Қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра



Дата21.07.2017
өлшемі0,5 Mb.
#21527
Жұмбақтар – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Жұмбақтардың асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән – маңызының артып отырғандығында.

Жұмбақтар халық ауыз әдебиеті ішінде ұсақ жанрлар қатарына жатады. Жаңылтпаштар, мақал – мәтелдер, т. б. Сияқты ұсақ жанрлар деп атлғанымен, жұмбақтар – халық ауыз әдебиетінің күрделі бір саласы.

Жұмбақтар балалардың байқағыштық, зеректік қасиетін дамытып, ақыл – ойын арттырады, көрген – білген нәрселердің бәріне ой жүгіртіп, өзгешелігін, ұқсастығын танып ізденушілікке үйретеді және ойды жинақы, ықшам йту шеберлігін жетілдіреді.
Жұмбақтар – қазақ халық ауыз әдебиетi iшiнде атадан балаға мұра ретiнде берiлiп, ерте заманнан бастап бүгiнгi күнге дейiн даму, өсу, толығу үстiнде келе жатқан асыл мұра.

Қазақ тілі сабақтарында жұмбақтарды қолдану оқушылардың сабаққа белсенділіктерін арттырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырады.

Халық жұмбақтарын фонетиканы, лексиканы, сөз таптарын оқытуда, жалпы қазақ тілі сабақтарында пайдалану өте тиімді. Біріншіден, балалар жұмбақты шеше отырып фонетикалық, морфологиялық талдау жасайды, сөз таптарына ажыратады. Екіншіден, жұмбақ баланың ой-өрісін, қиялын дамытуға, талғамы мен танымын өсіруге, поэзияны сүюге тәрбиелейді. Үшіншіден, балаларды халқымыздың асыл мұраларымен сусындатып, ұлттық тәрбие береді. Мазмұны жағынан ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді, біртіндеп сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке, тәрбиелейтіндей материалдар әрбір сабақта көрініс тауып отыруы туралы Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысына арналған оқу бағдарламаларында көрсетілген. Жұмбақ адамды ойлануға мәжбүр ететін ой жаттығуы ғана емес, ол баланы байқағыштыққа, көңіл зеректігіне, көп қасиеттердің ішінен ең мәндісін ажырата білетін талғампаздыққа, айналадағы өмірді тани білуге де үйретеді. Сондай-ақ жұмбақ баланы өз ойын жинақтап, аз сөзбен жеткізе білуге тәрбиелейді. Жұмбақ тапқырлықты, білімділікті керек етеді. Ол айналадағы өмірді тани білуге үйретеді
Қазақ тілі сабақтарында жұмбақтарды пайдаланудың маңызы.
Біріншіден практикалық дағдыны қалыптастыру үшін жүргізілетін дыбыстық талдауға материал ретінде пайдалануға болады.
Екіншіден, жұмбақтардың шешімін табу оқушының ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту және сөйлеу мәдениетін жетілдіруде үлкен қызмет атқарады.
Үшіншіден, жұмбақтар бұл жерде оқушыларды халқымыздың асыл қазынасымен сусындатып, ұлттық тәлім-тәрбие беруге септігін тигізеді.
Төртіншіден, оқушылардың сабаққа белсенділігін арттырып, сабақтың қызықты өтуінде өзіндік орны болады, яғни, сабақтың жоғарғы деңгейде өтуінде мұғалімге сенімді көмекші.
Негізінен, жұмбақтарды қазақ тілін оқытуда пайдаланудың мүмкіндігі орасан зор. Жұмбақтарды әрбір сабақта өз орнымен тиімді пайдалана білу мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық жұмысына байланысты.


Құстар туралы жұмбақтар
Қоңыр мамық шапаны,

Жұқа жарғақ табаны.

Өр кеудесі қайқандап,

Жүретін кім байпаңдап?

(Қаз)

Үлпілдеген жүні бар,



Бояудың мың түрі бар,

Қауырсыны құбылар.

Қара доғал еңкиген,

Тұмсығы бар дөңкиген.

Қара мына ғажапқа,

Өзі шебер мазаққа.

Таңдандырып өзіңді,

Қайталар кім сөзіңді?

(Тоты)

Сирағы ұқсас қамысқа,



Мойыны имек сорайған,

Қауқиған кім алыста

Қарақшыдай қарайған?

(Тырна)


Айдыннан шалқыған

Телпек көрдім қалқыған.

(Үйрек)

Бақ та, бау да, орман да,



Естіртіп үнін бар маңға,

Жұрт тыңдайтын тамсанып,

Сан құбылтып ән салып,

Жататұғын бір тынбай,

Құсты аташы құртымдай?

(Бұлбұл)


Қанат қағып шарықтап,

Мұхит асыпқалықтап,

Шарлап бүкіл әлемді,

Шаттандырып әр елді

Бейбіт күнге сән болған,

Бұл қандай құс ән болған?

(Көгершін)

Қанаты жапырақ,

Көздері бадырақ,

Үрген ішек бейнесі,

Торсылдақ кеудесі,

Ұшпайтын ұзаққа,

Ойыншық ұшаққа

Ұқсайтын пішіні,

Бұл кімнің мүсіні?

(Инелік)


Гүлді алаңның қонағы,

Өзі қалап қонады.

Түрі, түсі дөп келіп,

Гүлге ұқсап қалады.

Гүлдің тәтті шырынын

Құмартып кім сорады?

(Көбелек)

Суылдатып қанатын,

Жемін көрсе құлдилап,

Кеудесімен соғатын,

Тұяғымен ілетін,

Кім бар кәне, балалар,

Ұшқыр құсты білетін?

(Лашын)


Тырнағы үшкір діңгектей,

Тұмсығы имек ілгектей,

Қанатын жайып шүйілсе,

Аң-құс қалар бүлк етпей.

(Бүркіт)

Құс көрдім тырна сияқты,

Сидиған ұзын сирақты.

Шалшықтан бақа ұстауға

Қимылы ерен, ширақты.

(Ләйлек)


Тұмсығымен қашайды,

Дімкес діңді теседі.

Зиянкесті асайды,

Ағаш таза өседі.

(Тоқылдақ)

Шекесінде айдры

Болғанмен, жоқ айбары.

Балапанмен, жоқ айбары.

Балапанын бақпайды

Үй-жайында жатпайды.

Өзінің аты тек айтары қайталап,

Мұны кім, кәне айта алады?

(Көкек)

Таусылмайтын жылуы,



Көлдің ерке сұлуы.

(Аққу)
Ит қуса да арсаңдап,

Аяғын басар алшаңдап.

(Қаз)


Кешінде де

Керек емес жарық бір,

Неге десең,

Екі көзі жайнап тұр.

(Үкі)

Орақ құйрық, тарақ бас,



Көп ұйқыны жаратпас.

(Әтеш)


Шатырсыз үйге құштар көп,

Қонақтар әр тұстан кеп.

(Құстар ұясы)

Сирағы ұзын, мүйізі қысқа

Бұл өзі аң ба, құс па?

(Жираф)


Тал басында ағаш үй,

Терезесіз тамаша үй.

Соны мекен етеді,

Қыста алысқа кетеді.

(Қараторғай)

Айдалада ақ отау,

Аузы-мұрны жоқ отау.

(Жұмыртқа)

Сөйлесе – сөзді,

Айтса – ауызды.

Тынысы басқа,

Маңдайы қасқа.

(Тотықұс)

Көк жүзінде жылжып жай,

Керуен құрған түзіліп,

Ілгек-ілгек шынжырдй,

Қалмайды олар үзіліп.

(Тырна)


Сайрайды бір талмайды,

Әнші құс бал таңдайлы.

(Бұлбұл)

Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйргі.

(Қарлығаш)

Көктемде келіп, күзде кетеді,

Жаздай бауда әндетеді.

(Жыл құстары)

Талдың басында,

Жемі бар қасында.

Там тұр саялы,

Достарға аялы.

(Құс ұясы)

Қызыл, бұжыр айдары бар,

Қоқиланған айбары бар.

Ацық-ацық азан салып,

Өңеш керген айқайы бар.

(Қораз)


Кеудесі қайқандап,

Жүреді балпаңдап.

(Қаз)

Екі айыр құйрығы,



Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрігі.

(Қарлығаш)

Әдемі бір ырғақ

аспаннан шалқып тұр.

(Бозторғай)

Шуға бөлеп жағаны,

Қанаттарын қағады,

Айдын судың түлегі,

Шабақ іліп жүреді.

(Шағала)

Қалқан құлақ,

Қанаты бар шатырдай.

Жардан жырақ,

Түнде ұшады батырдай.

(Жарқанат)

Маңдайы ақ қасқа,

Ақ жері жоқ басқа.

(Қасқалдақ)

Сазды жер мекені,

Құрт – құмырсқа қорегі.

Кереметтей өнері,

Қанаттан үн береді.

(Тауқұдірет)

Бес грамм салмағы,

Тұмсығы қармақ.

Қыраннан қалмайды,

Биікке ұшса самғап.

(Королек)

Айдары шағын,

Қаракүрең сауыры

Аппақ қардай бауыры.

(Қызғыш)

Бояуы сан түрлі,

Түрі ұқсас тауыққа.

(Бұлдырық)

Қауырсыны көгілдір,

Кішкене құс.

Беткейде өріп жүр.

(Кекілік)

Шашы жоқ,

Тарағы бар.

Егіні жоқ,

Орағы бар.

(Қораз)

Секектеп бір тұрмайды,



Өреден құрт ұрлайды.

(Сауысқан)

Қара түсті қарқылдақ,

Ұшып – қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем іздейді там – тұмдап.

(Қарға)

Жануарлар туралы

Журетұғын әрдайым

Жануар мұндай қайда бар?

Ішкен суын әрдайым

Ақ сүт етіп қайтарар.

(Сиыр)


Ұзын құйрық есік ашты,

Қара домалақ тура қашты.

(Түйе, құмалақ)

Орманнан, жалпақ даладан

Бал іздеп бір аң жортады.

Кіп-кішкентай арадан

Үп-үлкен боп қорқоды.

(Аю)


Өзі үлкен жануар,

Үстінде екі тауы бар.

(Түйе)

Тікенді шөп тістеген,



Ұзақ күн су ішпеген

Таудай биік жоталы

Кім біледі ... (ботаны)

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

(Қоян)


Құйрығы ұзын, тұмсығы қысқа

Бұл өзі аң ба, құс па?

(Түлкі)

Мойыны тұтасқан,



Ауызы апан.

Жаны жуан,

Бұты талтақ.

(Бегемот)

Басы жалпақ,

Бұты талтақ.

(Бақа)

Түзде, таста,



Жөні басқа.

Сүйір тұмсық

Әрі қысқа келте сирақ,

Бес саусақ, басын жерден алмайды.

Терең ұя таңдайды.

(Борсық)


Ойлан, балам, ол жануар,

Жеті қазынаның бірі болар.

(Ит)

Тікірейіп құлағы,



Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады.

(Мысық)


Үй ішін аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жарып,

Мысықтан қорқады.

(Тышқан)

Мен жер асты тұрғынымын,

Жер қазушы, құрылысшы.

Қане, достар, айтындаршы

Бұл қандай жұмысшы?

(Көртышқан)

Қыс бойы жатады

Тәтті ұйқыға батады.

(Аю)

Жапырақ жоқ бұтасында,



Қос емен өсіп тұр бұтасында.

(Бұғы)


Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар.

(Ешкі)

Аласа ғана бойы бар,



Айналдырып киген тоны бар.

(Қой)


Айбарлы сұсы бар,

Қанжардай сұсы бар.

Тұла бойында

Тасыған күші бар,

Күжірейген жалды,

Білсең айт бұл аңды?

(Арыстан)

Қаймықпайды күшті аңнан

Қорқады тек тышқаннан.

(Піл)


Тұрқы, түрі

Жылқы тектес жалы бар.

Шөп жеп түрлі

Түзде өскен жануар.

(Құлын)

Қара ала тоны бар,



Аңдардың ол қырны.

Оны сен де танып ал,

Серейіп кеп тұрады.

(Керік)


Аузы бейне, шалғы орақ,

Шөп емес, бірақ малды орады.

(Қасқыр)

Өзіңе болған қорған – орман,

Ішінде бар, бір аң қорбаң-қорбаң.

(Аю)


Өзі қу, әрі айлакер,

Жүрген жері айқай да шу.

(Түлкі)

Қолеңкесінен қорқып безектейді,



Ал оның баласын «көжек» дейді.

(Қоян)


Бұтадан бұтаға секірген

Кішкентай ғана шапшаң аң.

(Тиін)
Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырған киген тоны бар.

(Қозы)

Аңаштан – ағашқа секіреді,



Жеміс жеп жетіледі.

(Маймыл)


Қасқырды қабады,

Қойды бағады.

(Ит)

Мүйізінен таралған,



Жанға шипа дәрі алған.

(Марал)


Есек емес,

Жылқы емес.

Екеуінің ұқсастығы

Береді тұрқы елес.

(Құлан)

Жақпар тастың өркешіне,



Секіреді құламай.

Қия құздың өр төсені,

Орғып шығар ол оңай.

(Арқар)


Жез бейнелі өзі,

Кең далаа еркесі,

Мөп- мөлдір көзі.

(Киік)


Түлкі ұқсас тұрқы,

Бір тоймайтын құлқы.

Аңдитыны тастан,

Құс пен тышқан.

(Қабылан)

Жер қопарған тісімен,

Сескенесің түсінен.

(Қабан)

Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадап иенсін.

(Кірпі)


Жәндіктер, құмырсқалар туралы

Гүл үстінде тұрағы,

Әдемі желпіп тұрады.

(Көбелек)

Ойнамақ боп еркелеп,

Әдейілеп, ерте кеп.

Гүлге қонды қалықтап,

Кіп –кішкентай тікұшақ.

(Инелік)

Торын құрып қояды,

Шыбындарды жояды.

(Өрмекші)

Қанды сорып сүліктей,

Ызыңдап кеп шағады,

Бұл қандай бүлік дой?

(Сона)


Ызыңдап ән салып,

Жұп-жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады.

(Шыбын)

Денесі буылтық,



Сырты жасыл түк.

(Жұлдызқұрт)

Белең – белең, белең ат,

Белі қайқы күрең ат.

Таудан түссе, таймас ат,

Талау тисе, өлмес ат.

(Құмырсқа)

Қарақұрым нөпірі,

Егін, шөптің жебірі.

(Шегіртке)

Сабы жоқ қамшы,

Ешкімге ұсынба,

Уы бар бір тамшы,

Тілінің ұшында.

(Жылан)

Үй ішін аралап,



Түнде көп жортады.

Қаптарды жарып,

Мысықтан қорқады.

(Тышқан)

Айнымай тартқан реңіне,

Жүрген жерінің түр өңіне не?

(Кесіртке)

Мойны жуан,

Жұқалтаң қабақты.

Тірсегі ұзын,

Қоян тобықты.

Іс тікпейді, бірақ

Тасьамайтын бізін,

Білесің бе, мақұлықты? (Шаян)


Жеміс-жидектер, көкөністер, егіс, өсімдіктер туралы

Бір сабақта көп түйме,

Жей алмайсың көк күйде.

Санап қара қанша

Оның аты ...(алша)

Жер астында жез қазық,

Жеуге болар ас қазық.

(Сәбіз)


Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең, жылатады.

(Пияз)

Үстіне тігіп көк шатыр,



Астында қызғылт дәу жатыр.

(Қызылша)

Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтпейді,

Қабат-қабат тоңы бар,

Түймелеуге жетпейді.

(Орамжапырақ)

Аспай піскен,

Қайнамай түскен.

(Жеміс)

Ортасында қазығы,



Бұтағында азығы.

(Алма)


Доптар жатыр желісі бар,

Қабат-қабат терісі бар.

(Қырыққабат)

Көк ала қойым

Көгенде жатып семірді.

(Қарбыз)


Ызақор бұғып жатыр,

Сақалын тығып жатыр.

(Қауын)
Аласа тал,

Тамаша тал.

Самсап тұр алмасы,

Ол – ал қызыл,

Ол – қан қызыл.

Боялғанша, алмашы!

(Қызанақ)

Әр желінің асты толған көк қоян,

Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.

(Қияр)


Жерде жатып желіндейді,

Пісірмесең желінбейді.

(Асқабақ)

Бақшада өседі, көп өнімдерін береді.

(Көкөніс)

Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында дәні бар.

(Бидай)


Түрі шар сияқты,

Түсі қан сияқты.

Дәмі бал сияқты

Ол не?


(Шие)

Тегіс жер кесілді,

Арқандай есілді.

(Жыртылған жер)

Қыр басында әрқилы,

Сары теңіз толқиды.

(Егін)

Маржанын түзген,



Сатылап тізген.

(Масақ)


Біреуін бердім,

Онын тердім.

(Тұқым)

Аласа терек



Күлтеленген жалына,

Ұнаса керек,

Моншақ таққан малына.

(Тары)


Табаны суды сүйеді,

Қабағы күнге күйеді.

(Күріш)

Түскенде салқын күз,



Жинадық алтын тіс.

(Жүгері)


Желілері жайылып,

Жол – жол болып жатады.

Күн нұрына бой ұрып,

Жердің нәрін татады,

Жасыл шатыр астында,

Кететіндей үзіліп,

Тұр көп маржан тасындай,

Мойыл моншақ тізіліп.

(Жүзім)

Тіл үйірген дәмі бар,



Сары алтын түс – сәні бар.

Шақсаң егер кептіріп,

Сүйегінің дәні бар,

Баққа тұрар сән беріп,

Алқа етіп тізіп ал.

(Өрік)


Қызыл күрең түрі бар,

Тебіндеген бүрі бар.

Піскен кезде қаулайды,

Алтыннан бір аумайды,

Бал татыған нәрі бар,

Онда емнің бәрі бар.

(Шабдалы)

Іші аумаған жүгері,

Түрі – түсі алмадай,

Ойымның жоқ бүгері,

Жесең бал деп қалмағай.

(Анар)


Аласа тал,

Тамаша тал.

Самсап тұр алмасы,

Ол алқызыл,

Ол қанқызыл,

Боялғанша, алмашы!

(Қызанақ)

Түбі толған құмалақ.

(Картоп)

Көрсең өскен желісін,

Жапырағы қазтабан.

Мөлдір қара жемісін,

Қыста емес, жаз табам.

(Қарақат)

Сырнайынан төгіп жыр,

Күнге сәлем беріп тұр.

(Күнбағыс)

Тау тау ақ қар,

Ерімейді ыстықта.

(Мақта)


Күн нұрымен піседі,

Уылжып қолға түседі.

(Жеміс)

Қар нұрымен піседі,



Ақпен бөркін тыстады.

(Бәйшешек)

Дауылға нық күші,

Ағаштың мықтысы.

(Емен)

Дауылға да, аязға да,



Шыдап бағар мізбақпай.

Тау етегі тұрағы,

Жап – жасыл боп тұрады.

(Қарағай)

Қысы – жазы шешпейтін,

Көйлегі бар жасылдан.

Өзгерпейді еш кейпін,

Жаралғандай асылдан.

(Шырша)

Жасыл болып жыпырлап өнеді,



Сары болып үзіліп семеді.

(Жапырақтар)

Жазғы киімі жасыл,

Қысқы киімі ақшыл.

(Қар жамылған ағаш)

Тасты жапқан түк кілем,

Тамыры жоқ мүк кілең.

(Қына)


Өзіне шап шақ,

Киген қалпағы аппақ,

Балалар тұр қаптап.

(Бақбақ)


Көлді жердің

Үкілі аруы.

Өткір желдің,

Саз тартар қаруы.

(Қамыс)

Бұтаға ілген үлпершек,



Іші нәрлі қызыл сөл,

Теріп алып үлгерсек.

(Бүлдірген)

Қыс туралы

Қалбалақтап ұшады.

Қанаты талып,

Жерді барып құшады.

(Қар)

Қолы мен қаламы жоқ,



Бірақ сурет салады көп.

(Аяз)


Қыста шыны боп қатады,

Жылыды су боп жатады.

(Мұз)

Мүлгіп тұрған бақ тыныш,



Ораныпты ақ күміс.

(Қырау)


Балалар жақсы көреді,

Қыста ғана келеді,

Ән –жыр айтса, қысылмай,

Сыйлық, кәмпит береді.

(Аяз ата)

Көлдің беті көк әйнек,

Сырғанауға, тым әйбат!

(Мұз)


Таңертең бар, кешке жоқ,

Кеш түгіл, түсте жоқ.

Мен әдемі моншақпын.

Әрі елеспін, ұсақпын.

(Шық)

Тікен, тікен, тік біткен.



Қысы, жазы бір түсте.

(Шырша)


Қыс айында, мұз айында

Жүгірсе зыр етеді.

Бір адамды екеу ара

Көтеріп ап кетеді.

(Коньки)

Жүгірсе де шаңы жоқ,

Тоқтай алар әлі жоқ.

(Қанбақ)


Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады.

(Қар)


Жиһаз туралы

Жайылған дүниеге бір ғажайып

Тік көтеріп отырар адамдарды.

(Орындық)

Арқасында азығы,

Бауырында қазығы.

(Үстел)

Төрт бұрышты, бір ауызды.



(Сандық)
Аяғы төртеу, жүре алмайды,

Не жатып бір сәт те дем алмайды.

Отырған адамға дап – дайын,

Тік ұстап тұрар тақтайын.

(Орындық)

Аспан әлемі мен табиғат құбылыстары туралы

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.

(Күн)


Дәмі де жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.

(Су)

Өмірде одан мол ештеңе болмайды,



Құшақтасаң, құшағың тек толмайды.

(Ауа)


Жазда жатсаң –көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң – жаның рахат табады.

(Ағаш)

Ылғалды тартып бойына,



Өсімдіктерге нәр берген.

Тармақталып тереңде,

Тірек боп оған сән берген.

(Тамыр)


Орақ болып тұрады,

Табақ болып тынады

(Ай)

Жылт-жылт етіп төбемде,



Түсе лмай тұр төменге.

(Жұлдыз)


Жазда тұрып жоғары

Күзде жерге қонады.

(Жапырақ)

Көлігі жоқ –көшеді,

Өзін кезбе деседі.

(Бұлт)


Көтереліп теңізден,

Аспанға биік барамын,

Биіктен қайта түскенде,

Өңі кірер даланың.

(Жаңбыр)

Жөңкілді бұлттар дүркіреп,

Жауады жауын күркіреп.

Аспанның жүзі жарқ етті,

Ақ найза жерге сарт етті.

(Найзағай)

Мамықтай жұмсақ болады,

Ұстасаң қолың тонады.

(Қыс)

Қойным толы жеміске,



Көк майсалы егісте.

Көбелек қуып ойнайтын,

Бұл қай мезгіл деп ойлайсың?

(Жаз)


Қақпаны тарс-тарс жабады,

Терезені қағады.

Уілдейді ысқырып,

Қорқытады баланы.

(Жел)

Аспаннан домалап.



Көп моншақ төгілді.

Бусанды бар алып,

Терілді, керілді.

(Жаңбыр)


Ұстасаң қолды қариды,

Оты жоқ оның бірақ та.

Бәрі де жұрттың таниды,

Өседі ойда, қыратта.

(Қалақай)

Қараңыздар бәріңіз,

Әне ақшыл сары қыз,

Суда тұрып билейді.

(Қамыс)

Ешкім де қалауынша жая алмаған,



Ешкім де өзге орынға қоя алмаған.

(Жер шары)

Күнді жабады,

Жаңбыр болып жауады.

(Бұлт)

Көк көйлекті жеңешем,



Көлбең- көлбең етеді,

Көкке қолы жетеді.

(Түтін)

Әуеден күбі түсті,



Күбінің түбі түсті.

(Найзағай)

Көкжиегі тұйық дөң,

Шатыр тіккен биік кең.

(Аспан)

Жайғаным түкті кілем,



Ілгенім – тықыр кілем.

(Жер мен Аспан)

Қос алып көз,

Бірі – жарықта көреді,

Бірі қараңғыда көреді.

(Күн мен Ай)

Айналада көк шатыр,

Көк шатырда

Қызыл көзді шал жатыр.

(Аспан мен Күн)

Екі доп ауысты,

Бір шеңберді тауысты.

(Күн, Ай, Тәулік)

Жартысы


Жадыратып нұр себеді,

Қалғаны


Қара мақпал бүркенеді.

(Тәулік)


Мөлдір көкте бір ғана,

Шоқтай жайнап тұр дара.

(Шолпан)

Терезеден есіледі,

Қараңғыны көшіреді.

(Сәуле)


Күн көзінен құйылады,

Жер бетіне жиылады.

Құшақ ашып барша тірлік,

Қуанады, сыйынады.

(Нұр)

Ештеңеден қаймықпай,



Көзді арбаған өрнекпен.

Сурет салар айнытпай,

Шебер еді ол неткен?

(Аяз)


Күндіз шырақтай,

Тұрады түгел жадырап.

Түнде, бірақ та,

Түндігі жабық шаңырақ.

(Жарық пен Қараңғы)

Зәулімде тұрағы,

Тіреусіз тұрады.

(Бұлт)


Жарқылдан соң жаңағы,

Суға бөкті бар алап.

Көкте түрлі жолақты,

Өрнек тұрды ғаламат!

(Кемпірқосақ)

Даусыңды қайталап жырақта,

Айнытпай жеткізер құлаққа.

(Жаңғырық)

Аспан түйді қабағын,

Сұр пердесін керді де,

Жапты жердің танабын.

(Тұман)


Деп – демде

Шытынап шынысы

Төменге ағылды.

(Сел)


Күннің көзі түйілді,

Көкте бұлт үйірілді.

Сұйық моншақ шашылып,

Жерге нәр боп құйылды.

(Тамшы)

Шөпті жапырып,



Құмды сапырып,

Қоқысты үйіріп,

Әкеткен не шүйіріп?

(Құйын)


Көрінбейді өзі,

Терезені ұрады.

Айтатын жоқ сөзі,

Ысқырып тұрады,

Болмаса да аяқ – көзі,

Серуен де құрады.

Бұл не?

(Боран)


Өртесең де ерімейді,

Не тот басып шірімейді,

Өн бойына су сіңбейді,

Ылғал тартып, ірімейді.

(Тас)

Ойыншықтар туралы
Аяғы бар, жүрмейді,

Аузы бар, күлмейді,

Айнымайды бөпемнен

Тек сөйлеуді білмейді.

(Қуыршақ)

Шіркіннің өзіне обал-ақ,

Жүреді аяқта домалап.

(Доп)


Қалда да,

Дала да,


Хабарласа алады.

Бірақ кейде,

Біраз

Үнсіз қалады.



(Ұялы телефон)

Үрлесең, жеп-жеңіл,

Елпілдеп кетеді.

Ұшырсаң, көк теңбіл,

Бұлтқа да жетеді.

(Шар)


Белі бүкір,

Алысқа түкір.

(Мылтық)

Кепкен жарғақ,

Шеңберге керілген,

Соқсаң сарнап,

Үн шығады төгілген.

(Барабан)

Бесікке іледі,

Әнін де,


Дәмін де,

Сәбилер біледі.

(Сылдырмақ)

Көлік туралы

Кеудесінде жаны жоқ,

Тамырында қаны жоқ:

Май жейді,

Су ішеді.

Бұл не екен балалар?

(Машина)

Аспанда жүзеді,

Қанатын қақпайды.

Жерде де жүреді,

Бауырлап жатпайды.

(Ұшақ)


Үтікке міндім,

Мұхитта жүздім.

(Кеме)

Бір біріне қарап үйлер тіркесіп,



Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп.

(Поезд)


Сымға асылып,

Жүр асығып.

Дыз-дыз етіп жүрегі,

Сымнан ұстап жүреді.

Өзіне адам мінеді,

Ол не, ал кім біледі?

(Троллейбус)

Күндіз-түні жанамын,

Дабыл беріп бәріне

Үш түрлі түсім бар

Белгілі жас пен кәріге.

(Бағдаршам)

Қарашы күшін керемет,

Көше тәртібін сақтап тұр.

Сілтеп еді оң қолын,

Дәу машина тоқтап тұр.

(Реттеуші милиционер)
Арқасында ауыл жүр,

Ала тайым шауып жүр.

(Автобус)

Төбесінде ебелек,

Ұшады өзі керемет.

(Тікұшақ)

Табанында жолы бар,

Төбесінде қолы бар.

(Трамвай)

Аяқсыз, жалғыз десең де,

Тұлпарым менің іргемде.

Қазықтан бауын шешем де,

Жетемін қиыр түрлі елге.

(Қайық)


Тақылдатып таңдайды,

Егінді тез жалмайды.

Дәнін берер тазалап,

Өзі түк те алмайды.

(Комбайн)

Жылжымалы баспалдақ,

Сатыларын бассаң нақ,

Не жоғары, не төмен,

Сырғимын да жетем мен,

Көзді жұмып, ашқанша – ақ.

(Эскалатор)

Құмды жиған –

Тұмсығы диван.

(Экскаватор)

Темір тайым,

Тамақты еш жоқтамайды.

(Велосипед)

Суда – көлік;

Құмда - өлік.

(Қайық)
От пен жарық туралы

Жүрген жерін жалмайды.

Тастан басқа қалмайды.

(От)

Жердің әрін жейді,



Жолда кезіккеннің,

Аямай бәрін жейді.

Бұл қандай алпауыт?

Айта ғой, дәл тауып?

(Өрт)

Қимылы оңдырмас,



Кішкене қоңырбас.

(Сіріңке)

Өңеші кең,

Дәу аузымен жұтады.

Төбесі дөң,

Кіші аузымен құртады.

(Пеш)

Салып ем шыны сарайды,



Тілінен жарық тарайды.

(Шам)


Шудалары желпеңдеп,

Үйден шығып жатады,

Көкке өрлейді көлбеңдеп,

Бұлт болып батады.

(Түтін)

Құрал –саймандар туралы

Иесі алуан өнердің,

Қолындамын шебердің.

Қисықты ұрып түзетем,

Шегені ұрып түзетем,

(Балға)


Жалпақ желке, сопақ беті,

Орманымды отап кетті.

(Балта)

Екі езуі құлағына жетеді,



Тамақ жесе, ызың-ызың етеді.

(Ара)


Аяғы үшкір,

Басы доғал.

Ұрсаң шөгеді,

Ұрмасаң обал.

(Шеге)

Сабы бар жұмыр



Еріні мықты.

Шегені шымыр,

Суырып шықты.

(Кемпірауыз)

Кедір-бұдыр тақтайды,

Тегістейді тілімен.

Жеген асын татпайды,

Шығыр желке түбінен.

(Сүргі)

Шегініп жол береді,



Іле орнына келеді.

(Есік)


Інге кіре, үнқатар,

Өз әмірін тындтар.

(Кілт)

Келсе де бір сүйіне,



Кіргісі жоқ сүйіне,

Кіргісі жоқ үйінеф.

Шоққа басын тигізбей

Шығармайды үйі де.

(Көсеу)

Сырт – сырт соғады, уақыт озады.



(Сағат)

Тізіле өскен тісі бар,

Көп істеген ісі бар.

(Орақ)


Жансызда бір жансыз бар жалғыз аяқ,

Беліне қыстырғаны шиден таяқ.

Келбетіне қарасаң ештеңе емес,

Беліне буыныпты аямай – ақ.

(Ұршық)

Көктен көзін алмайды,



Ғарыш сырын барлайды.

(Телескоп)

Жер қатпарын қашайды,

Тау да,


Сай да жасайды.

Мойны жар бермей,

Желкеден қыса бастайды,

Жөнге жүрместі,

Сереңдетіп жұлып тастайды.

(Кемпірауыз)

Табанында тілі

Жалап өткен жерінің

Болмайды міні.

(Сүргі)


Болат түкті,

Көсеу мықты.

Тозаңдатып,

Темірді үкті.

(Егеу)

Есіктегі құлыпқа,



Ұя жасау - өнерім.

Шаңырақтан уыққа

Үңгір қазып бермін.

(Қашау)


Айға ұқсас түрі бар,

Қатар өскен бірі бар.

(Орақ)

Басы – қылыш нұсқасы,



Сабында бар тұтқасы.

(Шалғы)


Сояудай әр тырнағы,

Шөпті жияр қырдағы.

(Тырма)

Қос жағы бр,



Бір сабы бар.

Бассаң тілін,

Сарт етіп жабылар.

(Қақпан)


Колға алсаң, қызмет етер,

Бүтінді


Бөлшектеуге шебер.

(Пышақ)


Киімдер туралы
Ерте тұрдым, алып ұрдым.

(Етік)


Ашамайды арта салдым,

Айыр жібін тарта салдым.

(Тымақ)

Төрттен қосқан басы бар,



Маңдайында шашы бар.

Өзің көрген баяғы,

Салпылдайды сабағы.

(Тымақ)


Бір нәрсе менен биік,

Кейде менен аласа.

Мұндай қызық дүниеде,

Көріп пе едің тамаша.

(Бөрік)

Күндіз төбеңе шығады,



Түнде шегеге шығады.

(Бөрік)


Маңдайы бар тілі жоқ,

Құлағы бар үні жоқ.

(Құлақшын)

Сұлу –сұлу құнаным,

Сылдырлаған жүгенім.

Аяз күнде мінбеген,

Аяғы жерге тимеген.

(Сәукеле)

Таңертең тұрдым,

Екі сайды құдым.

(Шалбар)

Бес ін, бес інің

Аузы бір ін.

(Қолғап)


Түзде адымдайды,

Үйде дамылдайды,

Дәлізге жұрт тастайды

Төрге аяқ баспайды.

(Сыртқа киетін аяқ киім)

Тастамайды белінен,

Балалардың көбі оны

Күресуден теңімен,

Кім қашады дегені.

(Белбеу)


Іші – егіс

Сырты – тегіс.

(Тон)

Дорбаға тығып бас жағын,



Байлай салдым қос жағын.

(Тымақ)


Адамның сәгі,

Онсыз мәні жоқ.

(Киім)

Қара құрым жайлы өзі кигенінде,



Іздері жоқ біздің де, түйменің де.

(Пима)


Ортасы күмбез,

Іргесі тегіс – ті.

Күннен қорғайды,

Шыңдағы егісті.

(Қалпақ)

Әжеме өң берген,

Жиегін көмкерген.

Етегі желкеңдей.

Киім еді ол нендей?

(Кимешек)

Әшекейлі күбіні,

Үюлі тұрған шөмеле,

Кигіздім биік төбеге.

(Сәукеле)

Қолы бар,

Саусағы жоқ.

Мойны бар,

Басы жоқ.

(Көйлек)

Күндіз


Таяғымды қаптаймын,

Түнде


Босағаға тастаймын.

(Аяқ киім)


Судан ғайып,

Әжемде бар,

Қос қайық.

(Кебіс)


Қаз – қатар тегісі бар,

Қақпақсыз есігі бар.

Көмейінде тілі бар,

Аузын буар жібі бар,

Кеме сынды пошымы,

Білсең айтшы, осыны?

(Бәтеңке)

Есігі біреу,

Бөлмесі бесеу.

(Қолғап)


Киімдегі қуыс,

Ұсақ – түйекке ыдыс.

(Қалта)

Дөңгелек өзі,



Төртеу көзі.

Ұстайды мықтап,

Тұрғанды сырттап.

(Түйме)


Көсеуді бесеуге тықтым.

(Қолғап)


Гүлдері бар құлпырған,

Кең жазықтан аумайды.

Оған әркім ұмтылған,

Киім киер оңтайлы.

(Мата)

Адамдардың киімін,



Ұстап тұрар иығым.

(Киім ілгіш)


Ыдыс –аяқ және басқа да үй жабдықтары туралы

Кесе – шыны пиала,

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

(Ыдыс - аяқ)

Ерінбей еңбек істеген,

Онсыз тамақ ішпеген.

(Қасық)

Кесе-кесе мұқалды,



Жони-жони жұқарды.

(Пышақ)


Тар қуыстың ішіне,

Тығып тары, бидайды.

Сыпырғанша терісін,

Тепкілейді, қинайды.

(Келі, келсап)

От басады табаны

Тек қана су тамағы.

(Шәйнек)


Тұтас затты бөледі,

Ұсақтап тұрар ол.

(Пышақ)
Сабы бар, баса шатыр

Табысын өлшеп әкеп

Аузына салып жатыр.

(Қасық)


Жағыма ұрсақ, тез алады тілінді,

Бөліп берер ұсағың мен ірінді.

(Елеуіш)

Ас піскенін біліп анық,

Дәм көреді іліп алып.

(Ожау, қасық)

Қара сиырым қарап тұр,

Қызыл сиырым жалап тұр.

(Қазан мен от)

Сыртын отқа қақтайды,

Одан басқа жақпайды.

(Қазан)


Күміс күбі –

Ортасында құбыры бар,

Тесік түбі.

(Самауыр)

От басады табаны,

Тек қана су тамағы.

(Құман)

Отқа қойсаң елпілдеп,



Быж – быж етіп тұншығар.

Тақиясы селкілдеп,

Танауынан бу шығар.

(Шәйнек)


Басы құдық –

Сабы сырық.

(Ожау)

Ыстықты суытпайды,



Суықты жылытпайды.

(Термос)


Мөлдір түрі,

Шеңбер түрі.

Аузы тарлау,

Шыны күбі.

(Құмыра)


Тағамдар туралы .
Сырты тас,

Іші ас.


(Жаңғақ)

Судан шығады,

Суда қорқады.

(Тұз)


Үсті тас, асты тас

Ортасында піскен ас.

(Нан)

Жеке өзін жей алмайсың,



Онсыз асты да аузыңа алмайсың.

(Тұз)


Жылт –жылт етеді,

Жылғыда өтеді.

(Су)

Дәмді – дәмді тағамдарды жинайды,



Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

(Дастарқан)

Қар дейін десем,

Қап қатты.

Тас дейін десем,

Тәп тәтті.

(Қант)

Қалың киімді ұнатады,



Шешіндірсең жылатады.

(Пияз)


Айдалада ақ отау,

Аузы мұрны жоқ отау.

(Жұмыртқа)

Ұрмай – соқпай жылатады,

Әркім бірақ ұнатады.

(Пияз)


Аппақ су – дәмі тәтті,

Ішсең сусын қандырады.

Шөлдегенде қатты.

(Қымыз)


Сұйық еді аппақ,

Бауырдай боп қатыпты,

Ішсең дәмі тәтті ақ.

(Айран)


Аппақ ас, сызы бар,

Балалар қызығар.

(Балмұздақ)

Аппақ сұйық,

Қалса ұйып,

Шөлің қанады,

Ішсең құйып.

(Сүт пен айран)

Ең мықты дәрі,

Жұрттың бәрі.

Аусап ішер,

Бал татыр дәмі,

Ненің нәрі.

(Шұбат)


Әжем уыстап сығып,

Далада кептірген.

Қатты әрі тәтті дәмін,

Кім бар жеп көрген?

(Құрт)

Мал төлдеп,



Әр ауыл

Пісірді ақ бауыр.

(Уыз)

Тобатайға құртымдай,



Жаз бойы бір тынбай.

Жинаған гүл сөлін,

Не?

Білсең, айтшы өзің?



(Араның балы)

Аспан түстес сұйық,

Әркім ішер құйып.

(Су)


Бір жансыздың қаны бар.

Тіл үйірген дәмі бар.

Шөлдесең іш, қанып ал.

(Кесе мен шай)



Спорт туралы

Қарсы шапқан бұқаны,

Кімдер түйреп ұтады?

(Тореадор)

Ат үстінде алысқан,

Белуардан шешініп

Бір-бірімен сайысқан.

(Аударыспақ)

Адамдар бар ұшса,

Қалықтар көкте құсша.

(Дельтопланшы)

Жүз метрге жүгірген,

Желаяқты кім білген?

(Спринтер)

Қырық екі шақырым қашықтан

Жүгіріп өтіп машыққан.

(Марафоншы)

Ұзын сырық қолында,

Секірер биік жолында.

(Сырықпен секіруші)

Допты алып қолға,

Дәл түсірген торға.

(Баскетболшы)

Мініп алып арғымақ,

Кедергілерден қарғымақ.

(Ат спортшысы)

Қарсылас екі топ,

Суда ойнап жүр доп.

(Ватерполшы)

Шеберлік көрсетіп жүргендер,

Ағаш атқа мінгендер.

(Гимнасшы)

Айдын суда жалтыр,

Құлаштап жүзіп малтыр.

(Жүзгіш)

Сенген екеу күшіне,

Итерісіп жатады

Кіріп шеңбер ішіне.

(Сумошы)

Атпен қуып жеткен,

Қашқан қызды өпкен.

(Қыз қуу)

Қолындағы семсермен,

Қарсыласын еңсерген.

(Фехтовальщик)

Өрмелеп биік шыңға,

Түсетіндер сынға.

(Альпинист)

Мұзды алаң.

Билеп жүр екі адам.

(Мұзда билеу, фигуристер)
Қайықта жалғыз ескек,

Онымен қалай еспек?

(Байдаркашы)

Күштілер бар не бар,

Көтерген ауыр темір.

(Штангашы)

Мұз айдында тайғанақ,

Жарысқандар сырғанап.

(Конькиші)

Екі мықты «мен» дескен,

Бір-бірімен белдескен.

(Палуан)


Найза лақтырып алысқа,

Түсетіндер сайысқа.

(Найза лақтырушы)

Аяққа тағып шаңғысын,

Аспанға ұшып қарғысын.

(Слаломшы)

Қолдарымен бір допты,

Он екі ойыншы соқты.

(Волейболшы)

Нысанаға қадап,

Атып жатыр садақ.

(Садақшы)

Өңкей сығай екі топта,

Таласып жүр бір допқа.

(Футболшы)

Таба алмай оң менен солыңды,

Адассаң қапылыста.

Дәл сілтер көрсетіп жолынды,

Шығысқа,

Батысқа.


(Компас)

Қос әйнектен қарасаң,

Көз алдында тұрады.

Алыстағы орасан.

(Дүрбі)

Бала біткен соғады,



Жеңіл шарды домалақ.

Ұрсаң


Ұшып жоғары,

Жерге түсер домалап.

(Доп)

Мінсем,


Төменге зу етем,

Өрлесем,


Оны өзім сүйретем.

(Шана)


Аяғымда

Басы қайқы қос сырық.

Таяғым да

Қуады оны састырып.

(Шаңғы)

Табанға қанжар байладым,



Бетінде айна ойнадым.

(Коньки)


Адам және оның дене мүшелері туралы.

Сәуле астындажүз ине.

(Кірпік)

Асқар тауда қара орман.

(Шаш)

Өзімнен өзгенің бәрін көрем.



(Көз)

Ти десем тимейді,

Тиме десем тиеді.

(Ерін)


Қатар – қатар тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым.

(Тіл мен тіс)

Көриегенешкім,

Дәмін татып.

Қара орман асты,

Ұйыған қатық.

(Адамның миы)

Құрамалы сырық,

Берсең ырық.

Кетесің тұрып,

Барасың жүріп,

Қаласаң,

Отырасың бүгіп.

(Аяқ)

Бір бұтақта – бес тармақ,



Бәрінде бар мүйіз қалпақ.

(Бес саусақ)

Бір беткейде екі көл.

(Көз)


Сөз ұққыш –

Қос тұтқыш.

(Құлақ)

Есігін ашсаң,



Сайраған бұлбұл.

Есігін жапсаң,

Жайраған құр күл.

(Тіл)


Отыз екі батыр,

Екіге бөлініп,

Қамалып жатыр.

(Тіс)


Қабақта бар қалың тоғай,

Жолсыз – ақ табарсың оңай.

(Қас)

Алқапты бар биік тау,



Алды тік жар қиық тау.

Қос үңгірі желдетіп,

Ауа жұтар селдетіп.

(Мұрын)


Қатар жатқан қос ін,

Аң кірмейтін бос ін.

(Танау)

Қос жиек,



Ортасы

Ақ сүйек.

(Ерін)

Өсіп тұратын демде,



Бұтақ сайын теңге.

(Тырнақ)


Тұңғиықтың тұрғындары туралы.

Өзі алып кемедей,

Дауылдап ықпайды.

Су шашып,телегей

Мұхиттан шықпайды.

(Кит)


Басы доғал,

Мұрты бар.

Аузы апаңдай,

Ұрты бар.

Түрі китке ұқсайды.

(Жайын)


Ілгегі бар дәу ұзын,

Керіп ашса ауызын,

Сәуле шашып тістері,

Шақырады қорегін.

(Қармақшы балық)

Қауырсын мұрт шетінен,

Жүзеді тек шалқалап.

Шабақты су бетінен

Оңай ұстар қалқалап.

(Қарабауыр жайын)

Қарасаң келбетіне

Тұмсығы найзадай.

Шығарып су бетіне,

Қанатын жайса жай,

Көрінер кемедей,

Мұхитта телегей.

(Желкенді балық)

Тұмсығы – қайықтың күрегі,

Аузымен шөп сүзіп жүреді.

(Ескектұмсық)

Майшабақпен сайыспай,

Үйіріп жүрер басқара.

Тұлғасы ұқсас қайыстай

Шұбатылған таспаға.

(Белбеубалық)

Қапталған сүйекті сауытпен,

Қорықпас ешқандай қауіптен.

Сойдиған тістері қашаудай,

Қорегін асаудай – ақ асайды – ай.

(Сауыттыбалық)

Тула бойы толы ине,

Жауын көрсе ол неме,

Едірейіп бүртігі.

Тұрған түсі көз көріп,

Шыға келер өзгеріп.

Қарнын үрлеп алады,

Допқа ұқсай қалады.

(Тікенқұрсақ)

Жалтыраған бауыры,

Құдды көмір түтігі.

Өзінің бар тәуірі,

Сәуле шашар түтігі.

(Үтікбалық)

Қошқыл жолақты,

Еріні сағақты.

Бүкіл денесі-

Терек теңгесі.

(Жапырақбалық)

Суда өседі, өнеді,

Сыртқа шықса, өледі.

(Балық)

Күміспенен апталған,



Теңгеменен қапталған.

(Сазан)


Қомағайлық жасайды,

Шабақтарды асайды.

(Шортан)

Сұрқы бір қарыс,

Итбалыққа ұқсайды.

Ұмтылғанда – жолбарыс,

Сүңгіп шабақ ұстайды.

(Сушылқара)

Жоны қара тақтайдай,

Бауыры аппақ мақтадай.

Мекендейді мұз –қарды,

Сүйеді тек ызғарды.

Бұлғаңдайды, қашпайды,

Асықпайды, саспайды,

Мұз үстінде билейді,

Бірақ белін имейді.

(Пингвин)

Сулы жерді мекендеп,

Құрлықта да секендеп,

Шыбын – шіркей аңдиды,

Жемге қашан жетем деп.

(Бақа)


Қанаты жоқ ұшпайды,

Су түбінде қыстайды.

(Балық)

Аяғы бар басы бар,



Арқалаған басы бар.

(Тасбақа)

Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадап иенсін.

(Кірпі)

Жерді мекен етеді,



Көлді де мекен етеді.

(Бақа)
Оқу – білім және оның құралдары.

Білімнен мол сый – асы,

Балғындардың ұясы.

(Мектеп)

Ақыл –ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары.

Биігіне бойлаған,

Қанбайды адам құмары.

(Білім)


Білімнің жол басшысы,

Шәкірттің қолбасшысы,

(Мұғалім)

Шәкіртке жанашыр,

Мейірман кім, жаны асыл?

(Ұстаз)


Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді.

(Ұстаз)

Ұшымен қазық



Тор көзді жазық.

Үстіне өттім,

Асыл сөз жазып.

(Дәптер)


Қабы сояу,

Діні – бояу.

(Қарындаш)

Ойларыңды аңсаған,

Асыл сөзді ақ алаңға,

Түсіруден шаршаған,

Мен емеспін әмәнда.

(Қалам)


Тіл жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде.

(Қаламсап)

Бар ойынды жиямын,

Ақ қағазға құямын.

(Сия)


Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады.

(Қонырау)

Күміс алтын тілі бар,

Сыңғырлаған үні бар.

Шақыратын білімге,

Сағаты бар, күні бар.

(Қоңырау)

Бөлінгенді табыстырып,

Біріктірсе қабыстырып.

Жымдастырған жігін де,

Байқамайсың түгін де.

(Желім)

Жұқа тақтай бөлшегі,



Ұзындықтың өлшемі.

(Сызғыш)


Елдері мен қаласы,

Ойпаты мен даласы.

Теп – тегіс тақтай – ды,

Өзені де ақпайды,

Тоғайы мен тауы бар,

Бұл не, өзің тауып ал.

(Карта)

Қаласы бар, елі жоқ,



Даласы бар, шөбі жоқ.

Мұхиты бар, суы жоқ,

Орманы бар, нуы жоқ.

Шыңдары да теп – тегіс,

Құмдары да теп – тегіс,

Кең жазықтан әр түсті,

Шығыс пенен батысты –

Бар әлемді табасың,

Өзің таң боп қаласың!

(Географиялық карта)

Доп сынды келбеті,

Онда бар түп – түгел,

Әлемнің әлпеті.

(Глобус)


Оқу – білім аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесі де бірнешеу,

Тиегі бар ашпалы.

(Сөмке)

Қырық екі жауынгер,



Сапын түзеп тұрады.

Бүлдіршіндер

Қауымды ел,

Сырын терең ұғады.

(Алфавит)

Білім менен тәлім,

Парақты ашқанда

Беттерінен мәлім.

(Күнделік)

Оқушыға күнде еріп,

Жүретін не?

(Күнделік)

Үстінде есігі,

Өзі орындық, әрі үстел,

Оқушылар бесігі.

(Парта)


Ілулі тұр кең алаң,

Керегімді мен одан.

Жазып алам көшіріп,

Сүртем сосын өшіріп.

(Тақта)

Төрт қырлы, өзі аппақ,



Тақтадағы ізі аппақ.

Кең алаң – тақырдан,

Шиырлап қайтады.

Ақ қант қатырған.

(Бор)

Сансыз ойлар бетінде,



Сайрап жатыр бар тілде.

Қажетпін мен әр күнде,

Өшпейді бір әрпім де.

(Қағаз)


Қабат – қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына сөйлейтін,

(Кітап)

Шәкірт кездегі,



Білімнің безбені.

(Баға)


Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы.

Жас балаға нұр шашқан,

Қандай кітап тіл ашқан?

(Әліппе)

Басында аздың ақылы,

Селқостардың жақыны.

(Бірлік)


Жалқаумен бір жүретін,

Құдды қармақ ілетін.

Жоламайды зерекке,

Сабақтарын білетін.

(Екілік)

Жалғас жатқан қос шеңбер,

Бүйірінде қақпасы.

Көрсең де оны дос сендер,

Жақсы, жаман ортасы.

(Үштік)


Жақсыменен тең көрген,

Ата – ана да жөн көрген.

Орындықпын төңкерген.

(Төрттік)

Мектептің алтын орағы,

Зейінділер одағы.

Жақсы көрер бар бала,

Зерекке дос ол дағы.

(Бестік)

Ойды аяқтап қорытады,

Соңында доп тұрады.

(Сөйлем)


Сөзді құрап, доп тіземін,

Қоя салсаң бір тары,

Жаңалықты жеткіземін.

(Хабарлы сөйлем)

Ойды яяаяқтап орақ тұрады,

Жауап сөз қалап тұрады.

(Сұраулы сөйлем)

Ұранды, шаттықты,

Өкініш, аптықты,

Білдіріп ойын талайдың,

Шарға ине қадаймын.

(Лепті сөйлем)


Мамандықтар туралы

Айдында жүзеді,

Тірі күміс сүзеді.

(Балықшы)

Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртібін ңұсқаған,

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.

(Милиционер)

Өнерге тән жаратқан,

Көкірегі кең аспан.

Барша жұртты қаратқан,

Бейнегер кім тым асқан?

(Қылқалам шебері)

Маңдайға жағып шырақты,

Лавалардан тұрақты.

Ағызып отын өзенін,

Жылытқан кім өз елін?

(Шахтер)

Адамның жүзін,

Басы мен көзін.

Айнытпай келбетін,

Салатын кім суретін?

(Суретші)

Жасыл желек көгалда,

Бірде артқа,

Бірде алға,

Желаяқ көп бала,

Таласып жүр бір шарға.

(Футболшылар)

Жолының көп азабы,

Сондадағы тынбайды.

Жаңалықты жазады,

Көпшілікті тындайды.

(Журналист)

Кең байтақ туған жеріме,

Кетпесін деп жат із өтіп.

Тыныштық тілеп еліме,

Отанды кім тұр күзетіп?

(Альпинист)

Айлар бойы жүзеді,

Жерді көрмей жүреді.

Ақ жал таумен алысқан,

Адамды кім біледі?

(Теңізші)

Төл өсіріп момақан,

Уыз ішкен қоймалжың,

Білсең айтшы, балақан,

Еңбегі зейнет қай малшы?

(Қойшы)


Тұлғалы кең иығы,

Мұнара оның тұрағы,

Маң далада бұйығы,

Сөнбей жанса шырағы,

Жер астының сұйығы

Фонтан болып шығады.

(Мұнайшы)

Ол жетсе ауылға,

Самсар жұлдыз торабы,

Нұр шашып тұрады.

(Электрші)

Күміс қанат, сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді?

(Ұшқыш)


Өрнектеп, сәндеп,

Тігістерін бүгетін.

Солпысын жөндеп,

Кім көйлек тігетін?

(Тігінші)

Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол.

Дәм мәзірін қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол.

(Аспаз)


Топырақтың құнарын,

Дәл тауып құрамын,

Қай жерде қай дақыл,

Өнім берер бай дақыл,

Зерттеп дәйім жүретін,

Кім бәрін білетін?

(Агроном)

Көрінбейді өзі,

Естіледі сөзі.

(Радио дикторы)

Жалтылдап қалағы,

Салатын кім қаланы?

(Кірпіш қалаушы)

Қараңғыны қақ жарып,

Жүрген кім шам жағып?

(Монтер)


Бал татыған мәзір,

Ол бар жерде әзір.

(Аспаз)

Өскен шашты жаратпайтын,



Қайшысы бар жалақтайтын.

(Шаштараз)

Оның тіккен бұйымы,

Аяғыңды қаптайды,

Шыға қалса жұлымы,

Әдемілеп баптайды.

(Етікші)

Көкке ұшқан шарықтап,

Шаңырақтың бауынан.

Ұстап үстем қалықтап.

(Парашютист)

Дабылға тез жететін,

Жалынға сүңгіп кететін.

Қақалса да түтінге,

Тайсалмайтын батыл кім,

Жасқанбайтын батыр кім?

(Өрт сөндіруші)

Құрып қойып өрмегін,

Ұршықтарын ойнатып.

Сәнді мата өрнегін,

Жасайтын кім жайнатып?

(Тоқымашы)

Екі басы дөңгелек,

Екі ұшы сүйір,

Қиғанға үйір.

(Қайшы)


Тұтқасыз тобатай,

Ұнатар, көп апай.

(Оймақ)
Екі шекпен күмбірлеп,

Көңіл сазын сапырады,

Тұлпар шабыс дүмбірлеп,

Желпіндіріп отырады.

(Күйші)

Ұзын өзен,



Суы жоқ.

(Жол)


Тұрмысқа қажетті бұйымдар мен жабдықтар туралы

Шүберек қабығы,

Іші құс мамығы.

(Жастық)


Өзі сырық,

Басқан жері құдық.

(Таяқ)

Тұра қалсам алдына,



Жалтыраған ақ айдын,

Өзімді - өзім мен мына,

Көре аламын ап – айқын.

(Айна)


Үскінің көп тармағы,

Қара орманды шарлады.

Қисықтарын түзеді,

Теп – тегіс енді.

(Тарақ)

Інді көп – ақ қазады,



Өзі шыға қашады.

(Біз)


Тазалап ақ қағаз жүзін,

Жоқ етер қарындаш ізін.

(Өшіргіш)

Артық кемді теңестірер,

Дәнді де өзі жемес бірер.

(Таразы)


Өзі өтпейді,

Ал, өтпесті өткізеді.

(Қайрақ)

Жаңалықты

Үн – түнсіз таратады,

Барша жұртты

Бір өзіне қаратады.

(Газет)


Қашық жердің сәлемін,

Тез – ақ алып келемін.

(Телеграмма)

Ұшып түсер күн бітсе,

Жоғалады жыл бітсе.

(Күнтізбе)

Үш тілі тақылдап,

Жаңылмайтын ақылды – ақ.

(Сағат)

Тысы жылтыр,



Іші жарқыл.

(Электр шамы)

Терезенің тесігі,

Таза ауаның есгі.

(Желдеткіш)

Көгілдір түсі бар,

Тас балқытар күші бар.

(Газ)


Кино менен концертті,

Үйде қойып беремін,

Жаңалығын бар елдің.

Өз көзіммен көремін.

(Теледидар)

Жай да үнсіз тұрады,

Біреу келсе тез жет деп,

Қоңырауын ұрады,

Дабыл қағып безектеп.

(Телефон)

Тоққа тисе мұрты ұзын,

Табанымен жазық.

Киімдердің қыртысын,

Береді тез жазып.

(Үтік)

Күн нұрына қарық қып,



Үйді тұрар жарық қып.

(Терезе)


Көз алдыңа жайнаған,

Түсі судан аумаған.

Тегіс перде керіледі,

Бірақ бәрі көрінеді.

(Әйнек)

Кір – қоқысты сүймейді,



Сыртқа қуып сүйрейді.

(Сыпырғыш)

Екі басы қалта,

Ортасы алқа.

(Тұтқыш)

Сүрткен киімі тазарып,

Өзі қалды тым арып.

(Сабын)
Шұқысаң көзін,

Көрсетін төзім,

Арашаға


Біреуді шақырар,

Өзі тыныш отырар.

(Телефон)
Шайқап басын,

Бір төмен, бір жоғары,

Тұрса ол,

Тосын


Үйде самал соғады.

(Желдеткіш)

Қызықтырам өзіме,

Көрсетемін көзіңе,

Сендіремін сөзіме.

(Теледидар)

Алыстағы апаңмен,

Оқудағы ағаңмен,

Тілдестіріп тұратын,

Заттың атын табар ме ең?

(Телефон)

Қанша жұтсам семіріп,

Сылқия бір тоймаймын.

(Шаңсорғыш)

Тыңдап әнін, өлеңін,

Үйден кино көремін.

(Теледидар)

Іші салқын, мұзы бар,

Күнкей қашқан қой сынды,

Жылда тез бұзылар,

Барша тағам тығылар.

(Тоңазытқыш)

Қаламы жоқ, ал бірақ,

Естігенін сөзбе – сөз,

Сол қалпында қабылдап,

Жазып алар тезбе – тез.

Қайталайды тақылдап,

Тыңдай қойсаң көзбе – көз.

(Магнитофон)
Сырт – сырт соғады, уақыт озады.

(Сағат)


Қыстың қантар, ақпаның,

Кебежеме сақтадым.

(Тоңазытқыш)

Түтікті бойлап келеді,

Самса пісіріп береді.

(Газ)



Киіз үй және оның жабдықтары туралы

Ұқсайтын шеңберге

Қабырғасы жиылып, керіледі.

Жиһазы ол кең бөлме,

Төбесінен жұлдыздар көрінеді.

(Киіз үй)

Жетпіс екі найзаны,

Біріктіріп ұстап тұр,

Ата – бабаның қай жаны,

Ие болса оған – ұшпақ бір.

(Шаңырақ)

Керсең,


Алып тор жолды парақтай,

Жайсаң,


Қатарлап сызған жолақтай.

(Кереге)


Қос таяқ,

Бастары дөңгелек.

Тұтасты

Кеседі бөлек – бөлек.



(Қамшы)
Тұмсығын тесіп,

Жүннен бұйда есіп.

Қазыққа байладым.

(Уық)


Тақиялы сүмбі тал тізбегі,

Ақ шапан жамылды жүн тегі.

(Үзік)

Ұшы екі айыр ақ таяқ,



Сүйеніп тұр жатпай – ақ.

(Бақан)


Түріліп тұрар бір басы,

Бұрышсыз үйдің мұржасы.

(Түңлік)

Қабырғаның кең төрі,

Ажыратпай ұстап тұр.

Жұмыр болат шеңбері.

(Белбеу)

Даланың тайраңын,

Қаз – қатар тұрғызып,

Отыз жерден байладым.

(Ши)

Келсең жолды ашады,



Кетсең жолды жабады.

(Есік)


Көмейлете інді,

Сүңгітіп ем тілді.

Темір кісен діні,

Кейін қарай шегінді.

(Кілт)

Күзетем деп үйді,



Жұдырығын түйді.

(Құлып)


Қақпаның қалы,

Оның да бар

Оң мен солы.

(Топса)


Төрт таяққя керілді,

Әдемі үй боп көрінді.

(Шатыр)

Сәбиге сәнді үй,



Әжеге ән – күй.

(Бесік)


Төбедегі көзінен

Күн сәулесі түседі.

Бұрышы жоқ төрінен,

Самал еркін түседі.

(Киіз үй)

Шыркөбелек айналар,

Беліне жіп байланар.

(Ұршық)


Бір құлаштай сабы бар,

Бунақтары тағы бар.

Басы ұқсас қайыққа,

Жолықтырар ойыққа,

Қос танабы тартылған,

Ұзына бойы ән тұнған.



(Домбыра)



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет