«Қазіргі Қазақстанда үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда философия мен ғылымның рөлі»



Дата07.02.2022
өлшемі19,02 Kb.
#93133
Байланысты:
Есентаева А ғтмф1


«Қазіргі Қазақстанда үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда философия мен ғылымның рөлі»
Қазақстанның бірінші жаңғыруы өз алдына жеке мемлекет құруында болды, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту кезеңін қамтыды. Екінші жаңғыру Қазақстан – 2030 стратегиясын қабылдау, ел ордасын Астана қаласына ауыстыру болды. Екінші жаңғыру кезеңінде Қазақстан экономикасы артта қалған санаттан шығып, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылды. 2017 жылдың 31 қаңтарында Елбасы өзінің жолдауында « Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз.» деген болатын. Демек, үшінші жаңғыру алдыңғы екі қадамның жалғасы болмақ.
«Жаңғыру 3.0» жобасының мақсаты – бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы 30 елдің санатына қосылуға мүмкіндік беретін экономикалық дамудың жаңа моделін ұсыну. Бұл дегеніміз, Бүгінгі таңдағы Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыру аясында саяси реформа, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру және рухани жаңғыру сияқты үш жаңғыру үдерісі жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі Қазақстанда үшінші жаңғыруды жүзеге асыруда философия мен ғылымның рөлі маңызды болмақ.Философия мен ғылымның маңызды рөль атқаратындығын біз үшінші жаңғырудың төмендегідей міндеттерін талдай отырып көрсете аламыз.
Бірінші негізгі міндет: технологиялық жаңғырту. Қарқынды дамып жатқан әлемде даму көрсеткіші – бәсекеге қабілетті болу. Бәсекеге қалай қабілетті бола аламыз? Әлемге ашық болу арқылы. Жаһанда болып жатқан өзгерістермен таныс болып, оны өз ыңғайымызға қолдана алу арқылы. Соңғы жылдары интернет саласы қарқынды дамуда екені бәріне мәлім. Интернет сауда, энергоүнемді желілер, мобильді қосымшалар адамзат өмірін жеңілдетуде үлкен қызмет атқаруда. Демек, технологиялық жаңғыру дегеніміз-ескі ғылымды зерттеп, қазіргі ғылымды дамытып және жаңа ғылымды жарату. Елбасы өз жолдауында, «Біз жоғары оқу орындары, Назарбаев Университеті және "Алатау" иннновациялық технологиялар паркі базасында өзіміздің ғылыми және инновациялық әлеуетімізді дамытуымыз керек.» деп атап көрсеткен. Міне бұдан біз үшінші жаңғыру-ғылымды жаңғырту болып табылатындығын көре аламыз.
Екінші кешенді міндет. Жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз керек. Бұл – өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар. Бірінші. Еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру керек.Бұл жердегі негізгі фактор Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу болуға тиіс. Бұл – автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, "ауқымды мәліметтер" алмасу, тағы басқа міндеттер. Екінші. Басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру керек. Жаңа индустриялар құру, жаңа технологияларды қолдану, бір сөзбен айтқанда жаңа ғылымдрды зарттеп-зерделеп адам игілігіне жарату болып табылады.
Үшінші жаңғырдың айта кетерлік және бір артықшылық: адам капиталы. Адам капиталын дұрыс жолға қоймай, ешқандай жаңғыру туралы айту мүмкін емес. Денсаулық сақтау мәселесі мен білім беру жүйесі адам капиталын жаңғыртуда басты бағыттары. Білім – болашақтың, дамудың кепілі. Елбасы білім саласына баса назар аударуды меңзейді. Білім жағынан бәсекеге түсу, білім жағынан озу қай жағынан қарасаңыз да тиімді. Білім беру саласында, білім алушыларда қызығушылық тудыру маңызды, олар өз беттерімен білім алып, сыни ойлап, өз бетімен ізденуі керек. Бұл жерде біз дана хақымыздың ежелден келе жатқан « Денсаулық-зор байлық»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет