27
кенелсе, құттықтап қой. Бір бәлекетке душар болса, жұбат. Үйіңнің
шатырын онікінен биік қылма – оның желіне бөгет боласың. Сенің
пісіргеніңді ол
білмесін, немесе пісіргеніңнен оған да бер», -
және бір сөзінде: «Көршісі аш болып өзі тоқ жатқан кісі – мүмин
емес, яғни бізден емес». Сондықтан, көршімен қандай жағдайда
болмасын, жақсы қарым-қатынаста болу міндет еткен.
ОТЫРЫС ЖӘНЕ МӘЖІЛІС ЕРЕЖЕЛЕРІ
-
Мұсылман жиналған көпшілік орынға келгенде,
әуелі
сәлем береді. Содан соң орынның соңы қай жерге келген болса,
жай таңдамай отыруы керек. Бұл нәрседе біреудің көңілін қапа
етіп қалуымыз мүмкін.
-
Біреу бір себептермен сыртқа шығып кетсе,
содан соң
ол қажетін бітіріп қайтып келсе, сол орын соның орны болып
саналады. Басқа
біреу отырып қойған болса, оны тұрғызып
жіберуге хақылы.
-
Отырыста шеңбер болып отырғанда,
оның ортасына
отырмау керек. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.с.) шеңбердің
ортасында отырғанды лағнеттеген.
-
Отырыста (той, мереке т.б.) тыныштықты сақтау, әрекетті
аз қылу, мысалы: сақал тарау немесе саусақтарын сындырып
пытырлату, бекерден-бекер жөтеле беру сияқты. Яғни,
құрметті
кетіретін қылықтардан сақтану керек.
-
Сөз сөйлегенде, жақсы ғибратты әңгімелер айту ләзім.
-
Біреу сөз сөйлеп жатқанда, оның сөзін бөлмеу.
-
Шама келгенше жолға отырмағанымыз абзал. Егер осындай
жағдай бола қалғанда, мына төмендегі ережеге бағынсын. Хадисте:
«Жолға отырудан сақтаныңдар», - деді. Сахабалар: «Мүмкіндік
жоқ»,
- дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ондай болса, жолдың
хақысын өтеңдер», - деді. Сонда Сахабалар: «Жолдың хақысы не?»
- деп сұрағанда, ол кісі: «Көзді жаман нәрсеге қараудан сақтану.
Сәлемге жауап беру. Жақсылыққа бұйыру, жамандықтан қайтару
және адасқан кісіні тура жолға салу», - деген екен.
-
Жиналыс (той, мереке, т.б.) біткеннен соң, бата жасау және
Алладан кешірім сұрау керек екен. Өйткені, жиналыста біреудің
көңілін суытып алған болуымыз мүмкін.