10
немесе он күнге дейін жалғасуы мүмкін. Хайз (етеккірі
деген) әйел адамдарда ең үлкен жас, яғни елу беске келгенше
жалғасады. Әйел адам осы күндерді жақсы біліп, кейбір істелуі
харам болған нәрселерден сақ болып, мұқият болуы керек.
2. Нифас
– деп әйел кісі нәресте босанған уақыттан
бастап 40 күн бойы жалғасатын қанды айтады.
Бұдан аз болуы
да мүмкін. 40 күнге жетпей тоқтаса, ғұсыл алып құлшылықтарын
жасайды. Әйел кісі осы Хайз бен Нифас кезінде өтелмей
қалған қаза намаздарын өтемейді. Тек қана Рамазан айындағы
оразаның қазасын тұтып береді. Әйел кісі осы жағдайдан соң
міндетті түрде ғұсыл алуы парыз етілген.
Әйел кісілер Хайз
және Нифас кезінде мына төмендегі нәрселерді істемеуі керек:
-
Намаз оқымайды;
-
Ораза тұтпайды;
-
Құран оқуға болмайды;
-
Құран кітабын ұстауға болмайды;
-
Қағбаны тәуап етпейді;
-
Мешітке
кірмейді;
-
Әйелі мен ер жыныстық қатынаста болмайды
(Әйелдер осы екі жағдайда тек қана тілек тілеуге, тәсбі тартуға,
салауат айтуға, жақсы сөздер айтуға болады. Күйеуімен бір
төсекте жатуына да болады, тек жыныстық қатынас жасамауы
керек).
3. Истихаза
– деп етеккір күні үш күннен аз
болып
бітсе, бұл етеккір емес. Он күннен артық келген қан және әйел
босанған күннен кейін 40 күн өтсе де тоқтамаса, бұл Истихаза
делінеді. Тіпті әйел екіқабат кезінде келетін қан да осылай
есептеледі. Бұндай жағдайларда әйел кісілер намаз оқып,
ораза
ұстайды. Өйткені бұл етеккірі емес, мысалы, мұрын қанағаны
сияқты жағдай.
Достарыңызбен бөлісу: