42
Шың Шыцайдың 1933-1944 жылдардың аралығында Шыңжаңда билік құруы
аймақтағы саяси жағдайдың ушығуына әкелді. Оның аймақта билік еткен уақытында
жергілікті тұрғындардың ұзаққа созылған азаттық қозғалысы өрістеді. Сонымен қатар елдің
өмірінде әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістер орын алды
6
. Бұл жайлы Хасан
Оралтай былай еске алады: «Шың Шыцай Сталиндік үлгі кеңес бойынша зомбылығын барған
сайын үдете берді... әкем Қалибек те екі рет Үрімжіге әкетілді. Бір ретінде 18 ай хабар-ошарсыз
кетіп, әйтеуір аман қайтты»
5, 13 б.
.
Шыңның басқару кезінде Шыңжаңда 70 мыңнан астам адам өлтіріліп, 100 мыңнан
астам адам қамалды. Оның билік құрған жылдарының соңында жазалау әрекеттерінің ауқымы
ұлғайды. Қамауға алынғандарға қарсы азаптаудың 100 астам түрлері қолданылды. Шың
Шыцайдың осындай әрекеттер арқылы жергілікті тұрғындардың наразылығын басу үміті еш
нәтиже бермеді. 1943 жылдан бастап Алтай өңірінде Оспан бастаған қазақтардың көтерілісі
үлкен күшке ие бола бастады
7, 130-131 бб.
.
Тіпті 1944 жылы Шың Шыцайдың биліктен кетуі аймақтағы жағдайдың оңалуына
әкелмеді Қытай Республикасының аймаққа тағайындаған басшылары басқаруда өз біліктілігін
көрсете алмады. Олардың сол кезде жүргізген саясаты жергілікті
халықтың наразылығын
арттырумен ғана болды. Сонымен қатар Кеңес Одағының аймақтағы көздеген өз мүдде-
мақсаттары айқын көріне бастады
7, 138 б.
.
Шығыс Түркістанның азаттығы үшін күресте Оспан батырмен бірге Қалибектің бірге
әрекет етуі бала Хасанның тұлғалық қалыптасуында өзіндік із қалдырғаны анық. Сол кездегі
күрделі саяси ахуалға байланысты қазақтардың жағдайы қиындай түсті. Өмірінің он екі
жасынан бастап, үлкен арпалыс – өмір мен өлім арасындағы күрес жолына түскен тұлға бұл
жайында: «1945 жылдың көктемінен кейінгі өмір «Әне жау келіп қалды!» деген ылғи үрку-
қашумен басталып... жанбағу үшін мүлдем жаңа өмір-салтына орай арпалысқан қазақтарды
бастаған Қалибек Хакімнің ұлы ретінде мен талайды көрдім. Көп кеңестер естідім...»
5, 4 б.
.
Шығыс Түркістандағы күрделі саяси ахуалға байланысты қазақтар шетел асуға мәжбүр
болды
8
. Сонау Алтайдан шығып, Такла-Макан, Тибет, Кашмир, Үндістан арқылы Түркияға
жеткен қазақ көші жайлы бүгінгі таңда көптеген еңбектер жазылды. Солардың бәрінде көш
кезіндегі қазақтардың басынан өткізген ауыртпалықтары мен оларды жеңудегі табандылығы
жайлы баяндалған. Қазақ көшіне байланысты сол көштің ішінде болған Халифа Алтай
9
,
Дәлелхан Жаналтай
10
, Хасан Оралтай
5
сынды тұлғалардың еңбектерін атауға болады.
Көп кедергілерді жеңе отырып, қазақ көші Түркия жерінде тыныштық тауып, еркін әрі
тыныш өмір сүру мүмкіндігіне ие болды. Түркияда орналасқаннан бастап Хасан
Қалибекұлының зерттеушілік қызметінің қалыптаса бастағанын байқауға болады.
Хасан Оралтай түрік тілшісі Өздемір Аталанмен бірге Шығыс Түркістанда және шетел
асу кезінде қазақтардың көрген қиындықтары туралы баяндалған «Himalaya destanı (Гималай
дастаны)» тақырыбында мақалалар тізбегін «Ege Ekspress» газетінде жариялады.
Аталған
мақалалар жинағы кейін жеке кітап болып шыққан
11
. Хасан Оралтайдың айтуынша, өзінің
тұңғыш мақаласы болып табылатын бұл тізбекті мақалаларды жазу кезінде әкесінің «Хасан
Хакім» фамилиясымен жазған
5, 173 б.
. Бұдан кейінгі кездерде Хасан Оралтай тұрақты түрде
әртүрлі газет-журналдарда мақалалар жариялап тұрады.
Измир қаласында 1961 жылы түрік тілінде «Kazak Türkleri: hürriyet uğrunda Doğu
Türkistan (Қазақ түркілері: Шығыс Түркістан бостандығы үшін)» тақырыбында Хасан
Оралтайдың кітабы жарық көреді
12
. Кітапта Үлкен Түркістан жерін жайлаған түркі
халықтарының Ресей мен Қытай коммунистерінің қоластындағы жағдайы жазылған. Сондай-
ақ, автор бұл кітабында Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстар мен ондағы
қазақтардың орны жайлы баяндайды. 1976 жылы Ыстамбұл қаласында толықтырылып
өңделген бұл кітаптың екінші басылымы шығады.
Туған жерінен жырақта жүрсе де Хасан Оралтай қазақтың өткен тарихына, әдебиеті
мен өнеріне үлкен қызығушылық танытып отырды. Сондай-ақ осы бағытта жазылған өзінің
43
әртүрлі еңбектері арқылы қазақ халқын Түркия жұртшылығына таныстырып отырды. 1962
жылдан бастап Измирде Хасан Оралтай «Ұлы Түрікелі» атты журнал шығарып тұрды. Журнал
бетінде қазақтарға қатысты деректермен қатар, жалпы түріктік мәліметтер де жарияланып
тұрды.
1965 жылы түрік тілінде «Ұлы түркішіл Мағжан Жұмабайұлы» кітапшасы жарық көрді
13
. Бұл кітаптың бірінші бөлімі әлемдегі түркі тектес халықтардың, оның ішінде қазақтардың
жағдайы һәм күллі түркі халықтарының
бауырластығы туралы болса, ал екінші бөлімінде
қазақтың ұлы перзенті – Мағжан Жұмабайұлы жайлы жазылған. Сонымен қатар, бұл кітапта
қазақ тілінде және түрік тіліне аударылған Мағжанның өлеңдері келтірілген. Ақынның
өлеңдерін қазақшадан түркішеге аудару арқылы Хасан Қалибекұлы Түркия халқын Мағжан
шығармашылығымен және оның ой-пікірлерімен таныстырды.
«Коммунизммен шайқас» журналының 1965 жылғы №2 санында Х. Оралтайдың
«Тұтқын халықтардың апталығы» тақырыбында мақаласы шықты
14
. Есік қорғанынан
Алтын адамның табылуына байланысты 1971 жылы Х. Оралтайдың «Алтын киімді адам»
мақаласы жарық көреді
15
.
1973 жылы Ыстамбұл қаласында «Алаш. Түркістан түркілерінің ұлттық тәуелсіздік
ұраны» тақырыбында
16
. Кітапта қазақ халқының ғасырларға созылған ұлт-азаттық
қозғалысына шолу жасалынған. Бұл Алаш партиясы мен үкіметі,
қазақ зиялылары, қазақ
мерзімді басылымдары жайлы коммунистік идеология шеңберінен тыс, мейлінше шындыққа
жақын жазылған алғашқы еңбектердің бірі болып есептеледі. Себебі бұл кезде Қазақстанда
Алаш жайлы нақты еңбектер жазылмайтын, ал жазылғандары Алашты қаралаумен ғана болды.
Хасан Оралтай өзінің «Алаш» кітабы жайлы: «...Біз біршама жұмыс атқардық. Біз осы кітапты
және мұнда көрсетілген дереккөздерді жетілдіруді, сондай-ақ осы мақсатта үшін жұмыс
істейтін болашақ мамандардың үмітін көргіміз келеді», - деген
16, 10 б.
.
Ғалымның «Шығыс Түркістан тарихындағы кейбір мәселелер және жауаптар» кітабы
да зерттеуші тарапынан үлкен қызығушылық туғызары анық. Бұл еңбекте Шығыс
Түркістандағы ұлт-азаттық көтеріліс және қазақтар жайлы біршама деректер келтірілген
17
.
1968 жылдан бастап Хасан Оралтай «Азаттық» радиосындағы қызметін бастады.
Радионың Хасан Оралтайға берген үлкен мүмкіндігі – ол шетте жүрсе де қазақтың мұң-
мұқтажын радио эфирі арқылы әлем қазақтары мен әлемдік қауымдастыққа тарату мүмкіндігін
жасады. Хасан Оралтай радионың қазақ бөлімінде қызмет еткен жылдары қазаққа қатысты
әртүрлі тақырыпта мақалалар әзірлеп, оны радио эфирінде өз дауысымен дыбыстап отырды.
Хасан Оралтайдың «Азаттық» радиосында қызмет еткен
жылдары әріптесі Чарльз
Карлсонмен бірігіп ағылшын тіліндегі беделді Central Asian Survey ғылыми журналында
«Күлтегін: болашаққа қатысты кеңестер?» тақырыбында мақаласын шығарады
18
.
1983 жылы шыққан бұл мақалада әйгілі Түрік қағанатының қолбасшысы Күлтегін және оған
арналған ескерткіш-таста жазылған түркі халқының бостандығына қатысты өзекті деректер
жайлы жазылған. Авторлар Күлтегін ескерткішінде жазылған сөздердің қазіргі түркі
халықтарының басындағы өзекті мәселелермен салыстырып, мұны қолбасшының ұрпағының
болашағына арнаған кеңестері ретінде бағалайды. Аталған мақала КСРО құрамындағы
Қазақстанның Ресейге «өз еркімен қосылуының» 250 жылдығына байланысты еліміздің
мерзімді басылымдарында позитивті қырынан жазылған мақалаларға жауап ретінде жазылған
сыңай танытады.
1984 жылы Ыстамбұл қаласында қазақ-түрік сөздігі болып табылатын «Kazak türkçesi
sözlüğü» кітабы шығады
19
. Кітаптың негізгі авторларының бірі Хасан Оралтай болды. Бұл
сөздікте қазақ сөздері латын жазуымен жазылып, оларға түрік тілінде түсіндірме аудармасы
беріліп отырған. Соған қарағанда, бұл еңбек авторларының түпкі мақсаты қазақ тілін терең
меңгергісі келетін және қазақ тарихы мен тіл ғылымына қызығушылығы бар адамдарға
арналған.
44
1984 жылы Х. Оралтайдың «Шығыс Түркістанға саяхат» атты мақаласы жарық көреді
20
. Онда автор 1984 жылдың жазында Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиясының тілдер
институтының шақыртуымен Шығыс Түркістанға барып келгендігі жөнінде жазылған. Автор
1949 жылдан бері бұл жақта болмаған еді. Сол кезден бері орын алған өзгерістер мен өлкенің
тіршілігі жайлы деректер келтірілген.
1985 жылы ғалымның Central Asian Survey журналында «Түркістандағы Алаш
қозғалысы» тақырыбындағы кезекті мақаласы шығады
21
. Мақалада автор «алаш»
түсінігінің шығу тарихы мен аңыздар және Алаш қозғалысы мен оның өкілдері жайлы
баяндайды.
Хасан Оралтайдың азаттық жолындағы қызметін зерттеуде оның «Елім-айлап өткен
өмір» естелік-кітабының алатын орны ерекше екендігін айтпасқа болмайды
5
. Аталған еңбек
– ғалымның «естігендері мен көргендерінің және істегендерінің есте қалған жиынтығы»
болып
табылады
5, 4 б.
. Еңбек халқымыздың басынан өткерген түрлі оқиғалардың
дереккөздерінің бірі болып табылатындығы айдан анық. Автордың бұл еңбегінің деректік әл-
ауқаты өте жоғары.
Сонымен қатар, Хасан Оралтай өзінің еңбектерін жазу кезінде лақап аттарды көп
пайдаланған. Хасан Оралтайды көзімен көріп, онымен пікірлескен азаматтардың біразы
«Қазақбаласы»
22
,
23
, «Тарбағатайлы»
24
,
25
, «Қырбаласы»
26
лақап аттарымен
шыққан еңбектер Хасан Қалибекұлына тиесілі.
Отандық тарих ғылымының құнды дереккөзі ретінде белгілі ғалым, тарихшы, ұлт-
азаттық қозғалыс тарихын зерттеуші, публицист, халықаралық «Алаш»
сыйлығының
лауреаты Хасан Оралтайдың бай ғылыми мұрасын зерттеу өз өзектілігін жоймай келеді. Тіпті,
керісінше бұл бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі жыл өткен сайын артып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: