Эссе Қарым-қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылдау



Дата12.12.2022
өлшемі14,74 Kb.
#162376
Байланысты:
10срсп


Эссе
Қарым-қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылдау
Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Өзге адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады.
Адам баласы қоғамнан тыс жеке өмір сүре алмайды. Себебі адамның психикасы тек қоршаған ортамен, яғни айналасындағылармен қарым- қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады.Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым- қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мысалы, нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қатаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалады.
Орыстың атақты ғалымы М.В. Ломоносов «Ресейлік грамматикада» мынадай пікір айтқан: «...Қандай да бір мəшинені құрастыруға дайындалған бөліктер оқшау жатқанда жəне өзіне белгіленген əрекетті екіншісіне жеткізіп отырмаса, олардың болмысы бос əрі пайдасыз. Сол сияқты адам баласының əр мүшесі өз ұғымындағыны өзгеге айтып жеткізе алмаса, біз ойларымыздың қосылуымен басқарылатын істі бірге жүргізуді былай қойғанда, жабайы аңдардан бетер болып кетер едік ...». Яғни бұл сөздерден адамның іс-әрекетінде, жалпы өмірінде қарым-қатынас үлкен рөлге ие екенін анық байқаймыз.
Адам баласы кез-келген ортада өзiн қоршаған адамдармен өмiр сүредi және қалыптасады, осыған сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi. Жалпы, қарым-қатынас психологиясында мынандай құбылыстар болады: адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар.
Яғни,өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсе отырып бiз оларды қабылдаймыз және бағалаймыз, бiздiң әрқайсымыз өзiнiң ерекшелiгiн жеке қарым-қатынасқа түсу арқылы қоршаған ортадағы, мектептегi, көшедегi тiкелей контакт арқылы қалыптасады. Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ, онда мынаны байқаймыз: басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз. Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз. Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз. Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз. Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.
Қорыта айтқанда, кез-келген қарым-қатынас, адамдар арасындағы жай ғана байланыс емес, қандай да бір іс-әрекет кезінде қоршаған ортаны, яғни айналасындағыларды қабылдау, ақпарат алмасу процесі болып табылады. Адам қоғамда қоршаған ортаны қабылдай отыра оның талаптарына сай өз пікірі мен мінез- құлқын өзгертеді, топтың өзге қатынасушыларымен бірлескен іс-əрекет ықпалымен түрлі сезімдерді бастан кешеді. Алайда мұның барлығы өзге адамдармен ақпарат жəне толғаныс алмасудан ғана болады, оларды жақсы тани отырып, біздің əрқайсысымыз қалай да болса қатынасқа түсеміз. Сондықтан қарым-қатынас процесі адам өмірінің ажырамас маңызды бөлігі десек қателеспеспіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет