Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі



Pdf көрінісі
бет71/166
Дата20.09.2023
өлшемі3,3 Mb.
#181772
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   166
Байланысты:
thesis147359

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі: 
 
1. Mende G.v. Der nationale Kampf der Russlandturken. – Berlin: Weidmannsche Buchhandlung, 
1936. – 197 s. 
2. Benzing J. Berliner politische Veröffentlichungen der Türken aus der Sowjetunion // Die Welt des 
Islams. – 1936. – Bd.18. – S.122-131. 
3. Hostler Ch.W. Türken und Sowjets. Die historische Lage und die politische Bedeutung der Türken 
und der Türkvolker in der heutigen Welt. – Frankfurt a.M: Alfred Metzner Verlag, 1960. – 320 s. 
4. Landau J. M. Pan-Turkism. From Irredentism to Cooperation.– London: Hurst and Company, 1995. 
– 212 p.
5. Paksoy H.B. Basmachi Movement From Within: Account of Zeki Velidi Togan // Nationalities 
Papers. –1995. – Vol. 23. – No 2. – P. 373-399. 
6. Қыдыралиев Д. Мұстафа Шоқай. – Астана:Фолиант, 2007. ‒ 320 б. 
7. Есмағамбетов К. Әлем таныған тұлға. М.Шоқайдың дүниетанымы және қайраткерлік 
болмысы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. –.504 б. 
8. Politisches Archiv des Auswärtigen Amts (Berlin), R 901/61175, Bl.227. 
9. Archiwum Akt Nowych w Warszawie, W. 126/v, 1588 
10. Politisches Archiv des Auswärtigen Amts (Berlin), R 105177, Bd.12, 
11. Archiwum Akt Nowych w Warszawie, W. 10, 6692, S.89-99. 
12. Politisches Archiv des Auswärtigen Amts (Berlin), R11125- R11127: Bd.1-3.
13. Archiwum Akt Nowych w Warszawie, W. 10, 6690.
14. Archiwum Akt Nowych w Warszawie, W. 10, 6689, S.1-5. 
15. Politisches Archiv des Auswärtigen Amts (Berlin), R11071, Bd.7; R11072, Bd.8. 
16. Politisches Archiv des Auswärtigen Amts (Berlin), R 11125. 
17. Politisches Archiv des Auswärtigen Amts (Berlin), R 11073. 
ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ. 
Қасқабайұлы Ә., 4 курс студенті 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912–1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам 
қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, 
техника ғылымдарының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. 
Қазақстанның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері, ғалым, тау-кен инженері. 
Қазақстан Республикасының бірінші Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 
жылдың 12 қаңта- рында Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына 
қатысып, қайраткерге былай деп баға берді: «Қазақ елінің тағылымды тарихында заман жүгін 
арқалаған талай толағай тұлғалар болды. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері 
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев — сондай біртуар болмыс иесі... Дінмұхамед Ахметұлын үлкен 
ішкі мәдениеті, терең білімдарлығы мен мол өмірлік тәжірибесі ерекшелеп тұратын. Ол өзіне 
біздің халқымыздың, сол уақыттағы қазақ зиялыларының ең жақсы қасиеттерін сіңіре білді» 
[1; 1]. 


149 
Мемлекет басшысы Д.А.Қонаевтың Қазақстан мен қазақ халқы тарихындағы еңбегін 
жоғары бағалады. Елбасының осы сөздерінен Қазақстанның дамуына зор үлесін 
қосқан тұғырлы тұлғаға деген бүкілхалықтық шынайы құрмет, асылын ардақтай білетін елдік 
қасиет байқалды. Д.А.Қонаев қандай жағдайда да өз биігінен табыла білген, кейінгі ұрпақ 
қастерлеуге лайықты тұлға. 
Бүгінгі күнде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдық мерейтойын салтанатты 
түрде атап өте отырып, еліміз өткен ХХ ғасырдың 50–70-жылдардағы қазақстандық тұтас 
ұрпақтың еңбегіне лайықты бағасын беруде. Олардың еңбектегі табыстары мен экономиканың 
негізін қалауға қосқан үлестері тәуелсіз Қазақстанның келешек дамуының іргетасына 
айналды. Жаңа тәуелсіз елді құрушы қазақстандықтар аға ұрпақ пен сол кезеңдегі 
басшылардың еңбегін бағалайды. 
Қоңырат кенішінде Д.А.Қонаев өз маңына адамдарды топтастыра біліп, олардың күш-
жігер, қайраттарын арттырып, жұмысқа шыңдала кірісулеріне ықпал жасады. Сол кездегі 
жағдай адам төзгісіз еді: жазда — қайнаған қапырық болса, ал қыста — қақаған аязды 
борандар адамның үрейін алатын, азық-түлікпен қамтамасыз ету жағы да дұрыс жолға 
қойылмаған еді. Бітпейтін алысқа созылған ұшы-қиырсыз кең дала, жақын маңайдағы — 500 
шақырым жердегі тұрғылықты жерге дейін салынған жол да жоқ. Тек ұшақпен ғана жете 
аласың. Ал 30-жылдардың басында қанша ұшақ болды дейсіз? Соған қарамастан, 
еңбекшілердің қажырлы күш-қайратының нәтижесінде Қоңырат кеніші мен Балқаштағы мыс 
қорыту комбинатын тұрғызуға қатысты ұйымдастыру жұмыстары, белгіленген жоспардан 
асып, 150–200 пайызға орындалды. КСРО Жоғары Кеңесінің 1939 жылғы 26 наурыздағы 
Жарлығымен Д.А.Қонаев «Үздік еңбегі үшін» медалімен марапатталады. Бұл оның тұңғыш 
наградасы еді [2; 58]. 
Қазақстан Компартиясының басшысы Н.А.Скворцов 1939 жылы 9 қарашасында 
Д.А.Қонаевты Риддер кенішіне директорлыққа тағайындайды. Риддерге Д.А.Қонаев келген 
кезге дейін пайдалы руда қазбасын табу жоспары орындалмады, жердің бетін жоғары жақтан 
көлденеңінен қопару жұмыстары аяқталып, тұрақты жұмысқа кірісу ісі арманға айналғандай 
еді. Оның алдында тұрған негізгі міндет құрылып жатқан пайдалы қазбалармен қамтамасыз 
ететін фабриканы іске қосу жұмыстарын дайындау және осы кен ошағын пайдалы рудаларға 
толтыру керек болды. Ал пайдалы қазбалар өте аз табылатын. Риддердің жұмысын тоқтатып, 
оны жабудың сәті келгендей-ақ еді. Бұл кезең 1940 жылдарға тұспа-тұс келді. Еуропа 
мемлекеттері соғыс құшағына оранғандықтан, еліміз де қан майданға әзірленіп жатты. Тура 
осы жағдайда мыс, құрыш, қалайы немесе басқа түсті металдардың қаншалықты қажеттілік 
пен сұраныс тудырғандығын айтпаса да болады. Д.А.Қонаев осы өлкедегі жұмысы тоқтауға 
жақын қалған кен ошағына 1939 жылдың қараша айында келді. 
Д.А.Қонаевтың келуімен кен орындарындағы жұмыстардың бәрі өзгеріп, өндіріс 
жанданып, өнім өндірудің көлемі артты. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде де 
ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» 
комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш 
өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі — Ленингор кен басқармасының директоры 
қызметтерін атқарады. 
1942 жылдың сәуір айында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші 
хатшысы Н.А.Скворцов Лениногордан Д.А.Қонаевты Орталық Комитетінің қарамағына 
шақыртып алады да Қазақ КСР Халық комиссариаты төрағасының орынбасарлығына 
ұсынады. Осыдан бастап Одақтың қарамағындағы өнеркәсіп орындарының жұмысымен 
айналысатын болды. Д.А.Қонаевқа түсті металлургия кәсіпорындарының қызметін бақылап, 
көмектесу міндеті жүктелді. Сонымен қоса ол көмір және мұнай өнеркәсібін, электр желілері, 
темір жол тораптары, автокөліктер кәсіпорны мен қорғаныс зауыттарының қызметіне бас-көз 
болып, сан салалы жұмыстарды ерлікпен атқара білді. Сол кезде жасы небәрі 30-да ғана еді. 
Ұлы Отан соғысы жылдарының алғашқы кезеңінде, яғни 1941–1942 жылдары, неміс-
фашист басқыншылары КСРО-ның Мәскеуге дейінгі батыс аудандарын басып алған болатын. 


150 
Сондықтан Сталин басқарған Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Қазақстаннан вольфрам мен 
молибден концентратын күрт көбейтуді талап етті. Себебі танкілердің сауытының мықтылығы 
оның құрамындағы вольфрам мен молибденнің пайыздық мөлшерде жеткілікті болуына 
тікелей байланысты болатын. Сондықтан да Д.А.Қонаевқа Ақшатаудағы вольфрам 
комбинатының салынуын жеделдету міндеті тапсырылды. Сонан кейін Балқашқа барып, 
Қоңыраттың қалайы руда кендерінен алынатын молибден концентратының құрамын тексеріп 
жақсарту ісі тұрған еді. Бұл үшін ең алдымен кен көзінің бар-жоқтығын тексеруге барлау 
жасап, өндіріс орнын тұрғызу міндеті тұрды. 
«1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының тарихы» деп аталатын көп томдық 
кітаптан мынадай деректі оқыған кезде еріксіз елең етесіз: «Елде соғыс уақытында өндірілген 
әрбір 100 тонна молибденнің 60 тоннасын Балқаш даласының ерлері, Шығыс Қоңырат 
кеншілері беріп отырды». Соғыс кезінде жау шебін ойрандаған танктердің болат сауыты 
Балқаш пен Ақшатаудың вольфрамы мен молибденінен суарылған», — деп жазады ол өз 
кітабында [2; 101]. 
Жоғарыда айтылғандай, 1942–1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 
төрағасының орынбасары қызметін абыроймен атқарып шықты.1952–1955 жылдары 
Д.А.Қонаев Қазақ КСР-нің Ғылым академиясының президенті қызметін атқарды. Бұл 
қызметке тағайындалуы өте қиын жағдайда жүзеге асырылды. Ол кезде тарихшы Ермұқан 
Бекмахановқа «Кенесары Қасымовтың қозғалысын дәріптеді» деген саяси айып тағылып, 
Орталық Комитет тарапынан туындаған жазалау басталып жатқан еді. Ал Тарих институты 
Ғылым академиясының бір бөлігі болып табылатындықтан, академия президенті Қаныш 
Имантайұлы Сатбаевта негізсіз жалған айыпталып, атақты ғалымның басында қуғын-
сүргіннің бұлты үйіріледі. 
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші Хатшысы Жұмабай Шаяхметов 
өте қиын жағдайда қалды, себебі ол қызмет бабы бойынша Орталық Комитеттің ресми 
көзқарасын жақтауы тиіс еді. Бұл жағдайдың бір амалын табу үшін ол 1951 жылдың желтоқсан 
айында Қазақ КСР Ғылым академиясын басқаруды Д.А.Қонаевқа тапсыруға ұсыныс жасайды. 
Ал ол бұл қызметтен бас тартады. Екі айдан кейін Ж.Шаяхметов ұсынысын қайтадан білдірген 
кезде, Д.А.Қонаев келісуге мәжбүр болады. 1952 жылдың 17 сәуірде Қазақ КСР Ғылым 
академиясының академигі және президенті болып сайланды. 1952 жылдың қыркүйегінің 
аяғына таман Қазақстан Компартиясының VІ съезі болып өтті. Ғылым академиясының 
Президенті республикалық Орталық Комитеттің мүшесі және Сталин басқарған соңғы 
Бүкілодақтық Коммунистік партия ВКП (б) ХІХ съезінің делегаты атанады. 
Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д.А.Қонаев республика ғылымының дамуы жолында 
зор еңбек сіңіреді. Ғылыми ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі 
салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады. 
Қонаевтың ғылыми еңбектері кен орындарын ашық әдіспен зерттеудің теориясы мен 
тәжірибесінің маңызды мәселелеріне арналған. 1948 жылы кандидаттық, ал 1968 жылы 
докторлық диссертация қорғады. 100- ден аса ғылыми еңбектері жарық көрді. Қазақстанның 
экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және 
ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді. 
Д.А.Қонаев 1955–60 және 1962–64 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 
ал 1960– 1962 және 1964–1986 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық 
Комитетінің Бірінші Хатшысы болды. Бірнеше мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты 
болып сайланды. СОКП-ның ХІХ съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. 
Партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылдан бастап 
СОКП Орталық Комитетінің мүшесі болды. 1966 жылы партияның ХХІІІ съезінде ол СОКП 
Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 1970 жылы ХХІV съезде 
Саяси Бюроға мүше болып сайланды. 
Осылай ол 20 жылдан аса уақыт бойы СОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі болып, 
КСРО секілді айдарынан жел ескен алып державаның ішкі-сыртқы саясатының мәселелерін 


151 
шешуге қатысқан әлемдік масштабтағы мемлекет қайраткер дәрежесіне көтерілді.Ол 
Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін 
және ұйымдастырушылық қабілетін халқының пайдасына жұмсады. Д.А.Қонаев өз 
заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, 
қарама- қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, 
ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес 
қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, 
болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. 1960-шы жылдардың басында Н.С.Хрущевтің 
озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін, атап айтсақ, екі совхоз 
бен 500 мың қойдан басқа жерлердің барлыған қайтадан қайтарып алуы соның айқын бір 
дәлелі еді [3; 250]. 
Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен 
мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы 
терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де 
Қазақстанның тәуелсіздігінің алғашқы қиын жылдарында ол білімдар, білікті жан ретінде елде 
жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландырудың қажет екенін терең 
сезініп, қолдай білді.Қазақстанның қуатты аграрлы-индустриалды мемлекет ретінде 
қалыптасуында Д.А.Қонаевтың сіңірген еңбегі ерекше. Д.А.Қонаевтың билігі кезеңінде 
Өскемендегі қорғасын-мырыш және титан- магний, Соколов-Сарыбай, Лисаков, Балқаш, 
Жезқазған тау-кен-металлургия комбинаттары кұрылды және дамыды. Оның көмегімен 
химия, метталлургия институттары ашылды. Қазақстандағы ВАСХНИЛ, Ақмоладағы Бараев 
институты әлеуметтік тапсырыс пакеттерін алды, ядролық физика саласындағы қарқынды 
жұмыстар басталды, Орта Азиялық әскери округ, әскери-инженерлік база кұрылды. 
Алматыдағы құрылыс пен қаланың өркендеуіне де ол аз нәрсе жасаған жоқ. Оның 
бастамасы бойынша бой көтерген Республика сарайы, Достық даңғылындағы тұрғын үйлер, 
«Медео» спорт кешені, Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет Сарайы, Республика 
алаңы, Қазақстан, Жетісу, Алматы, Алатау мейманханалары, цирк, аэровокзал, әуежай және 
көптеген ірі ғимараттар Қазақстан Республикасының визиттік карточкасы болып қалды. Ел 
астанасының көркеюіне жұрттың бәрі мүдделі десек те, сол кезде оны жүзеге асыру қиын еді. 
Үлкен құрылысты салу үшін Мәскеудің рұқсаты керек. Ал ондағылар басқа жақта, әсіресе 
мәдени-ұлттық нысандардың бой көтергеніне онша құлықты емес еді. Алматыда біраз 
нысандардың бой көтеруіне Д.А.Қонаевтың беделі, тіпті тапқырлығы көмектесті. Айталық, 
Лениннің 100 жылдық мерекесін атап өту үшін көп адам сыятын әсем ғимарат керек деген 
себепті алға тосып, Республика сарайын салдырды. Сол ұлы көсем атындағы даңғылды 
көркейтеміз деп, оның бойынан біраз мәдени-тұрмыстық нысандар тұрғызды: 25 қабатты 
«Қазақстан» қонақ үйі, М.Әуезов атындағы академиялық драма театры, М.Лермонтов 
атындағы орыс драма театры, Қазақ циркі, жастардың Неке сарайы, Ұлттық кітапхана, 
«Арасан» моншасы, жабық Көкбазар кешені, тоғыз қабатты Баспасөз үйі, Алматы темір жол 
вокзалдары, республикалық Пионерлер сарайы. Алматы қаласындағы құрылыс 
жұмыстарының салынуын үнемі назарында ұстап отырды. «Астана — елдің көркі, сырттан 
келгендер соған қарап еліңді таниды», — дейтін Димаш Ахметұлы. Осы бір өміршең идеяның 
бүгінде жалғасын тапқанына біз барлығымыз куә болып отырмыз. Жаңа елордамыз — Астана 
қаласы әлемнің ең әдемі қаласы ретінде күннен күнге қарыштап көркейіп дамып келеді.
Д.А.Қонаетың замандасы әрі бірге қызмет атқарған мемлекет және қоғам қайраткері 
Сұлтан Жиенбаев Ұлы тұлғаға былаша баға берген болатын: «Димаш Ахметұлы 
ұмытылмайтындардың, халықтың жүрегінде мәңгі қалатындардың қатарында. Ол аса 
парасатты да талантты басшы болды, халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Ол өз заманының 
ұлы саясаткеріне айналды, халықтың мүддесімен өмір сүрді. Оған деген құрмет аса жоғары 
қызметте жүрген кезінде ғана емес, ол қызметтен кеткен соң да бәсеңдеген жоқ. Оның кен 
инженерінен бүкіл бір республиканың басшысына дейінгі өмір жолы, еңбекқор да аса жоғары 
зиялылық келбеті кез келген деңгейдегі басшы атаулыға үлгі-өнеге болғандай... Оның 


152 
парасатты ойларының, атқарған қызметінің іздері еліміздің, халқымыздың мәдени-рухани 
өмірінде, экономикада сайрап жатыр. Ол ел басқарған кезде халқымыздың дәстүрлі 
шаруашылығы — мал шаруашылығы қарышты қадаммен дамыды. Астық өндіру бұрын 
болмаған биікке көтеріліп, миллиард пұттармен әлемге танылдық. Өнеркәсіп пен 
құрылыстағы жетістіктер де жұрттың көз алдында. 
Димаш Ахметұлы Қонаевтың ел басқарған кезеңін 1955–1986 жылдармен есептейміз. 
Осы жылдарда Қазақстанның экономикасы 7 есе өсіпті. Мыңдаған елді мекендер пайда 
болған, 68 жұмысшы поселкесі, 43 қала салыныпты. Халықтың саны өсті, ол республика 
қуатының өркендеуіне қол жеткізді. Ол өзіне жақсы серіктерді, іскер басшыларды таңдай 
білген адам еді. Сол тұста қаншама іске мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарайтын 
қайраткерлер, білікті ұйымдастырушылар өсіп жетілді десеңізші! Бұл ретте талай жыл 
Димекеңмен тізе қосып, еңбек еткен Б.Әшімовтен бастап, Ж.Тәшеновтің, Н.Оңдасыновтың, 
М.Бейсебаевтың, С.Ниязбековтің, С.Имашевтің, А.Асқаровтың, тағы басқа талай 
қайраткерлердің атын атауымызға болар еді. Ал солардың қатарында тәуелсіз Қазақстан 
Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 
да болғаны бәріміз үшін мақтаныш. Нұрекеңнің басшылығымен республикамыздағы жақсы 
істер еселене түсті, Қазақстан әлем таныған беделді мемлекеттердің біріне айналды. 
Заманымыздың заңғар тұлғасы Димаш Ахметұлы Қонаевтың халық үшін, еліміз үшін 
жасаған еңбегі кезінде жоғары бағаланды. Оған КСРО-дай алып державаның ең жоғары- 
Социалистік Еңбек Ері атағы үш рет берілді, ең жоғары ордені -Ленин орденімен 8 рет 
марапатталды. Оны бұрынғы тоталитарлық елдің наградалары деп кемсітудің еш қажеті жоқ. 
Бұл ұлы тұлғаның еңбегін бағалағандық қана емес, оны мойындау деп те қабылдаған жөн» [3]. 
1953-1964 жылдар аралығындағы Н.С.Хрущев басқарған уақытта күтпеген өзгерістерге 
және асығыс тағайындауларға толы кезеңдер болды. Д.А.Қонаев Қазақ КСР Министрлер 
Кабинетінің төрағасы қызметіне екі рет келіп, Республика Компартиясының Бірінші Хатшысы 
қызметін атқарады. Соңғы лауазымды қызметтен аймақтық мәселе бойынша партиялық 
диктатор көсемге наразылық білдіргені үшін босатылады. 
1964 жылы Д.А.Қонаев Кеңес Одағының Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің 
қазан айында өткен Пленумына қатысады, яғни осы жиынның шешімі бойынша 
Никита Хрущев қызметінен босатылып, КСРО-ның бірінші басшысы болып Л.И.Брежнев 
тағайындалады. Ал желтоқсан айында Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясының бірінші 
хатшысы болып сайланды.Ол үшін шынайы жаңарту және өзгертіп, қайта құрудың кезі келеді, 
бұл уақытта ол Кремльдің тегеурінді ықпалына қарамастан, партия күшінің көмегін пайдалана 
отырып, өз Отаны — Қазақстан үшін көптеген игілікті және ізгілікті шараларды жүзеге 
асырады. 
Қазақстандағы индустрияландыру үрдістері 1965–1985 жылдары біршама екпінді 
жүрді. Еліміз КСРО-дағы өнеркәсібі дамыған аймақтардың біріне айналды. Жалпы ішкі өнім 
көлемі бойынша республикамыз КСРО-да үшінші орын алды (Ресей мен Украинадан кейін). 
Қазақстанда Кеңестер Одағындағы түсті металлургияның негізгі базаларының бірі орналасып, 
мол ауқымдағы отын- энергетика кешені, дамыған химия саласы, көмір өндіретін өнеркәсіп 
жұмыс істеді, мұнай өндірудің (тіпті әлемдік стандарттар бойынша да) әлеуеті орасан зор 
болды [3]. 
1966 жылдың 21 қазанында Дінмұхамед Ахметұлының басқаруымен Үлкен Алматы 
өзенінің жоғарғы жағында селден қорғаныс тұрғызуға лайықты су бөгеттерін 
тұрғызу мақсатында бағытталған жарылыс шаралары ұйымдастырылды. Ол жоспардан тыс 
басқа жарылыстарға әкеліп соқтырған жоқ, ал таудың жоғарғы жотасы жоспар бойынша 
ойластырылғандай, тұрғызылып жатқан бөгеттің үстіне сәтті түрде қопарыла құлап 
түсті.Жарты жылдай уақыт өткен соң, 1967 жылдың 14 сәуірінде сол жақ жағалаудағы 
жартасқа бағыттай отырып, екінші жарылыс шаралары ұйымдастырылды. Осындай жолмен 
селге тұрақты тосқауыл болатындай бөгеттер тұрғызылды. 


153 
1973 жылы осы бөгеттердің тұрақтылығын тексергісі келгендей, сол жаққа қарай өте 
қуатты сел бет алды. Сел тасқынын оған қарсы тұрғызылған бөгет ұстап қалады. Сел 
тасқынының екінші толқыны 16 шілдеде орын алды. Бөгет бұл соққыға да төтеп берді [2; 352]. 
Қаланың шығыс бөлігі апаттан аман қалды. Сол бір қиын күндері сел тасқынының салдарынан 
орын алған жағдайларды ретке келтіріп, қала тұрғындарының аман-есен өмір сүруін 
қамтамасыз ету шараларын Дінмұхамед Ахметұлы тікелей өзі басқарды.Үлкен Алматы өзені 
бойынша сел тасқынынан қорғаныс жұмыстары 1975 жылы басталып, 1980 жылы сәтті 
аяқталды. Сел тасқыны бөгеті жанында, тау етегінің тұсында заманауи «Медео» мұз айдыны 
бой көтерді.Ол қазақ халқының талантты өкілдерін қамқорлығына алып, шығармашылық 
тұрғыдан өсуіне ықпал жасап отырды. Олжас Сүлейменовтың «АЗ и Я» атты зерттеуінің 
философиялық мәнін түсінді, оны «орталықтың» жаласынан арашалады. Өнерді 
тоталитаризмнің идеологиясынан қорғай білді. Л.И.Брежнев тұсында кеңес елінің 
идеологиясын «сұр кардинал» Суслов басқарды. 1975 жылы Олжастың даңқты кітабы жарық 
көрді. Ақынның кітабы партиялық тұжырымдар талабынан шықпайтын, социалистік 
реализмнің шеңберіне сәйкес келмейтін. Жазушыны қуғындау басталып кетті. Бұл шараларды 
Суслов басқарып, осы кітапты шығаруға қатысқандардың барлығының жазалауға ұшырауын 
қатаң талап етті. 
Сол кезде Д.А.Қонаев дос ретінде Л.И.Брежневке кіріп, оған Олжастың кітабын оқып 
шығуды ұсынды. Сусловтың басшылығымен идеология, мәдениет және ғылым 
шенеуніктерінің тарапынан жазалау шешімі мен қаулысы қарастырылып, дайындалып жатты. 
Бірақ Қонаев олардың алдын орап кетті. Л.И.Брежнев оған бұл мәселені жергілікті деңгейде 
қарастыруға рұқсат етті. Сөйтіп Олжастан диссидент жасау ісі жүзеге аспай қалды [2].
«Дінмұхамед Ахметұлы -өз заманының перзенті болған, ірі тұлға, көрнекті қайраткер. Қонаев 
жоғары қызметке келген уақыттың аса күрделі, қайшылығы көп кезең болғанын білесіздер.
Алайда, осындай қиындықтарға қарамастан, Қонаев елдің дамуы үшін қолынан 
келгенін жасады. Республикада құрылыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларының дамуы 
ілгерілей түсті. Елсіз жерлерде жаңа қалалар мен елді мекендер пайда болды. Сонымен қатар 
Димекең ғылымның, өнер мен мәдениеттің қарыштап қанат жаюына өлшеусіз еңбек сіңірді. 
Алды кең, жаны жомарт парасатты жанның өнер адамдарына қолдау көрсеткеніне талай рет 
куә болдым. Димекең туған қаласы Алматы үшін де көп жақсылықтар жасады. Бұл тұрғыдан 
алғанда, Дінмұхамед Ахметұлы — айрықша ардақтауға лайықты қарымды қайраткер. 
Сондықтан, біз оны Тәуелсіздікке дейінгі тарихымыздың тегеурінді тұлғасы деп бағалауымыз 
керек», — деп Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаев Д.А.Қонаевтың Қазақстан мен қазақ халқы тарихындағы рөлі мен мәнін жоғары 
бағалады [1; 1,2]. 
Д.А.Қонаевтың тұсында Қазақстан шетел мемлекеттерімен мәдени тұрғыда араласа 
бастады. 1955 жылы алғаш рет кеңестік Қазақстан тарихында Д.А.Қонаев Министрлер Кеңесін 
басқарып тұрған кезде, республикамыз алғаш рет халықаралық дәрежеде жоғары деңгейдегі 
мәртебелі қонақтарды қарсы алды: Алматыға Джавахарлал Неру қызымен бірге, кейінірек 
Бирма көсемі У Ну ресми сапармен келді. 1956 жылы Фурцева басқарған КСРО парламенттік 
делегациясының құрамында Англияға ресми сапармен барып қайтады. Делегацияны ІІ 
Елизавета ханшайым, Премьер- министр Иден мен ХХ ғасырдың белгілі саясаткері Уинстон 
Черчилль қабылдайды. Букингем сарайында алғаш рет Еуропа жұртына бейтаныс «Қазақстан» 
деген сөз естіледі. 
1960 жылдың қаңтар-ақпан айларында кеңестік партия делегациясының құрамында 
АҚШ-қа барып қайтады. Сол сапарда көптеген кездесулер болады: БҰҰ, Нью-Йорк штатының 
губернаторы, АҚШ Жоғарғы Сотының төрағасымен, миллиардер Рокфеллермен ресми 
тұрғыда кездесіп қайтады. Кеңестік делегацияны АҚШ Президенті Эйзенхауэр ресми түрде 
қабылдайды. Әлемде ерекше өзгерістер пайда болып, орын алып жатқан сан түрлі оқиғаларға 
әдеттегі дәстүрден бөлек баға беру тұжырымдары орын ала бастайды.АҚШ, Ұлыбритания, 
Италия, Жапония, Үндістан, Иран, Мысыр сынды алпауыт мемлекеттердің Қазақстанды 


154 
танып-білуі тікелей түрде Д.А.Қонаевтың есімімен байланысты екендігі сөзсіз. Қонаевтың 
бастамасы бойынша, Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа қарай достық көпірін салып, 
тығыз қарым-қатынас орнатуға жол ашылды. Оның тікелей басшылығымен 1978 жылы 
Алматыда Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының конференциясы болып өтті, оның жұмысына 
134 елдің өкілі қатысты. Бұл жиында сенатор Эдвард Кеннеди сөз сөйледі.«Қазақстанның 
астанасы оның көңілінен шықты», — деп еске алады Қонаев. «Әсіресе 28 гвардияшы-
панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалын көріп, қаза тапқан ағасы — президентті 
есіне алып, кіші Кеннеди көз жасын тыя алмай қалды. Маған осы жан-жақты таңғажайып 
адаммен- саясаткермен кездесудің және әңгімелесудің сәті түсті. Бұл уақытта республикамыз 
әлемнің ондаған елімен экономикалық байланыс орнатып, ғылыми-техникалық 
ынтымақтастық шараларын жүзеге асырып, бірқатар Азия-Африка елдеріне медициналық 
жәрдем беріп те үлгерді» [3; 206]. 
1985 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С.Горбачевтің келуіне 
байланысты 1986 жылы 16 желтоқсанда Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық 
Комитетінің Бірінші Хатшылығынан босатылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз 
саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп, алаңға шықты. Бұл әйгілі 
Желтоқсан көтерілісіне ұласты. 
Д.А.Қонаев өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білді. Тәуелсіз 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, 
«ол өзі айтқандай, коммунист болды және коммунист болып қалды». ХХ ғасырдың ұлы 
саясаткері әрі шебер дипломаты бола білген қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед 
Ахметұлы 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында ел-жұртының арасында 
өмірден өтті. 
Әр ғасырдың өзінің біртуар перзенттері болады. Солардың бірі — Дінмұхамед Қонаев. 
Президент Н.Ә.Назарбаевтың ел тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары, яғни 1994 жылдың 24 
ақпанында, «Д.А.Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру туралы» Жарлығын жариялады. Бүгінгі 
күнде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі Алматы және Астана қалаларының көшелеріне, 
университет пен колледжге берілді. 1992 жылы Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қор 
құрылды. Оның мақсаты — Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайту, елімізде 
жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларға қолдау көрсету, қазақ халқының 
тарихи, мәдени және рухани мұрасын игеріп, оның өркендеуіне септігін тигізу еді. Қазақ 
халқы Ұлы тұлғасының есімін ешқашан есінен шығармайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет