ҮЛКЕНДЕРДІҢ НАСИХАТЫ
-
Үлкен кісімен сөйлескенде, қолыңды қалтаңа салып тұрма.
-
Біреумен сөйлескен кезде, қадала қарап тұрмау керек.
-
Біреудің мал-дүниесіне қызығып, тесіле қарама.
-
Сынған, жоғалған нәрселерді айтып өкіне бермеу керек.
-
Көзіңді орынсыз ойнақтатып, жан-жаққа алақтама.
-
Есікті қатты жаппа және тарсылдатып қақпа.
-
Жоқтан өзгеге түйіле берме.
-
Өзіңе қатысы жоқ сөзді естуге құмартпа.
-
Есікті тасалап немесе табалдырықты басып тұрып сөйлеме.
23
-
Кездескенде жасы кіші үлкенге сәлем береді.
-
Шақырса бару керек.
-
Үлкен кісілерден ақыл-кеңес сұрап тұр, білгеніңше ақыл-
кеңес бер.
-
Ауырып қалса, көңілін сұра.
-
Қайтыс болса, қайғысына ортақтасып, жаназа намазына
қатысу керек.
ТАМАҚТАНУ ТӘРТІБІ
Тамақтану үш бөлімнен тұрады:
І. Тамақтан алдын;
ІІ. Тамақтану кезінде;
ІІІ. Тамақтан кейін;
І. Тамақтың алдындағылар:
- Тағамды жерге қоймау;
- Өзін қинамай тапқанын жеу;
- Бір ыдыстан көп адам жеуі – береке;
- Тағам жеуден алдын ала қол жуу;
- Рұқсатсыз жемеу;
ІІ. Тамақтану кезінде;
- «Бисмилләһ» деп бастау;
- Оң қолымен жеу;
- Өз алдыңнан жеу. Хадисте: «Ей, Бала «Бисмилләһ» - пен, оң
қолмен және өз алдыңнан же», деп өсиет айтқан.
- Ыстық тағаммен қосып, мұздай су ішпеу, өйткені ол
денсаулыққа зиян;
- Ыстық тағамды үрлемей ішу;
- Сөйлесіп, жақсы сөздер айтып жүру;
- Егер тамақ ұнамаса үндемеу;
- Тоқ қарынға тамақ жемеу керек;
- Тағамға қарап түкірмеу, жөтелмеу керек;
- Тағамнан алған күш-қуатты жақсы нәрселерге жұмсайын
деп ниет ету;
- Жемістің дәнегін әуелі қолға алып, кейін тастау керек;
- Алып келген тағамды қайтармау керек;
|