Намаз үйренейік шымкент-2015


ОТЫРЫС ЖӘНЕ МӘЖІЛІС ЕРЕЖЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет33/36
Дата15.04.2022
өлшемі358,65 Kb.
#139446
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
195.Намаз үйренейік

ОТЫРЫС ЖӘНЕ МӘЖІЛІС ЕРЕЖЕЛЕРІ

Мұсылман жиналған көпшілік орынға келгенде, әуелі 
сәлем береді. Содан соң орынның соңы қай жерге келген болса, 
жай таңдамай отыруы керек. Бұл нәрседе біреудің көңілін қапа 
етіп қалуымыз мүмкін.

Біреу бір себептермен сыртқа шығып кетсе, содан соң 
ол қажетін бітіріп қайтып келсе, сол орын соның орны болып 
саналады. Басқа біреу отырып қойған болса, оны тұрғызып 
жіберуге хақылы.

Отырыста шеңбер болып отырғанда, оның ортасына 
отырмау керек. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.с.) шеңбердің 
ортасында отырғанды лағнеттеген.

Отырыста (той, мереке т.б.) тыныштықты сақтау, әрекетті 
аз қылу, мысалы: сақал тарау немесе саусақтарын сындырып 
пытырлату, бекерден-бекер жөтеле беру сияқты. Яғни, құрметті 
кетіретін қылықтардан сақтану керек.

Сөз сөйлегенде, жақсы ғибратты әңгімелер айту ләзім.

Біреу сөз сөйлеп жатқанда, оның сөзін бөлмеу.

Шама келгенше жолға отырмағанымыз абзал. Егер осындай 
жағдай бола қалғанда, мына төмендегі ережеге бағынсын. Хадисте: 
«Жолға отырудан сақтаныңдар», - деді. Сахабалар: «Мүмкіндік 
жоқ», - дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ондай болса, жолдың 
хақысын өтеңдер», - деді. Сонда Сахабалар: «Жолдың хақысы не?» 
- деп сұрағанда, ол кісі: «Көзді жаман нәрсеге қараудан сақтану. 
Сәлемге жауап беру. Жақсылыққа бұйыру, жамандықтан қайтару 
және адасқан кісіні тура жолға салу», - деген екен.

Жиналыс (той, мереке, т.б.) біткеннен соң, бата жасау және 
Алладан кешірім сұрау керек екен. Өйткені, жиналыста біреудің 
көңілін суытып алған болуымыз мүмкін.


28


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет