малынан айырылған ел кедейленіп, 
Күйзеу тартты ауырлап жағдайлары. 
Алтайдан көшіп шықтық дәм жазған соң, 
Баркөлге жетіп келдік біраздан соң. 
Бір мыңды тоғыз жүз отыз төрттің, 
Күзі болған кез еді бір жаздан соң. 
Тағы да: 
Біреуді безгек тұтып селкілдетіп
Жынданды кейбіреулер есі кетіп. 
Бірі құсып, біреудің іші жүріп,
Сарғайып, көзі-басы ісіп кетіп.-деп көштің оба ауруына шалдыққандарын айтып өтеді.
1981 жылы «Anayurttan Anadoluya» атты кітабының бірінші бөлімінде қазақтың әдет-
ғұрыптары, ал екінші бөлімінде көш тарихы жазылған. Аталған кітаптың екінші бөлімі 
қазақшаға алғашқы рет Зұфар Сейтжан аударып, 1995 жылы баспадан шықты. Кейін
«Алтайдан ауған ел» атауымен толықтырылып, оқырман сұрасына байланысты бірнеше рет 
баспадан басылып шықты.
Халқымыздың тарихында қилы-қилы замандар өтті. Соның бірі – ХХ ғасырдың 40-
жылдары Қытайдағы қазақтардың жер-суын тастап, белгісіз бағытқа үдере көшуі болды. Осы 
қатерлі де азапты көш туралы бүгінде бірнеше кітап жазылды. Осы сыр-шежірелердің ішінде
шоқтығы биік көрінетіні-Халифа Алтайдың «Алтайдан ауған елі». «Алтайдан ауған ел»-
мыңдаған бауырларымыздың басынан өткен қиын күндердің қаламмен емес, қанмен жазылған 
шежіресі[3,4б]. Шежірелер әуелден тарихи дерек болу мақсатында емес, асыл бабалардың 
өмір тәжірибесін ұрпаққа жеткізу үшін жасалған. Шежірелер осындай тәжірибе
сабақтастығымен, жазба дәстүрі әлі қалыптаспаған тарихи ескі заманнан дамыды. [4,4б]. 


30 
«Anayurttan Anadoluya» атты еңбегінде қазақтың қысқаша шежіресіне тоқталып, қазақ 
жүздері, оған кіретін негізгі руларға тоқталып, ру таңбаларында көрсетеді. 
Бұл еңбектің біз бірінші бөліміндегі келтірілген мәліметтерге тоқталып өтсек. Аталған
бөлімде қазақтың әдет-ғұрпы, малшылық, аңшылық, тіпті ауру түрлері және оны емдеу 
жолдары, қазақ ауылы, киіз үйі, тұрмыс-салты, бала тәрбиесі, билер басқосуы, жыл мезгілдері
туралы жазады. Оны автор Түркияда тұратын ұрпақ өзінің ұлттық болмысын, менталитетін 
жоғалтпасын деп, мәліметтерді қағаз бетіне түсіріп, шетте жүрген ағайынға мұра етіп 
қалдыруды мақсат етті. Қазақтың рухани құндылықтарын түгендеуді, қолға алған Халифа 
Алтайдың қозғамаған тақырыбы жоқ. Күнтізбе, жұлдызнама, қолөнер, ұлттық киім, малдың 
ені, сүттен жасалатын тағамдар, бәрін жік-жігімен тарқатып баяндайды. Бұл тақырыптарды 
ешқандай кітапхана, мұрағат ақтарып жатпай-ақ, өз өміріндегі көрген-түйгендерінен, өзі 
туып-өскен елдің, жердің шынайы тыныс-тіршілігінен алып жазған. Жүрген, тұрған жерінің 
бәрін қағазға түртіп отыратын болған. Өз мұрасына өте ұқыпты болған [5].
«Халифа Алтайдың білімдарлығы мен зиялылығы мені әрдайым таң қалдыратын. 
Қазақтардың Алтай бөктерінен Тибет және Үндістан арқылы босып қашуы туралы зарлы, 
тарихи оқиғаларды сезімге толы да мәнді баяндай алатын Халифе Алтай Түркия қазақтарының 
жалғыз бір жарық жұлдызы еді. Ғұлама ғалымның Түркия қазақтарының ішінен бірінші болып 
Қытайға жасаған сапары жайындағы баяндамасы мен үшін аса қымбат еді. Бұл баяндамалар 
менің қазақ тілі қазақ тілі фонологиясына арналған зерттеуім үшін ғана маңызды емес еді; 
ғалым осы туындысы арқылы қазақ халқының мәдениеті мен тағдыры жайлы деректердің 
бетін ашып көрсетті. Ол түрік тіліндегі алғаш оқыған кітаптарымның біреуіне айналды. 
Халифе Алтайдың «Анаюрттан Анадолыға» атты ауқымды естеліктер жинағы қазақ халқы 
мәдениетінің энциклопедиясы» десем артық емес»-дейді профессор Марк Кирхнер[6,16 б].
 
Тоғыз айдай көтеріп, 
Анам мені тапқан жер. 
Жөргегімді жөткеріп, 
Маймен сылап баққан жер. 
Бесігімді өңгеріп, 
Анам атқа алған жер. 
Іңгәләсәм жөн көріп, 
Аузыма мама салған жер. 
Кіндік қаным төгілген, 
Алғаш көзім ашқан жер. 
Сүйгенмін сені сол күннен, 
Қаз тұрып аяқ басқан жер. 
Кебежеге мен түсіп, 
Қызығына тоймаған. 
Ірімшік жеп, сүт ішіп, 
Болмаған күй, ойда қам. –бұл өлең жолдары «Алтайдағы балалық» атпен 1982 жылы 
Стамбул қаласында «Шалғын» журналында жарыққа шықты[7,1].Өлең 23 шумақтан тұрады. 
Туған жерін, балалық шағын жүйелі баяндай отырып, сағынышын өлең арқылы жеткізе білген.
Халифа Алтай Түркия қазақтары ішінде көптеген тұңғыштықтардың иесі. Мәселен 
оның 1980 жылы жарық көрген «Естеліктерім» атты еңбегі-қазақ тілінде баспадан жарық 
көрген тұңғыш еңбек; Құранның қазақ тіліндедегі мағыналық аудармасын беріп баспадан 
шығарған алғашқы ғұлама; Түркиялық қазақтар ішінде өмірі мен шығармашылығы ғылыми 
зерттеуге тақырып болған алғашқы тұлға; «Атажұрттан Анатолияға» деген еңбегімен, Түркия
Мәдениет Министрлігінде еңбегі шыққан алғашқы Түркиялық қазақ жазушы; 1994 жылы 
Қазақстан жазушылар одағының «Алаш» сыйлығын алып, Қазақстаннан алғашқы жүлдені 
иемденген Түркиялық қазақ; Түркиядан Қазақстанға көшіп барып сонда орналасқан алғашқы 
қазақ атанды. Халифа Алтай қазақ халқының мәдени және рухани өмірінде өшпес із 
қалдырды[8,59 б.].


31 
«Тұлға- ол қандай қасиеттерімен елден ерек, жұрттан бөлек болуы керек? Тұлға-
интеллект, ақыл, парасат иесі. Ол өткірлігімен, тапқырлығымен, көрегендігімен, қажымас 
күш-қуатымен, ақыл-парасатымен, басқаша айтқанда, көсемдігімен, шешендігімен
әділдігімен, өз мүддесін ұштастыруымен, ұлтжандылығымен ерекшеленген жан. Халық 
басына күн түсіп, қиын-қыстау замана туғанда ғана тұлға өзінің өзгеден ерек ірі ісімен, 
пәрменді күшімен, құдіретті көріп келдігімен танылады. Ендеше, тұлға- табиғат сыйы, табиғи 
ортаның туы. Мұндай тұлғалар тарихта күнде тумайды, табиғат адам баласына оны анда-санда 
сыйлайды» [9,7].
Халифа Алтай халқымыз үшін аса қадірлі тұлға. Мақаламызда Халифа Алтайдың 
тарихшы, этнограф, ақындық қабілеттерін ашуға тырыстық. Аталып өткен еңбектердің 
ұрпаққа берешегі мол. Ұрпақ үшін асыл мұра деп білеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет