12-ТАРАУ
БИЗНЕС ПЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАР
Нанотехнологиялар - бұл заманауи маркетологтардың арманы.
Қазір олар айналаның бәрін «нано» сөзімен байланыстыруға тырысу-
да. Мысалы, тіпті, АррІе компаниясының күйтабақ ойнатқышы іРогі
папо деп аталады. Ол
- қалыңдығы қарындаштай, ал ұзындығы 9 см-
ден аз ғана кіші болса да, дыбыстық файлдарды ойнатушы портативті
жүйесі, түсті дисплей 14 сағатқа дейін жұмыс істейтін батареясы,
1 0 0 0
-нан аса ән сақтауға арналған жадысы,
аудиокітап және подкасті
бар. Бұл плеердің мүмкіншілігі өте жоғары,
бірақ оның құрамында
нанобөлшек жоқ, ал оның ұсақ компоненттерінің мөлшері
1 0 0
нм
-ден үлкен.
Шынымен де, бүгінде көптеген компаниялар
өз өнімдерінің атау-
ларында бекерге «нано» деген қосымшаны пайдаланады. Сондықтан
дәндерді (шын нанотехнологиялық өнімдер мен технологияларды)
үйбидайықтардан (жаңа сәндегі атпен аталған кәдімгі өнімдер) ажыра-
ту өте қиын. Кейбір компаниялар «нано» терминін бұл атауға ешқандай
мағына бермей-ақ конфеттер сияқты қолданып жүр.
Өз уақытында көп уәде берген биотехнологиялар тез дамып келе
жатқан биотехнологиялық компаниялардың
акцияларын сатып алуға
асыққан көптеген инвестициялық компаниялар үшін зор игілік болды.
Аяғынан тік тұрып үлгермеген нанотехнологиялар мен наноматери-
алдар инвесторларға дәл осындай пайда бере алады ма?
Солай бола-
ды деп сенеміз. Осындай жобалардың негізінде акционерлер ортасын
кеңейту жатыр, ал шын пайда мен компанияның өсуі патенттер мен
лицензияларды сату арқылы жүзеге асырылады.
Биотехнологияға қаржы салған
көптеген тәуекелшіл фирмалар,
мысалы Оепепіесһ және М еШ ттипе сияқты монстр компаниялар
алысқа көп өрлеп кетті. Енді нанотехнология
сферасында олар жаңа
өнімдер іздеп жатыр, мысалы, ақуыздар мен вирустарды анықтап, та-
нитын наноматериалдар және жаңа пайдалар алуға тырысуда (инвести-
цияларды қайтаруды ескергенде). Шын нанотехнологиялар өнімдер,
қызмет көрсету және өндірістің барлық аймағындағы үдерістерді
жақсарта алатын көптеген алдыңғы қатарлы технологияларға енгізіліп
жатыр.