ІІІ. Тамақтан кейінгі ережелер:
-
(Саусақтардағы) қолдағы майды жалау;
-
Құдайға шүкіршілік етіп, яғни «Әлхамдулилләһ»
деу;
-
Қонақта болсаңыз, үй иесіне тілек-бата жасау;
-
Жоқ тамақты талап етпеу;
-
Тағамды айыптамау;
-
Қолды щаю керек.
СӘЛЕМ БЕРУ ТӘРТІБІ
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Исламның абзалы: тағам
беру және таныған-танымаған адамға сәлем беру
», - депті.
Міне, осы сәлемнің әсілі шыққан төркіні сонау Адам Атадан
басталған екен. Алла Тағала Адамды жаратып, содан соң: «Анау
періштелерге барып сәлем бер. Олар қандай жауап қайтарса, сол
сен және сенің ұрпағың үшін сәлем болады», - деді. Сонда Адам
(а.с.) періштелерге барып: «Әссәләму ъалайкум», - деген еді.
Періштелер: «Уә ъалайкумус-салам уа рахматуллаһ», - деді. Міне,
осыдан соң сәлемнің шарапаты, адам баласын әрдайым бір-біріне
осы сөздерді айтып жүру міндетке саналған екен.
Достарыңызбен бөлісу: |