Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің бастамасымен дәстүрге
айналған бұл форум ғылыми интеграцияға да тың серпін береді демекпін. 2020 жылы ұлы
ойшылдардың мерейтойы - әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Абай Құнанбайұлының 175
жылдығы аталып өтіледі.
Форум жұмысының аясы мен мақсаты да осындай аса зәру мәселені қозғайтындықтан
құптауға тұрарлық, тұғырлы да ғұмырлы ғылыми ой-санаға қозғау салатын иігілікті іс-шара.
Сондықтан, бүгінгі форумда талқыланатын тақырыптардың ауқымы кең, мағынасы терең,
болашақ ұрпақ үшін тағылымы мол боларына кәміл сенемін.