Xix ғасырдағы мәдениеттің дамуы. Зерттеу сұрағы: Неге XIX ғасыр қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады?



Дата13.05.2022
өлшемі2,15 Mb.
#143020
Байланысты:
Жоба Америка Шапағат Алтынбек

ШАҒЫН ЖОБА

ПӘНІ: ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРІНІҢ ЖАҢА ЗАМАН ТАРИХЫ

Тақырыбы: АҚШ-тағы Азамат соғысы, кезеңдері

Орындаған: Кәрімұлы Ш, Әнетов А.

Пән оқытушысы: Аға оқытушы Исаева Л. Н.

МАЗМҰНЫ

  • 1861-1865 жылдардағы Азамат соғысы және АҚШ-тағы Қайта Құрылымдау кезеңі
  • АҚШ-тағы азамат соғысының басты тарихи маңызы
  • Азамат соғысынан кейінгі ақш-тың дамуы

1861-1865 жылдардағы Азамат соғысы және АҚШ-тағы Қайта Құрылымдау кезеңі. ХІХ ғасырдың екінші жартысында АҚШ-тың Өнеркәсібі Солтүстікте дами бастағанда, оңтүстік аграрлық болып артта қалды. Алайда АҚШ-ты басқару бұрынғыдай оңтүстік штаттардың қолында болды. Бұл солтүстіктің наразылығын тудырды. Құл еңбегін қолданушы Плантаторлар мен жаңа аумақтағы (солтүстіктегі) Фермерлер арасында келіспеушіліктер басталды. Құлдыққа қарсы шығушылар мен жақтаушылар арасында қарулы қақтығыстар белең алды.


Тарихи тұлғаларды таны
Авраам Линкольн — Америка мемлекет қайраткері, АҚШ-тың 16-шы Президенті (1861-1865) және Республикалық партиядан американдық құлдарды бірінші азат етуші, америка халқының
ұлттық батыры.
Джефферсон Финис Дэвис — американдық әскери және саясат қайраткері, АҚШ Азаматтық соғыс кезіндегі Американың Конфедеративті Штаттарының жалғыз және бірінші президенті.

1861-1865 жылдар арасында болған Америкадағы азамат соғысы солтүстіктегі жалдамалы еңбек пен оңтүстіктік штаттардағы құл еңбегі арасындағы қайшылықтардан туындады. Бұл тарихи деректер мен түрлі ақпараттар көздері беретін тұрақты жауап қана. Шындығында Америкадағы азамат соғысы қайдан басталды? Қаржының қандай қатысы бар? "АҚШ-тағы азамат соғысы түптеп келген кезде халықаралық қаржылық күштері мен олардың өкілеттерінің мемлекеттік ақша шығару құқығы мен ақша саясатына байланысты АҚШ үкіметімен жүргізген қиян-кескі мүдде таласы",-дейді "Ақша соғысы" кітабының авторы Суң Хуңбиң. Шындығында азамат соғысы басталмай тұрғанға дейін АҚШ президенттерінің күресі Еуропадан келген жекеменшік банк жүйлеріне қарсы шығумен бағаланды. Себебі Ротшильд династиясы Еуропаның бүкіл қаржы жүйесі мен саясатын да жүргізуге күш алғаннан кейін, АҚШ-қа көз сала бастаған-ды. Осының нәтижесінде қаржы айналасындағы адамзат біле бермейтін, тарихи шындығы бүркемеленген соғыстардың оты тұтанды.

1861-1865 жылдары соғыс өте қатал және қантөгісті болды. 1861 жылы Оңтүстік жеңді.Өйткені күшті әскери дайындыққа ие болды. Ал Солтүстіктегі бетбұрыс А.Линкольннің соғысты жүргізудің «Революциялық әдісіне» көшуі еді. Екі маңызды заң қабылданды: 1. Гомстедтер туралы заң (1862) 2. Құлдарды азат ету актісі.(1862) Бұл заңда1863 жылғы қаңтардан бастап барлық құлдарды ерікті деп жариялады. Сондықтан оңтүстіктегі құлдар солтүстіктегі федералды әскердің құрамында қызмет етуге шықты.


Азамат соғысы барысы
1864 жылы солтүстіктіің бас қолбасшысы болыпгенерал У.Грант тағайындалды. Оның әскері Конфедерацияның астанасын қоршап алды. 1865 жылы оны иеленді.
Оңтүстіктер жеңіліс тапты.
Нәтижесінде:
- АҚШ-тың үлкен аумағында ауылшаруашылықтың фермерлік дамуының жеңісі байқалды;

Азамат соғысы нәтижесі
Улисс Симпсон Грант — АҚШ-тың әскери және саяси қайраткері.1846-1848 жылы АҚШ-тың Мексикаға қарсы басқыншылық соғысына қатысты. 1861-1865 жылдары Азамат соғысы кезінде солтүстіктегілердің полк командирі, федералдық армияның қол басшысы болып, оңтүстіктегі құл иеленушілерді жеңуде көп еңбек етті. 1869-1977 жылдары АҚШ-тың президенті. Грант ірі буржуазияның саясатын жүргізді. Қара нәсілділерге сайлау құқығын беруді жақтады, бірақ құлдарға жер беруді қолдамады.

АҚШ-тың өнеркәсіптік өркендеуі мен дамуы


Азамат соғысы аяқталған соң АҚШ-та көп өзгерістер болды. Мемлекет Аграрлық Республикадан индустриялық державаға айналды. АҚШ тұрғындары 31 млн нан 76 млн ға өсті. Ірі өнеркәсіптік қалалар көбейлі. Одақ құрамына 12 жаңа штат қабылданды. Жылдам экономикалық даму басталды. АҚШ-тың ХІХ ғасырдың соңындағы жылдам дамуы елдің жүзжылдықта болып көрмеген экономикалық өсудің бастамасы болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет