Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


жасампаз тарихымен өте тығыз  астасып жатқаны тарихи шындық. Ұлттық тарихты



Pdf көрінісі
бет99/166
Дата23.12.2022
өлшемі3,3 Mb.
#164164
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   166
Байланысты:
thesis147359

 
жасампаз тарихымен өте тығыз 
астасып жатқаны тарихи шындық. Ұлттық тарихты
 
дәйекті нақыштаудың жолына түстік. 
Тарихымызда ойып тұрып орын алған Тұлғалардың тарихын тереңнен зерделеуге кірістік... 
Осы тұрғыда, өткен 18 ғасырдағы Қазақ хандығының дәуірін, Абылай заманын алайық. Бұл 
қазақ басына, бейнелеп айтқанда, тарихтың қара бұлты үйірілген зар заман болды. Мұны қазақ 
тарихында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп бекер айтпаған. Бұл ғасыр сонымен 
қатар қазақ батырлығын Еуразиялық кеңістікке паш еткен ғасыр болып та тарихымызға енді.
Енді сол заманды көз алдымызға бір сәтке елестетейік. Бұл заман қазақ жерінің төрт 
бұрышынан, ата жауымыз жоңғардан басқа, батыстан орыс, шығыстан қытай империялары 
және тура бүйірден Бұхар және Қоқан хандықтарының қыспаққа алған тар кезең болды. Міне, 
осындай тар кезең қазақ тарихы сахнасына Абылайдай кемеңгер ханды, сұңғыла саясаткерді, 
Қанжығалы Бөгенбайдай даңқты әскери қолбасшыны алып шықты.
Қазақты, жалпы мұндай алапат қырғыннан оның бірлігі мен тұтастығы аман сақтап 
қалғаны туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында: 
«Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленеді. 
Батырларымен тізе қосып, қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың 
ұйытқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің 
бір алтын діңгегіне айналды», - деп әділ бағасын береді.
Міне, сол замандағы алтын діңгектің зор әлеуетін Қанжығалы Бөгенбайдай батыр 
бабаларымыз түзгенін замана тілімен Бұқар жырау бас болған ақын-жыраулары мен 
жыршылары, ата тарихқа қанық ұрпақтары және мұрағат құжаттары жеткізді. Сондықтан, 
Қанжығалы Бөгенбай батырдың қазақ мемлекеттілігі мен халқының алдындағы тарихи ролі 
мен қызметіне ғылыми тұрғыда баға беруді қайта зерделеу маңызды іс-шара. 
Қазір ұлттық құндылықтарды жаңа тарихи-қоғамдық формация тұрғысынан қайта 
қарап, бағалау үдерістері жүріп жатыр. Бұл арада Қанжығалы Бөгенбай батырдың өмірі мен 
қызметі жайында белгілі әуесқой ізденімпаздар мен кәсіби тарихшыларымыздың ғылыми-
зерттеу еңбектері жарық көргеніне тоқтала кеткен дұрыс болар...
Қаншама арнаулы кітаптар жарық көрді. Батыр бабымыз туралы тұрақты тарихи 
көзқарас қалыптасты. Алайда, Ұлттық тарих контексінде әр ғасыр мен нақтылы тарихи 
үдерістер арнасындағы батырлардың тарихи орны толықтай анық емес. Әлі де ғылыми 
тұрғыдағы ізденістер қажет. Тіпті халықтық шығармашылықта ойып тұрып орын алған хас 
батырлардың тарихилығына күмән келтірушілер де бар. Бұл олқылықты шүбәсіз тарихи 
фактілермен анықтаған жөн болады. Әдеби дәйектер мен тарихи деректерді салғастыра 
қарастырсақ, көп дүние күмәні біржолата сейіледі. Болмаған тарих деген ұғымдардан толық 
арыламыз.
Қазақта «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» 
деген даналық сөз бар. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан 1913 жылы жарық көрген «Қазақ» 
газетінің алғашқы бірнеше номерінде «Қазақ тарихы» атты мақалалар топтамасын 
жариялапты. Сонда, Әлихан Бөкейхан: 
«Қазақ халқының тарихы болмады деген сөз, Қазақ 
мемлекетінің тарихы жоқ дегенді білдіреді»,
- деп жазады. 
Батырлары ең қадірлі заман деп ұлт тарихын тереңінен қарастырған заңғар жазушымыз 
Мұхтар Әуезов тектен-тек айтпаған болар. Қадірлі қылған замана тынысы, соның салқын лебі 
– қазақ-жоңғар арасындағы соғыс жағдайы болды. 
Қазақтардың жоңғар басқыншыларына қарсы күресі негізінен үш кезенге бөлінеді. 
Біріншісі – Жоңғар мемлекетінің құрылуы, 1643 жылғы Жәңгір салқамның Ор шайқасындағы 
тарихи жеңісі, осы кезенге - 1680 жылдарға дейінгі қазақтардың жоңғарларға қарсы шайқасы 
мен шегіну жылдары жатады
Екінші кезенге – Әз Тәукенің (1680-1715) қазақтар үшін «алтын ғасыры». 1723 жылғы 
«Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» дәуірі. Қазақтардың бірігуі мен 1740 жылдарға 
дейінгі ірі шайқастар тарихы енеді.


203 
Үшінші кезең – 1740 жылдан бастап, 1757 жылға дейінгі уақыт аралығы. Бұл кезенге 
Абылай хан бастаған қазақ елінің саяси бірігуінің күшейіп, жоңғарларға қарсы күрестің
өрістей түскен мезгілі. Жоңғар мемлекеттінің тарих сахынасынан жоғалу жылдары кіреді. 
Көріп отырғанымыздай жоңғарларға қарсы соғыс қимылдары жүз жылдан артық уақыт 
аралығын қамтығандығын байқауымызға болады. Қазақ халқының басына түскен осы саяси 
ахуал үш жүздің басын біріктіріп, қазақ тарихындағы ең әйгілі мемлекет қайраткеерлерін
ақын жырау данагөй билерді, нар тұлғалы батыр бабаларды, ұлы қолбасшыларды дүниеге 
әкелді. Тәуке, Абылай сынды ел иесі хандар; Бұхар, Үмбетай, Қазыбектей жырау, билер; 
Батыр бабалар: Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шақшақұлы Жәнібек, Көкжарлы 
Көкжал Барақ, Шаңышқылы Бердіқожа және т.б. Бұл батырлардың әрқайсысы бір бір заңғар 
биік, қазақ халқының қасіретінен айықтырып, болашағына жол ашқан халқымыздың 
маңдайына біткен атпал азаматтары болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет