«Рухани жаңғыру»
бағдарламасының басым бағыттарын жүзеге асыруда
университетіміздің ұжымы мен студенттері, магистрлері, PhD докторанттары мен жас
ғалымдары белсенді әрі жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Атап айтсақ, қолданбалы және
іргелі ғылыми, стартап жобалар, түрлі конкурстар мен зияткерлік олимпиадалар,
қайырымдылық акциялары мен түрлі кездесулер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар
ұйымдастыру, т.б. көптеген шаралар мазмұндық және тұрпаттық жағынан рухани жаңғыруға
бағытталған. Қазіргі таңда университетіміздің академиялық миссиясы білім-ғылым-тәрбие
үштігі негізде атқаратынын ескерсек, бағдарламаның басым бағыттары осының үшеуінде де
қамтылған. Әсіресе, өскелең ұрпақ бойындағы тарихи сананың қалыптасуына үлкен мән
беріліп, назарға алынған.
Достарыңызбен бөлісу: |