Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ЕҢБЕГІ – ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ТАРИХЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет41/221
Дата25.04.2022
өлшемі3,3 Mb.
#140821
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   221
Байланысты:
тарихи тұлға

МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ЕҢБЕГІ – ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ТАРИХЫНЫҢ
БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ 
 
Балыкова А.М., т.ғ.к. 
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті доценті 
Түркі дүниетанымы-өте күрделі мәдени-тарихи кеңістік және қазақ өркениетінің төл 
арнасы. Түркілік дүниетаным негізінде қалыптасқан түркі халықтары бүгінгі таңда ұлттық 
ерекшеліктері мен тарихы туралы зерттеулер жүргізуде. Әрбір ұлттың өзіне тән мәдениеті мен 
өркениеті болатынын ескерсек, қазақ өркениетінің де жалпы мазмұнын тануға болады. 
Түркі өркениеті мазмұны әрбір түркі халықтарының мәдениеті мен өркениетіне бастау 
болған. Сондықтан да, қазақ өркениетінің әлемдік өркениетке қосқан үлес салмағын 
бағдарлау барысында да жаңа мазмұнға ие болып, толығатыны даусыз. 
Өз философиялық көзқарастарымен дала өркениетіне қомақты үлесін қосқан тұңғыш 
ұлт тарихшысы Дулати оны адамзаттың рухани мәдениетінің деңгейін көрсететін ғалым деп 
санады. М.Х.Дулатидің философиялық тұжырымдарын талдау арқылы түркі өркениетінің 
мәдени-тарихи құндылықтары мен даму негіздерін, ұлттық болмысын танып-білуге болады. 
XVI ғасырдағы белгілі тарихшы және әдебиетші Мырза Мұхаммед Хайдар Дуғлаттың 
«Та’рих-и Рашиди» деген шығармасы XIV-XVI ғасырлардың басында Қазақстан аумағы мен 
көрші аумақтарда өмір сүрген ірі мемлекеттердің бірі Моғолстан тарихына арнайы арналған. 
Бұл еңбек- Қазақ хандығының тарихын зерттеу үшін де аса маңызды бастапқы деректеме. 
Онда тоқсан жыл ішіндегі қазақ хандарының тарихы тым қысқа болғанымен, дәйекті түрде 
баяндалған. 
Шонжарлардың жоғары топтарына жататын Мырза Мұхаммед Хайдар ибн Мұхаммед 
Хұсайын Дуғлат (1499-1551 жж.) Моғолстанның аса ірі тайпаларының бірінен шыққан. Мырза 
Мұхаммед Хайдардың ата-бабалары –дуғлат тайпасының әмірлері мен бектері- Моғолстан 
мемлекетіне кірген Оңтүстік Шығыс Қазақстанның, Қырғызстанның, Шығыс Түркістанның 
саяси тарихында зор рөл атқарған; олар аса маңызды мемлекеттік қызметтер атқарып, 
ұлысбектер болған. 
Мырза Мұхаммед Хайдар хижра бойынша 905 жылы (1499/1500 жж.) сол кезде моғол 
хандарының билігінде болған Ташкентте туған. Оның анасы Моғолстан ханы Сұлтан Жүністің 
кіші қызы болған, ал Сұлтан Жүніс белгілі мемлекет қайраткері, тарихшы және ақын Захир 
ад-дин Бабыр мен Моғолстан ханы Сұлтан Сайидтың немере туысы еді. Мырза Мұхаммед 
Хайдар 1512 жылдан 1533 жылға дейін Сұлтан Сайид ханның сарайында болып, билеушінің 
мұрагері Абд ар-Рашид сұлтанды тәрбиеледі. 1533 жылы Абд ар-Рашид хан дуғлаттардың 
жоғарылауынан қауіптеніп, оларға жазалау шараларын үйіп-төкті. Мұхаммед Хайдар 
Кашмирге қашып барып, Үндістан, Ұлы Моғолдар билеушілері атынан 1551 жылы 
шайқастардың бірінде өлтірілгенге дейін билік етті [1;14-15бб]. 
Мырза Мұхаммед Хайдар жақсы білім алған, өз дәуірінің саяси оқиғалары мен 
қайраткерлерінен хабардар болды. Ол түркі тілінде әдеби шығармалар жазғанымен де, 
мұсылман тарихнамасына тарихи «Та’рих-и Рашиди» еңбегінің авторы ретінде енді. Шығарма 
1542-1546 жылдары Кашмирде ортаазиялық парсы тілінде жазылған. Екі бөлімнен – 
дафтарлардан тұрады. 
I дафтар моғолдың Шағатай ұрпақтарынан шыққан хандардың тарихынан тұрады, онда 
әмір Болатшы дуғлат 1348 жылы Тоғлық-Темір ханды хан тағына көтерген уақыттан бастап, 
Мұхаммед Хайдар мырза Абд ар-Рашид ханның құрметіне арнаған өз шығармасы 1533 жылы 


58 
Қашғарияға (Моғолияда) оның билік ете бастағанына дейін Моғолстанда болған оқиғаларды 
баяндаған. 
II дафтар автор 1541 жылға дейін жеткізген мемуарлар болып табылады. Бұл бөлімде 
өз өмірбаяны және сол дәуірдің көптеген тарихи адамдары туралы өмірбаяндық 
материалдармен қоса, бірінші бөлімде баяндалғандарына қосымша Сұлтан Сайид ханның 
Моғолстандағы билік үшін күресі, оның 1514 жылы Қашғарияның дуғлат әмірлерін басып 
алып, Моғолия мемлекетінің негізін қалағаны, Моғолстанның бұрынғы аумақтарында-Жетісу 
мен Тянь-Шань өңірінде Шағатай ұрпақтарының билігін қалпына келтіру әрекеттері туралы 
мәліметтер бар [1;16 б]. 
Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашидиінде» Қазақ хандығының XV-XVI ғғ. 
тарихы жай тарихи фактілердің жиынтығы түрінде емес, нақты бір мәселені ғылыми 
принциптерді сақтай отыра, арнайы түсіндіруге бағытталған түрде беріледі. Сол себепті де 
Мұхаммед Хайдар Дулатиды Қазақ хандығы тарихының алғашқы кезеңдерін алғаш зерттеген 
ғалым деп саналады [2;16 б]. 
Мұхаммед Хайдардың шығармасы медиавистикада кеңінен мәлім. Оны XVI-XVII 
ғасырлардағы көптеген шығыс авторлары мен соңғы орта ғасырлардағы Орталық, Орта Азия 
тарихын қазіргі зерттеушілер түпнұсқа ретінде пайдаланады [3;58 б]. 
«Та’рих-и Рашиди» қолжазбасы парсы тіліндегі көптеген тізімдерде, түрік тіліндегі 
аудармаларда сақталған [4;506 б]. 
М.Х.Дулати Орта Азиядағы мемлекеттер мен халықтардың XV-XVIII ғасырлар 
аралығындағы екі жүз жылға жуық тарихына шолу жасап, соның негізінде сол дәуірдегі қоғам 
өміріне, ондағы болған тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалардың іс-әрекеттеріне рухани және 
адамгершілік құндылықтар тұрғысынан баға беріп, терең әлеуметтік – философиялық ақыл-
ой жүйесінде тарих философиясының бастамасын қалаған деп айтуға толық негіз бар. 
Ойшылдың «Тарихи Рашиди» шығармасында туған жерге, халқына деген ыстық 
сезімдері, толғаныстары жазылып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып жалғасып отыр. Сондай-ақ, 
жастарды ерлікке тәрбиелеудегі арман-тілектері айқын байқалады. Бұл туралы «Мұхаммед 
Хайдар Дулати өзінің шығармаларында батырдың тұлғасын сомдап, жауына қаншалықты 
қатал мейірімсіз болса, бауырларына, еліне халқына, отбасына соншалықты мейірімсіз болып 
суреттеледі. Ойшылдың шығармаларында барлық тәрбие негіздері қарастырылады. Яғни 
патриоттық тәрбиемен қатар дене тәрбиесі, имандылық пен адамгершілік тәрбие негіздері де 
беріледі. Мұның өзі халқымыздың ерлікпен қатар адамгершілікті жоғары бағалағанын, яғни 
балаға тән тәрбиесі мен жан тәрбиесін қатар беруді мақсат еткендігі байқалады» [5;98-101бб]-
деп түйеді зерттеуші Б.Қалыбекова. 
М.Қозыбаев: «Мұхаммед Хайдар Дулати кешенді түрде көшпенділерді динамикада 
қарап, олардың көшуден отырықшылыққа ауысуын, даладан қалаға орнығуын, тайпалық 
одақтан мемлекетке өтуін қарастырумен бізге қымбат» [6; 369 б.]–десе, « Мұхаммед Хайдар 
өз еңбегінде көшпелілердің отырықшылыққа ауысуын, даладан қалаға орнығуын, тайпалық 
одақтан мемлекетке өтуін тұңғыш рет қарастырған ұлы тұлға. XV-XVI ғасырлардағы Шыңғыс 
хан, Әмір Темір шапқыншылығына ұшырап күйреген ел, құлазыған дала көрінісін шынайы 
суреттейді. 
Шындығында да, адамзат тарихында талай мәдениеттердің жаугершілік замандарда 
өзін-өзі қорғай алмай, дәрменсіздік көрсетіп, ассимиляцияға ұшырағандығы немесе мүлде 
жойылып кеткендігі қолың көпшілікке белгілі тарихи-мәдени фактілер болып табылады. Ал 
сындарлы кезеңдерде тағдыр талқысына қанша ұшыраса да әлемдік философияда, мәдениетті 
бүгінгі таңда да, өзінің өміршеңдігін танытып отыр [7;12 б.]. 
Қазақ халқы-басқа да түрік халықтары секілді қиын да бай тарихты бастан кешірді. 
Қазіргі таңда өз ұлттық тарихымызды терең танып-білуде ең алдымен рухани байлығымыздың 
қайнары болған тарихи тұлғалар өмірі мен шығармашылығын зерттеу қажет. 
М.Х.Дулатидің шығармашылық мұрасы-қазақ ұлтының өз шаңырағын құрып, жеке 
хандық құрған, аса ауыр да дүрбелең уақытындағы түркі тілдес халықтардың мәдени-тарихи 


59 
өмірін шежірелеуден туған, өмір философиясына тұнған, болмыс пен таным туралы, адам 
тұлғасы жайлы жан-жақты сыр шертетін философиялық мазмұнымен ерекшеленеді. 
М.Х.Дулати өзінің «Тарихи Рашиди» мен «Жаhаннаме» секілді еңбектері арқылы түркі тілдес 
халықтарға ортақ рухани тұлға болып қана қоймай, бүгінгі таңда да жоғары деңгейдегі рухани 
көшбасшы болуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет