Сұйық экстрактар деген не, олар қалай қолданылады? Экстрактар деп дәрілік өсiмдiк шикiзатынан алынатын концентрлi сығындылар аталады. Өсiмдiк материалын сығындауға арналған экстрагентке байланысты барлық экстрактар келесi топтарға бөлiнедi:
Сулы экстрактар – Ехtrасtа аguоsа
Спирттi экстрактар – Ехtrасtа sрirituosа
Эфирлi экстрактар – Ехtrасtа аеthеreа
Майлы экстрактар – Ехtrасtа оlеоsа
Консистенциясы бойынша экстрактар:
Сұйық - Ехtrасtа fluida – қозғалмалы, боялған сұйықтықтар;
Қою - Ехtrасtа sрissа– ылғалдылығы 25%-ға дейiн болатын тұтқыр массалар;
Кұрғақ - Ехtrасtа siсса – ылғалдығы 5%-ға дейiн болатын сусымалды массалар.
Сұйық экстрактар тек спиртте ғана болады; қалғандары сулы, әрi спирттi болуы мүмкiн. Қазiргi кезде УФМ, ФМ, МФ Х басылымында 45-тен астам сұйық, қою, құрғақ экстрактар енгiзiлген.