Сабақтың тақырыбы: Агроөнеркәсіптік кешен. Қазақстанның ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы



Дата29.03.2017
өлшемі30,21 Kb.
#12548
түріСабақ
  • .
  • Сабақтың тақырыбы:
  • Агроөнеркәсіптік кешен.
  • Қазақстанның ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы.
  • Сабақтың типі: Жаңа сабақ
  • Сабақтың әдісі: СТО-ның әдістерін пайду,тірек–сызба.
  • Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның экономикалық картасы,атлас, слайдтар,буклеттер,плакат,мәтін парағы.
  • Сабақтың жоспары:
  • І Ұйымдастыру / топтастыру/
  • ІІ Үй тапсырмасын тексеру /топшамалар/
  • ІІІ Қызығушылықты туғызу /слайдттар,бейнекөрініс /
  • ІҮ Мағынаны ашу
  • Ү Әр “Зерттеу орталығына” үлестірмелі тапсырмалар беріледі.
  • Оқулықпен,кескін картамен картамен,дәптермен жұмыс.
  • ҮІ Сергіту сәті. Экологиялық мәліметтер.”Табиғатты қорғайық”
  • ҮІІ Ұғыну
  • ҮІІІ Бағалау.
  • ІХ Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру кезеңі: (Топқа бөлу,оқушылардың назарын сабаққа аудару)

  • Мұғалім
  • Оқушы
  • 1
  • Оқушылардың топқа дұрыс бөлінуін қадағалау
  • Оқушылар топқа (зерттеу орталықтарға)
  • “Ауыл шаруашылық кешенінің салалары” бойынша
  • 2
  • Бағалау парағын тарату
  • Әр топ өз лидерін анықтап, бағалау парағына оқушылардың есімі жазылады.
  • 3
  • Үй тапсырмасын тексеру үшін, тақтаға тест кілті ілінеді.
  • 2 минуттан кейін бірінің жұмысын бірі тақтадағы тест кілті арқылы тексереді, бағалайды
  • ІІ “Өзіңді өзің тексер!”
  • ( Үй тапсырмасын тексеру. / Топшамалар / )
  • Құрылыс материалдар өндірісі.
  • 1... облысында жоғары сапалы ақ саз балшық - ... алынады.
  • 2 Табиғи асбест қоры ... облысында және ... бар.
  • 3 Сазтөбеде - ... ,Текелі - ... , Алматы мен Шымкент маңайында - ... шығарады.
  • 4 Республикада ... цемент зауыты жұмыс істейді.
  • 5 Жетіқара асбест комбинатында ... өндіреді.
  • 6 Таразда ... өндіретін зауыт бар.

Дұрыс жауаптары

  • 1 Ақмола облысында – каолинді саз.
  • 2 Қостанай(Жітіқара) және Қарағанды(Жезқазған)
  • 3 – цемент,-көгілдір және амазонит граниттері,- керамзит және саз.
  • 4 5-уі – Шымкент,Сазтөбе,Қарағанды,Октябрьск
  • ( Өскемен),Семей зауыттары.
  • 5 Құрылыстардың төбесін жабуға арналған шифер.
  • 6 Шифер.
  • ІІІ Қызығушылықты ояту
  • Мына суреттерде не
  • бейнеленген ?
  • 1 « Аграрлық » сөзі
  • (лат.тілінде agrarius)-
  • « жер,жерді игеру, жерді
  • пайдалану »
  • деген ұғымды білдіреді.
  • ІҮ Мағынаны ашу :
  • 2 Агроөнеркәсіптік кешеннің міндеті –халықтың сұранысын
  • азық-түлікпен және күнделікті тұтынуға қажетті тауарлармен
  • қамтамасыз ету.
  • № 1сызбанұсқа АӨК құрылымы
  • АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
  • АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН
  • ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
  • САЛАЛАРЫ
  • АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ
  • ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА
  • ӨҢДЕУ САЛАЛАРЫ
  • ТАСЫМАЛДАУ
  • КАДР ДАЙЫНДАУ
  • ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР
  • САТУ
  • ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ
  • САҚТАУ
  • 3 АӨК-тің негізгі қорлары. (2002ж)
  • Ауыл шар-ғы - 2,9 %
  • Балық шар-ғы – 0,0 %
  • Орман шар-ғы – 0,0 %
  • Тамақ шар-ғы – 2,5 %
  • Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешеннің Қазақстанның АӨКін дамыту аграрлық саясаттың аса маңызды бағыты болып отыр.
  • 4 Ауыл шаруашылығы
  • –АӨК ің жетекші саласы құрылу кезеңі 1986-1990 жылдарға сәйкес келеді.
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • (№2сызбанұсқа)Қазақстандағы реформасына байланысты үш санатқа бөлінеді І АШ кәсіпорындары ІІ Шаруа шаруашылығы
  • ІІІ Халықтың жеке шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі әр түрлі шаруашылықтардың үлесі.
  • Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі 78,6 млн.га Ауыл шар-ғы өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер бөлігі.
  • № 3 диаграмма
  • 5 Ауыл шаруашылығы өндірісі жер ресурстарына негізделген.
  • Жайылым
  • мал жайылымы үшін пайдаланыла тын , ірі қара мал жаюға қолайлы ауыл шар-на жарамды жердің бір бөлігі.
  • Егістік жер
  • көп жылғы шөптесін және ауыспалы мәдени дақылдары егуге жарамды жер.
  • Пішендемелік жер –
  • пішендеме шабу үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жер.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ № 3 диаграмма

  • Дөңгелек диаграмма құрастыр :
  • Ауыл шаруашылығына жарамды жер құрылымы ( 78,6 млн.га )
  • - жайылым – 69,03 % - пішендемелік жер – 3,71 %
  • - егістік жер – 27,16 % -көпжылдық көшеттер- 0,1 %

  • ҚАЗАҚСТАННЫҢ
  • АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
  • 6 Ауыл шар-ның негізгі салалары -өсімдік және мал шаруашылығы-бір-бірімен тығыз байланысты және іс жүзінде бірін-бірі толықтырып отырады.
  • Мал
  • шаруашылығы
  • Өсімдік
  • шаруашылығы
  • Оқулықпен жұмыс.
  • Әр оқушыға жеке мәтін беріледі
  • Оқушы:
  • 1 Іштей оқиды.
  • 2 Түсінеді.
  • 3 Ойланады.
  • 4 Жеке талдайды.
  • 5 Жұппен талдайды.
  • 6 Топпен талдайды.
  • (зерттеу орталығы)
  • «Өсімдік шаруашылығы»
  • № 4 сызбанұсқа

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ( дәнді,техникалық,жемшөптік,бау-бақша дақыладры )

  • Ауыл шаруашылық өнімінің 56,9 %
  • Негізгі саласы Басты аймақтары
  • 1 Бидай өсіру Солтүстік Қазақстан
  • 2 Қара бидай, қарақұмық Шығыс Қазақстан
  • 3 Тары Ақтөбе,Батыс Қазақстан,Қостанай,Павлодар,Ақмола
  • 4 Күріш Қызылорда,Сырдария өзені Алматы облысы
  • 5 Мақта Оңтүстік Қазақстан/ Сырдария алқабы /
  • 6 Темекі Алматы облысы
  • 7 Қант қызылшасы Алматы,Жамбыл
  • 8 Жеміс,бақша дақылдары Оңтүстік Қазақстан
  • Өсімдік шаруашылығы үшін-жер қоры қажет.Мал шаруашылығы үшін-жем шөп базасы қажет.Мақтаны «ақ алтын» деп атайды.
  • Кестені толтыр
  • НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫ
  • ҚАЙДА ДАМЫТЫЛАДЫ
  • Сәйкестендіріп қой :
  • 1 Қысқа қарай себілген бидай ТӘЛІМІ
  • 2 Табиғи жауын-шашынмен
  • суарылатын егін шаруашылығы ЖАЗДЫҚ
  • 3 Көктемде себілген бидай КҮЗДІК
  • 4 Өнеркәсіптке шикізат ретінде
  • өсірілетін мәдени өсімдік МАҚТА
  • 5 Бағалы талшықты мәдени өсімдік ТЕХНИКАЛЫҚ
  • 1 Еліміздің негізгі астық дақылы ... болып табылады.
  • 2 Құрғақшылыққа төзімді жарма дақылы ... Ақтөбе,Ақмола,Павлодар облыстарында жақсы өседі.
  • 3 Дәнді дақыл әрі мал азығы есебінде қолданыла тын,дәнінен крахмал мен сірне дайындалатын дақыл - ...
  • 4 Қазақстанның суармалы жерлерін негізінен ... алқабы алып жатыр.
  • 5 Май,қант және крахмал өндірілетін мәдени өсімдіктер ...
  • 6 Асы,Талас,Шу,Қаратал өзендері аңғарларына ... өсіріледі.
  • Мал шаруашылығы
  • (зерттеу орталығы)
  • МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
  • Ауыл шаруашылық өнімінің 43,1 %
  • № Негізгі саласы Басты аймақтары
  • 1 Қой өсіру Оңтүстік Қазақстан
  • 2 Сүтті ірі-қара Солтүстік Қазақстан
  • 3 Етті тұқымды ірі-қара Оңтүстік және Шығыс Қазақстан
  • 4 Түйе Атырау,Маңғыстау,Қызылорда, Оңтүстік
  • Қазақстан, Жамбыл
  • 5 Марал өсіру Шығыс Қазақстан облысының Алтай
  • тауларында,таулы аймақтарда
  • 6 Омарташылық
  • Республканың барлық жерінде таралған
  • 7 Жылқы,құс,шошқа
  • 8 Жібек құрты Оңтүстік Қазақстан
  • Анықтама бер
  • 1 Жұт дегеніміз - ...
  • 2 Жайлау дегеніміз - ...
  • 3 Жем-шөп қоры дегеніміз - ...
  • 4 Қымыз дегеніміз - ...
  • 5 Шұбат дегеніміз - ...
  • Оқулық материалдарын пайдаланып жаз :
  • 1 Етті-сүтті мүйізді ірі қара малдың асыл тұқымдары - ...
  • 2 Қазақы жылқы тұқымдарының түрлері - ...
  • БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
  • (зерттеу орталығы)

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы

  • МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
  • Ауыл шаруашылығы өндірісі респ.еңбек бөлінісінде жетекші орын
  • алады,жалпы өнім көрсеткіш-ің 52 % құрайды. Қазақстан терр-ның 5,5 %
  • -ін ғана алып жатқан облыстың ірі қара өсіруде үлесі 7,4 %, сауын сиыр-
  • 6,9 %,ал қой саны жөнінен 7 % .мал тұқымын асылдандыру,астық тұқым-
  • ың жергілікті климатқа бейімделген сорттарын жетілдіру есебінен а.ш.-
  • ың өніктілігін арттыру бағытында біраз тәжірибе жинақталды.Сүтті
  • малдың негізін симменталь тұқымы (93,6 %) Дәстүрлі кәсіптің бірі-қой ш.
  • Еділбай қойы, кавказ қ.,Волгоград қ Сонымен қатар тебіндеп жайылуға
  • бейімделген көшім жылқысы ( “Пятимар”, “Красногор” және Жамбыл
  • атын.шар) зауыттар.
  • ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ
  • Бақша дақылдары,тары,бақ,жүгері,қыша.
  • 2002 ж 302 мың т астық,25 мың т картоп,23 мың т көкөніс өндірілген.
  • Ақжайық қойы
  • биязы жүнді ,етті-жүнді қой тұқымы.1967-97 ж аралығында Батыс Қазақстанда жергілікті қылшық жүнді
  • қойлардың будандарын линкольн,ромнимарш,қазақтың биязы жүнді аталық қошқарлармен күрделі зауыттық
  • будандастыру арқылы шығарылған.Еркек қошқарларының тірідей салмағы 96-103 кг,таза жүн түсімі 4,6-5,1 кг.
  • Тасқала және Казталов ауд-дағы шаруашылықтарда өсірілген.

Еділбай қойы ет-май өндіру бағытында өсрілетін қылшық жүнді,құйрықты қазақы қой тұқымының бір түрі.19 ғ-дың басында халықтың селекция негізінде пайда болған,құрғақ және шөлейт аймақтарда өсіруге бейімделген.Отаны-Батыс Қазасқтан обл-ндағы Казталов,Жалпақтал өңірі.Қошқардың салмағы100-20 кг,өсімтал келеді,тез ет алады. Облыстың « Бірлік» асыл тұқымды қой зауытында өсіріледі

  • Көшім жылқысы.
  • - мініске,жегуге арналған тұқымдық топ.1930-76 ж обл-тың оңт.ауданда (Жаңақала,Жалпақтал,Орда ) тандаулы қазақы биелерді таза мініс(Кубань,Украина) жылқысы және дон айғырымен буданын «өзара» тебін жағдайында өсіру арқылы арнаулы («Пятимар», Жалпақтал және И.Тайманов атынд.) шаруашылықтарда ,сондай-ақ Ақтөбе обл. «Мұғалжар» жылқы зауытында шығарылған.Орташа өлшемі(см) : айғыры шоқтығына дейінгібиікт.159,4.Салмағы 470-480 кг.

Қазақтың ақбас аталық бұқасы тірідей салмағы 975 кг, элита-рекорд

  • Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы
  • Мал шаруашылығы
  • Қайда дамытылады /аудандар/
  • Ірі қара
  • Қой және ешкі
  • Жылқы
  • Түйе
  • Құс
  • Өсімдік шаруашылығы
  • Негізгі салалары
  • Қайда дамытылады /аудандар/
  • Жаздық бидай
  • Тары
  • Күнбағыс
  • Жүгері
  • Қыша
  • Батыс Қазақстан облысында мал басының үлесі
  • Ірі қара , қой және ешкі , шошқа , түйе .
  • Кескін картамен жұмыс

ҮІ Экологиялық мәліметтер.

  • Ғалым А.Болдырованың зерттеуі бойынша,ауыл шаруашылығына
  • пайдаланатын жердегі кобальт -300,мырыш-200,қорғасын 100 г/т-ға
  • жетіп отыр.Оған қоса атмосфераға 200-250 мың т шаң-тозаң көтеріліп,
  • одан егістік жерлерге темір,кремний,кальций,т.б. меьалдарды тарата
  • ды . ХХ ғасырдың екінші жартысында ауыл шаруашылығында пайда
  • ланатын жерлер үздіксіз айналымға түскендіктен,топырақ сапасы
  • төмендей бастады.әсіресе а.ш. Химияландыру науқаны күшеіп,оның
  • зардабы адамдар арқылы біліне бастады.Бұл экологиялық жағдайлар
  • дүние жүзінің көптеген мемлекетінде жаппай сипат алды.
  • Статистикалық мәліметтер бойынша,жыл сайын дүниеге келген
  • сәбилердің 11,2 % денсаулығы нашар және ақыл-есі кем болатыны
  • анықталған.11-12 мыңы онкологиялық ауруларға ұшыраған.

ҮІІ Ұғыну Дәптерге “кластерді” сызу

  • Мал шаруашылығы
  • Өсімдік
  • шаруашылығы

ҮІІІ Бағалау парағы

  • Оқушының аты-жөні
  • Т а п с ы р м а л а р ы
  • №1
  • №2
  • №3
  • №4
  • №5
  • №6
  • №7 Бағасы
  • ІХ Үйге тапсырма
  • § 13 Кескін картаға ауыл шаруашылығының негізгі салаларын орналастыру / мал ,өсімдік
  • және Батыс Қазақстан облысының шаруашылығы /
  • Зер салып тыңдағандарыңызға
  • РАХМЕТ!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет