Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет



Pdf көрінісі
бет43/221
Дата25.04.2022
өлшемі3,3 Mb.
#140821
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   221
Байланысты:
тарихи тұлға

 
 
 
1916 ЖЫЛЫ СӘТБАЙ АБАҚҰЛЫ МЕН МОЛДАЖАН ЖАДАЙҰЛЫ БАСТАҒАН 
ЕРЕЙМЕН КӨТЕРІЛІСІ 
 
Бижанов А.С., магистр 
Елкей Н.Н., магистр 
Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті 
1916 жылдың 25 маусымындағы Патша жарлығы елге таралған кезде Ақмоланың 
Ереймен өңірінде халықтың ұлтжанды игі-жақсылары Омбыдан келген бұйрықты талқыға 
салған еді. Арғын тайпасының Қанжығалы елінде «Ереймен, Қоржынкөл, Сілеті 
болыстарында» орын алған 1916 жыл оқиғалары «Ереймен көтерілісі» деген атқа ие. І 
дүниежүзілік соғыстағы Ресейдің сәтсіздіктерден көз ашпаған кездегі Орта Азия мен 
Қазақстан жерінен майданның тыл жұмысына 19 бен 31 жас аралығындағы жігіттер алынады 
делінген ІІ Николайдың жарлығы шыққанда Ереймен даласы дүрліге бастады. Көтерілісті 
бастаған Қоржынкөл болысының Шағалақ және Әлдеуін рулары болды. Сәтбай қажыны хан 
сайлап, Бала Сыздық, Жанмолда, Молдажан Жадаев, Жанайдар Ыбыраев сияқты көтеріліс 
басшылары көтерілістің негізгі ұйымдастырушылары мен қаһармандары болды. 
1916 жылғы көтеріліс кезінде Қазақстанның әр аймағында хан сайлап, дәстүрлі 
билігімізді қалпына келтіруге тырысып, қазақтың жойылып кетпеуіне үлес қосып, жергілікті 
билік жүйесін жаңғыртуға тырысып жатты. Қазақ сахарасындағы бұл тенденция Ерейменді 
айналып өткен жоқ. Ереймен халқы Бөгенбай батырдың замандасы Атан батырдың шөбересі 
болып келетін Абақұлы Сәтбайды хан сайлайды. Шыңғыс тұқымы болмаса да, би-
батырлардың ұрпақтары мен «қажы» атағына ие болғандарды ақ киізге көтеріп хан сайлау 
үйреншікті жағдайға айнала бастаған кезде Сәтбай қажыны хан сайлап, Арғынның Нияз 
руынан шыққан Бейсенұлы Бала Сыздықты бас сардар ретінде таңдайды. 
Ереймен таулары маңында жиналған көтерілісшілер саны 5000 адамға жетеді[1, 491 б.].
Қанжығалы елінің көтерілісшілері Молдажан Жадайұлы, Жанайдар Ыбыраев, Жанмолда 
сияқты батыр мергендер құрған арнайы мергендер топтары болады. Бұл туралы деректер 
көтеріліске қатысты құжаттар жинақтарында да, ақын-жазушылар еңбектерінде де, жергілікті 
немесе республикалық деңгейдегі журналистер мақалаларында да кездеседі. Торғай халқы 
Тілеулі батырдың ұрпағы деп Әбдіғаппардың артынан ерсе, Ереймендіктер Атан батырдың 


60 
ұрпағы деп Сәтбай қажыға сенім білдіріп, оның беделін құрметтеп, қиын кезеңде өз 
тағдырларын қолына тапсырады.
Сонымен қатар, 1916 жылғы көтерілістің ерекше ұйымдасқан орталығы болып 
табылған Торғай өңірі халқы бас сардарлыққа Кенесарының серігі Иман батырдың немересі 
екендігін алға тартып Аманкелдіні таңдаса, Ереймен жұрты 1771 жылы қалмақ тобына 
бағытталған жорықты Бөгенбай батырмен бірге басқарған Жантай батырдың ұрпағы Бала 
Сыздыққа сенім білдіреді. Тектілікке қатты көңіл бөлетін қазақ халқы, тектілердің бастауымен 
үкімет шешіміне қарсылығын білдіріп, көтеріліске бел буды. Қанжығалылар елінен 5 мың 
ердің атқа қонуы өңір халқының егемендікті аңсаған, отаршыл орыс үкіметінен шаршаған 
халықтың өліспей-беріспейтіндігінің нақты айғағы болды. 
Хан мен бас сардар, мергендер басшыларынан бөлек, көтеріліске арнайы 
мамандандырылған топтар құрылып, ханның кеңесшілері таңдалынады. Арнайы топтарға 
жауапты адамдар мен Жантай Бағанаұлы, Сатай Сәдуақасұлы сияқты ел арасында беделді 
азаматтар хан кеңесшілері болып тағайындалады. Ереймен мен көрші болыстардан ұста-
теміршілер мен қару-жарақ жасауға икемі бар адамдарды жинап, оларға қылыш, найза, 
айбалта, шоқпар және сойыл сияқты қаруларға тапсырыс беріледі. Соғыс өнеріне машықтау 
бағытында жаттығу шаралары жүргізіліп, өздерін күтіп тұрған ұрыстарға дайындыққа қызу 
кіріседі.
Мемлекет басшысы бастаған соғыс болсын, мейлі көтеріліс басшысы бастаған ереуіл 
болсын қазақ елінің қолдауына ие болуы үшін рухани қолдаудың қажет екендігі белгілі. 
Халықтың сенімінен шыға білген діндар адамның қолдауына ие болған халық қайда болса да 
баратындын тек қана қазақ тарихынан көрмейміз. Ереймен халқына танымал Тоқан хазірет 
Домаұлы көтеріліске қатысты оң ойын берген екен. Халық арасында «елдің пірі» саналған 
діндардың 1917 жылғы ақпан төңкерісін көріпкелдікпен сезіп, халықтың ІІ николай патшаға 
қарсы бағытталған көтеріске өз батасын беруі Қанжығалы елін рухтандырып, жасағалы 
жатқан істерінің дұрыстығына сенімдерін нығайтты [2]. 
Тоқан хазіреттің Тұмсық ауылындағы жиын кезінде Ерейменнің жеті руына төрелік 
еткен төбе би Зілқара халыққа Николай патшаның өз уәдесін сақтамай еркек кіндіктілерді 
соғысқа алмақ ойынының дұрыс еместігін, көптің қорқытып, тереңнің батыратындығын 
айтады. Егер әрқайсысы бас басына би болса, Ерейменге сыймайтындықтарын айтып, 
араларынан бір басшыны таңдап, тәртіптерін қатайтса ешбір жау ала алмайтындығын, отқа 
салсада күймейтіндіктерін айтып елдің қамын ойлайтын көреген би екендігін көрсетеді. Әр 
жігіт найза түйреу мен қылышпен шабуды білуі тиіс деп елді рухтандырған[3]. 
Зілқараның зілді сөздері халықты жігерлендіріп, еңселерін көтеріп тастайды. Сол кезде 
қалың халық ішінен ортаға шыққан жас ақын нияз руының Төлеші Бөгенбай, Нияз, 
Малайлардың атқа қонып, артынан қалған руларды ерітуін жырлайды. Бала Сыздық балуанға 
батыр бабасының аруағын қорлатпауын айтып, Жантай бабасы сияқты найзасын түйреп, 
қалың қолды бастауы керектігін жеткізеді. Қылшарлар мен Киікбайлардың зергерлікке 
икемділіктерін алға тартып, Ерейменнің көтеріліске шығушы жігіттеріне қару жасауы 
керектігін айтады. Атқан пытырасы текке кетпейтін Жанайдар сияқты мергендерді тездетіп 
көбейту керек екендігі туралы өлең сөздерін жариялайды[4]. 
Ақын әрі мерген Молдажан Жадайұлы халықтың көңіл-күйін одан да шабыттандыра 
түседі: 
Адамның арыстаны Досай батыр, 
Жау десе ұрпағы оның босай ма бір. 
Ашулы жолбарыстай ұмтылғалы 
Жанымда жалаң семсер Жанмолда тұр. 
Ер сынарегерзамантусатағы, 
Оқтаулыперенмылтыққолымдағы, 
Құралайдыкөзгеатқамжаскүнімде 
Құртамынжаушоғырынөзімдағы. 


61 
Шапсам менБөгембайлапбуырқанып, 
Кімкетпесжауқамалынбұзып, жарып, 
Қырандайбүргелітұрөңшеңсарбаз, 
Тек, түзубастайбілгін, туыңдыалып! 
Көтерілістің тек қана Патшаға емес жергілікті болыстарға қарсы болғандығын жақсы 
білеміз, халыққа қиын тиге заманда Ереймендегі Қанжығалылар елін билеген ақын Олжабай 
Нұралыұлы, Әлкей Байменов сияқты болыстардың қарамағындағы ел оларға қарсы шығып, 
қара жұмысқа алу туралы тізімді әділетті түрде жасамадыңдар деп кінәлайды. Нұралының 
інісі Ералының Тұрсынбайы мен Мұқаны, Шәрке Байменов, Барлыбай, Төлеубай, Боқтаев 
Махмет және Жәкен Шопалаев сияқтылар Қоржынкөлдің №2,4,5 және №8 ауылдарына 
қамшысына ойнатып, қара жұмысқа алынуы тиістілердің жасы жетпегенін де, жасы асқанын 
да тізімге тізіп, халық арасында «бай-болыстар мен олардың ұлдарының тыл жұмысына 
бармай жатырғандығы» туралы сөздерді растайтын әрекеттерге жол берді.
Бала Сыздықтың халық алдында абыройлы болғандығының дәлелі, ол туралы көптеген 
әңгімелерді Ереймендік ақсақалдар күні бүгінге дейін айтып отырады, соның бірі болыс 
Олжабай Нұралин мен Бала Сыздық арасындағы мынадай оқиға ел жадында сақталған. Бала 
Сыздық Бейсенұлының жұлқынып тұрған жас шағы болуы керек. Түс уақытында Олжабай 
болыс ауылы маңында жайылып жүрген табын жылқысының арасынан бір атты көрінеді. 
Қымызға қызып қалған ауылдың иықты жігіттері «сұраусыз жүрген кім өзі» деген сөздермен 
ұмтыла бергенде, Олжабай оларды тоқтатады. Болыс бұл аттының Бала Сыздық екендігін 
байқап, жігіттеріне орынсыз күлкіге қалатындықтарын, оған әлдерінің жетпейтіндігін айтқан 
екен. Кейін, бір тойда кезігіп қалғанда Олжабай Нұралыұлы : « Інім-ау, Бөгенбай мен Жантай 
батырлар иық тіресе соғысқан, бір жылқы керек деп сұрасаң, ішінен өзіңе таңдатар едім ғой»- 
депті. Сондағы Бала Сыздықтың айтқаны, болыстың жігіттерін сынамақшы болғаны екен [5]. 
Осы сияқты ерліктеріне тәнті болған жұрт Бала Сыздықты Ерейменге қиын күн туғанда 
өздерінің бас сардары қылып сайлайды. 
Ереймен көтерілісі туралы алғашқы қалам тартқандар Ерейментаулық Ғалымжан 
Мұқатов және Қазыбек Сүлейменов сияқты журналистер болды. Қазыбек Сүлейменовтің 1916 
жылғы Ереймен көтерілісі туралы жазған мақалалары өте құнды болып саналады, көтеріліске 
қатысқан, көзімен көрген адамдардың естеліктерін жинақтап, олармен әңгімелесе отырып, 
жүйелі сұхбатқа тарта білген. Естеліктерді жинаушылардың мәліметтері бойынша, халық 
толқуы соғыс даласына мініске ат жинаудан басталыпты, кейіннен бұл қарулы көтерілске 
айналады. Қаламгерлердің жазған мәліметтері тарихи шындықтан алыс еместігі мұрағат 
құжаттарындағы мәліметтермен сәйкес келіп отыр. 
Ереймен көтерілісінің қаһармандарының бірі, мерген Молдажан Жадаевтың халық 
қамын ойлаймын деп 1916 жылғы оқиғаларға дейін жер аударылғандығын мұрағат құжаттары 
да, оның қызы да растайды. Аманкелді Молдажанқызы әкесінің ХХ ғасырдың бас кезінде 
Зайсан уезіне жер аударылғандығын айтады. Елжанды ақын адамның мал ұрлағаны үшін деген 
айыппен елінен қуылуы Патшалық дәуір қоғамына таңсық дүние емес еді. ҚРОММ №64 
қорының 2436 ісінде 1908 жылы 29 ақпанда Ақмола уезінің қырғыздары, Жадаев, Үмбетов 
және Үйсіновтың, мал ұрлағаны үшін Зайсан уезіне жер аударылуы туралы жазылады[6, 1-3 
п.]. Көтерілісті көзімен көргендер мен олардың ұрпақтарының естеліктері мен олардан 
алынған интервью мәліметтері ішіндегі шындыққа жанасатындарының бірі осы мысал болып 
келеді. 
Ереймен көтерілісінің өңір тарихындағы маңызын айқындайтын фактор халық 
наразылығы барысында жазалаушы отряд солдаттарымен бір немесе екі айқас емес, бес бірдей 
жерде ұрыстың болуы. Шәкей ауылындағы тоқталмаған атыс, Кеңасу мен Жуанадырдағы 
және Қоржынкөлдегі қырғын соғыстарда Ереймендік тер көп шығынға ұшырағанымен 
қайсарлықтары мен табандылықтары арқасында жазалаушыларды әбігерге салып, өздерімен 
санасуға мәжбүр етеді. Ал шешуші Жал тауындағы шайқаста күшті қаруланған, Ресейдің 
ішкері бөлігінен келген жазалаушыларға қарсы соғыс жүргізудің тек қана өлімге апарарын 


62 
түсінген көтерілісшілер тізе бүгуге мәжбүр болады. Білтелі мылтық, қылыш және сойылмен 
мұздай қаруланған мылтықты, зеңбіректі әскерге төтеп беру мүмкін емес болатын. Көтеріліс 
жеңіліске ұшыраған соң халық соққының астына алынып, көп ерлерді тұтқындаған еді.
Халық көтерілісін басу, жаныштау жолындағы жазалаушы әскердің іс-қимылдары 
шектен тыс қатал болыпты. Күз-қыс айлары болса да, қыстап жатқан ауылдардың мүлкін 
тонап, кейбірлеріне өрт қойып, малдарын айдап әкетіп қырғынға ұшыратқан. Жазалаушы 
әскерден үрейленген халық көшіп, бас сауғалап, кең даланы кезіп кетеді. Ел басына осындай 
қиын жағдай туындағанда Өсіп Айтбаевтың жесірі Жамал Қошақайқызы мынадай сөздермен 
өз күйінішін жеткізген екен:
«Қайдасың аруақ, қу құдай, 
Енді қайттік, ойпырым-ай! 
Жансерігімнен айырылдым, 
Қанатымнан қайырылдым, 
Әлди-әлди, сәбиім, 
Шырылдама, жоқ үйің, 
Жан қырылды, мал ықты, 
Мұңымызды тыңдар кім? 
Патшаның да біздей боп, 
Ұрпағы түзде еңіреп, 
Қатын-баласы қаңғырсын!» [7, 189-190 бб.]. 
Халық зары мен жан-айқайын көктегі тәңірі естігендей, көп ұзамай, 1917 жылдың ақпан 
айында Романовтардың патшалық әулеті биліктен құлатылды. Бұл өлеңде бір ғана Жамалдың 
емес, сол кездегі көп халықтың тағдырынан көріні беріп тұр.
Ереймен көтерілісі Ақмола жеріндегі ең ұзақ уақытқа созылған қантөгісті 
шайқастардың бірегейі болып саналады. Басқа аймақтан, қосымша көмек келмесе де , 
өздерінің ойынан қайтпай бірбеткей мінезін көрсеткен. Қараша мен желтоқсан кезіндегі қатты 
аяз бен тоқтамаған болмағанда көтерілістің қай кезде тоқтайтынын болжаудың өзі қиын 
болды. 1916 жылғы Ереймендегі оқиғалар Алтынтау, Ақшоқы, Жалпаққайың және Төрежалы 
жерлері тарихының ұмытылмас бірнеше беті болып қалады. Молдажан Жадайұлы, Жанайдар 
Ыбырайұлы, Жанмолда, Бала Сыздық Бейсенұлы сияқты батырлардың ерліктері жергілікті 
жұрттың ерекше қызығушылықпен тыңдауына ие болды.
Ереймен көтерілісінің басшысы, халық сайлаған хан Сәтбай қажының немересі Серік 
Елубайұлы көтерілістің тағы бір каһарманы Молдажан мергенмен сөйлесіп, көтерілістің 
басыры туралы естелін жазып алыпты.
Молдажан Жадайұлы 1916 жыл оқиғалары туралы қысқаша төтендегідей баяндайды. 
1916 жылдың жазында 5 мыңға жуық қол жиналып, ІІ Николай патшаның жарлығына 
байланысты халық кеңесі болып, басшылар таңдалынды. Ереймен халқы Серік Елубайұлының 
атасы Сәтбай қажыны толық қолдап ақ киізге отырғызып, көтеріп хан сайлайды. Бейсенұлы 
Сыздық балуан мыңбасы етіп таңдалып, Жанмолда мен Жанайдар жүзбасы болып сайланды. 
Ал Молдажан Жадайұлы мергендердің жүзбасы болып сайланады. Әбутәліп, Көдек, Рақым 
және Баһрам сияқты ерлер зергерлік кәсіптерін тоқтата тұрып, ұсталық қызметке көшеді. 
Ұсталар шалғылардан қылыш жасайды, тақтайша ағаштан садақ жасап, найза, қанжар, пышақ 
және айбалта сияқты қаруларды дайындайды. Жасалынған қарулармен жасақталған сарбаздар 
соғыс тактикасын үйренуді бастаса, қару жарақ жетпегендері өз қолдарымен жасаған 
сойылмен, шоқпармен жауға қарсы тұруға дайындалады. 
Көтерілісшілер жергілікті жердің тау-тасы, төбесі мен әр ағашын жетік білгендіктен 
Ерейменнің табиғи қорғанын тиімді пайдалана білді. Патшаның жазалаушы солдаттарымен 
Кеңасу тұсындағы соғыс алғашқы шайқас болды деп Молдажан мерген баяндайды. 
Ереймендік сарбаздар таудағы қолайлы жерлерді алдын ала таңдап, бекінеді. Жақсы бекінген 
көтерілісшілерден шығынға ұшыраған жазалаушыларға кері шегінуден басқа амал қалмады. 
Зеңбірек пен пулеметке қарсы тұру оңай болмай, көп жігіт Ереймен топырағында қаза табады. 


63 
Қыс жақындаған сайын көтерілісшілердің жағдайы қиындай түсіп, қыс түскенде саны едәуір 
сиреп, қазақ жігіттері ауылдарына қайтып, қыстауға көшеді. Бұл көтерілістен қашу емес, өз 
отбасыларына қыста ер адам еңбегінің керек екендігін түсініп, ауылдарына қайтқандары еді. 
Қатарлары сирегеннен кейін, жиырмаға жуық адам болып, ішінде Сәтбай қажы мен 
Молдажан мерген бар, жазалаушылар қоршауына түсіп, тұтқындалады. Аяқтарын кісендеп, 
жаяулатып апарып, Ақмоланың түрмесіне жеткізеді. Түрмеде оларды қатты қинайды, сол 
кезде Сәтбай қажыны «Патшаға қарсы бағытталған бүлікті кім бастады?» деген сұрақтармен 
аяусыз қорлағандығын Молдажан Жадайұлы Серік Елубайұлына айтады. 1917 жылдың 
ақпанындағы төңкерістен кейін тұтқыннан босап, олар Ерейменге қайтады. Түрмедегі шексіз 
қорлықтан ауруға айналған Сәтбай қажы сол жылы қайтыс болады. Сәтбай қажыны 
ағайындары мен қаруластары болып Ереймендегі Сандықтасқа жерлеген екен. Көтерілістің 
нәтижесі қалай болса да, Ереймен халқы өз намысы мен жері үшін жанын аямай қарсы тұра 
алатындығын дәлелдеп берген.
Ереймен көтерілісі туралы Қанжығалы елінің Шағалақ руының өкілі, 1916 жылғы 
көтеріліс туралы алғашқы қалам тартушылардың бірі Қазыбек Сүлейменов 1916 жылғы 
оқиғалар туралыкелесідей естелік қалдырған екен: «Көтерілісті бастаған Қоржынкөл 
болысының Қанжығалыларында Әлдеуін мен Шағалақ сияқты мықты, саны басым рулар 
болған. Әлдеуіндер күшті ру, ХVІІІ ғасырда аты бар қазақа танылған Бөгенбай жұрты. 
Бөгенбай батырдың тікелей ұрпақтары Ералы мен Нұралының балалары 1916 жылға шейін 
Ерейменде болыс болған, дәулетті ел мықтылар болатын.Ал Шағалақ руының көп бөлігі 
кедей, оқығандары аз болатын. Әкімшілік билігіне ие болған Әлдеуіндер айтқандарын істетіп, 
бұйрықтарды орындатып отыратын». Патша шенеуніктерінің рулардың арасына іріткі салып 
отыратын үйреншікті саясатын қосатын болсақ, Ереймендегі саяси жағдайдың ушыққандығын 
байқауға болады.
Жазалаушы отрядтармен бірінші соғыс Кеңасуда басталады. Ажалмен айқасу оңай ма? 
Бұған дейін ешкіммен соғыспаған, техниканы көрмеген қазақтар зеңбіректің гүрсілін, 
пулеметтің тарсылын тұңғыш есітігенде дір етпегені жоқ. Бұрынғылардың соғысындағыша 
қол қаруымен араласып кетсек, сүт пісірімде жайратар едік, бәлемді» десіп қозғалмастан 
қасқайып қарсы тұрады. Мергендер тасты тасалай бұғып атып, осы арада бес солдатты 
бәйтеректей құлатады. Жаудың етектен қардай боратқан оғы биікке бармай, тасқа тиіп 
жатады. Көтерілісшілер жағынан екі жігіт жараланады. Түсте жазалаушы отрядты қоршауға 
алып жойып жібермек болады. Сарбаздар екі қанатқа жасырын өтіп, ту сыртынан орағытып 
келіп, жан-жағынан өрт қояды. Өрт тоғайды шалғанда төңіректі түтін басады. Бұдан қатты 
сескеніп абыржыған солдаттар жалт беріп қаша жөнеледі. Дуылдаған жұрт: «Оғы таусылды», 
«жоқ, түнде барып болыстардың үйін көтеріп әкетпек шығар», «өлгендерін жерлейтін болар» 
деп даурығып тұрғанда жау поселкеге еніп кетеді[7, 186-187бб.]. Тауға бекінген 
көтерілісшілердің алғашқы айқасы осылайша сәтті аяқталады. 
Патшаның жазалаушы отрядымен екінші соғыс Жуанадыр бөктерінде болады. Жау 
осы тұстағы Благодат поселкасында топтанып, бұрынғысынан көп күшпен тап береді.
Ереймендік көтерілісші жігіттер тауға тағы да бұрын шығып алады. Патша жендеттері 
пулеметтерін қаз қатар қойып атудан тыным таппайды. Көтерілісшілер оқ нөсерлерінен 
тайынбай, сәл толастаса-ақ лап қоюға дайын тұрды. Мергендер тасада тұрып нысанаға алғанда 
перденке оғының өзімен-ақ оннан аса солдатты жайратады. Жазалаушы отряд көк арбаларын 
алқа-қотан иіріп, енді соған жасырына ататын соғыс мәнеріне көшеді. Көтерілісшілер оны 
қулықпен қолға түсіруге ұйғарды. Бірақ не пайда, осы арада тағы бір оқыстық істеп, елшілікке 
бұрын болыс болып жүретін Төкім мырзаны жібереді. Ресей өзінен саны аз халықтардың 
бірлігін оп-оңай бұзуға әбден үйренгендігін көрсетіп, елшіні алдап, өз жағына шығарып алады. 
Благодат поселкасын халық сол кезде Олжабай поселкасы деп атаған [7, 187 б.]. Жау жасағы 
күндіз түк өндіре алмай кешке таман сол ауылға қайтқан. 
Ерейменнің найза қиялы, қалың тоғайлы көп тауларының ішіне ене алмай дағдарған 
патша ұлықтары бұдан әрі шеттен орап өтуге ұйғарыпты. Олар енді оңтүстіктегі Жакей дейтін 


64 
шағын селоға жасырын жиналған екен. Көтерілісшілер оны айсыз түнде қоршауға алып, осы 
арада үлкен атыс болады. Жау солдаты аз болып,кейбіреуі көтерілісшілерді білісімен тайып 
берген. Көтерілісшілер оларды паналатқан үйлерді аяусыз өртейді. Малдарын айдап әкетіп, 
жаудан біраз винтовка қолға түсіреді. Қарсыласқанның көбі кулактар екен. Олардың бір тобы 
айбалта, қылыштан жараланып, найзаға түйреліп, сойыл астында өледі. Көтерілісшілер жақтан 
бес жігіт қаза табады [7, 188 б.]. Бұл атыс туралы мұрағат деректері Астана қаласы ММ 
мекемесіне Омбы мұрағатынан әкелінген құжаттарда кездеседі. 
Көтерілісшілер қаруын тастағасын, патша солдаттары Ереймен елінің болысы 
Усамбайдың Мұқанының ағаш үйіне барып тоқтап, сол жерде Ереймен елінен 500 адам қара 
жұмысқа алынады деген қағаз жасайды. Июнь жарлығы Ереймен халқына тарихи сын болды. 
Молдажан, Бала Сыздық, Иманғали балуандар, Жанайдар мен Көшербай батырлар бастаған 
намысшыл азаматтар ерлігі ел жадынан өшпейді.
Қанша қырғынға тап болса да, халықтың өзге елдің дегенінде ешқашан 
қалмайтындығын, қазақ халқының жер мен елге деген сүйіспеншілігі мен ар-намысының 
айқын көрінісі – 1916 жылғы Ереймен қазақтары көтерілісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет