Намаз үйренейік шымкент-2015


БАЛА-ШАҒА АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТІМІЗ



Pdf көрінісі
бет30/36
Дата15.04.2022
өлшемі358,65 Kb.
#139446
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
Байланысты:
195.Намаз үйренейік
Ясау толықтырылған, Дәрігердің үшінші қаруы
БАЛА-ШАҒА АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТІМІЗ
Бұл дүниенің қызығы мен қуанышы, өмірдің жалғасы – 
перзент сүю. Ата-ананың перзенттері алдында хақтары бар екен. 
Олар төмендегілер:
1) Жақсы ана таңдау, хадисте: «Діндарын тауып ұтып 
шық», - деген. Яғни, болашақта болатын перзенттің жақсы 
болуына әйел үлкен рөл атқарады. Ғұламалар әйелді жер 
анаға ұқсатқан: жақсы құнарлы жерге егілген егіннен жақсы 
өнім алады, ал жердің құнары болмаса – ол жерде өнімді ала 
алмайды екенбіз. Сол секілді, жақсы жар таңдай білу керек.
2) Перзент туылған кезде ұл-қыз арасын ажыратпау 
керек. Бұл Құдайдың бергені деп біліп, шүкіршілік етуіміз 
ләзім. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Кім үш қызы 
болса, оларға жақсы тәрбие беріп өсірсе, оған тозақтан перде 
болады». Сонда бір сахаба: «Екі қыз болса?», - дегенінде, ол 
кісі: «Иә, екеуге де солай», - деді. Тағы бірі: «Бір қызға?», - 
дегенде: «Оған да тозақтан перде болады», - деді.


26
3) Перзент туылған соң, жақсы ат қою керек. Есімнің 
жақсы-жаман болуы үлкен әсер етеді. Өйткені, қоғамда 
немесе достарының арасында үнемі тартқыншақтап, өзінің 
есімінің жаман болуы себепті қысылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет