Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет163/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Геостационарлы орбита
Геостационарлы орбита - бұл экватор астында орналасқан 
жердің шеңберлі орбитасы, ол бойынша жасанды жер серігі жердің 
өз осімен айналуының бұрыштық жылдамдығына тең бұрыштық 
жылдамдықпен айналады. Осылайша жер серігі жердің үстінде 
тұрақты бір нүктеде орналасады. Геостационарлы жер серіктерін 
байланыс мақсатында пайдалану идеясын Константин Циолковский 
да ұсынған болатын. Геостационарлы орбитаның артықшылықтары 
туралы 1945 жылы Артур Кларктың ғылыми-танымдық мақаласы 
жарыққа шыққан соң айтыла бастады. Осы себептен де батыста 
геостационарлы немесе геосинхронды орбиталарды кейде «Кларк 
орбиталары» деп те атайды. Геостационарлы орбита жасанды жер 
серіктерін (коммуникациялық, телетрансляционды жэне т.б.) орна- 
ластыру үшін де қолданылады.
Ғарыштық лифт не үшін керек? Екі себептен: Өмір сапасын 
жақсарту үшін жэне ғарыштық ұшуды арзандату үшін. Бүгінгі таңда 
жерге жақын ең төменгі орбитаға 
1
кг пайдалы жүкті жеткізу ша- 
мамен 20 мың доллар, ал геостационарлы орбитаға жеткізу 40 мың 
доллар тұрады. Ғарыштық лифтті пайдаланған кезде 1 кг пайдалы 
жүкті геостационарлы орбитаға жеткізу 400 доллардан көп болмай- 
ды. Жер серігін орбитаға шығарудың арзандауы нэтижесінде бай­
ланыс құралдары да арзандайды. Үлкен күн батареяларын жерге 
жақын орбитаға көптеп шығару балама энергиялардың өндірісін 
арттырады. Салмақсыздық шарттарында күрделі фармацевтикалық


препараттар мен тазалығы жоғары кристалдар өндірісі жеңілдейді. 
Туристік мақсатта ғарышқа ұшу, планетааралық экспедиция, ай мен 
күн планеталары жүйелерінде база жасау арзандайтын болады.
Мұның бәрін қалай жүзеге асыруға болады?
Ғарыштық лифтінің негізін салатын ең қолайлы орын Тынық 
мұхитында Экватор ені бойынша жүзіп жүретін платформа болар еді. 
Мұнда іс жүзінде қатты жел жоқ және тропикалық борандардың пай- 
да болу ықтималдығы да аз.
Тынық мұхитының үлкен кеңістігінде ғарыштық лифт платфор- 
масын теңіз және ауа кемелерінің жолдарынан тыс жерге ауыстыруға 
болады. Алайда толық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғарыштық 
лифт маңында ұшу мен жүзуді бақылау жүйесін жасау керек. 
Ғарыштық лифтті жасау үшін бұл ерекшеліктермен қатар келесі фак- 
торларды ескеру қажет.
• ескі жер серіктері мен олардың бөлшектерінің ғарыштық 
қалдықтарының болуы;
• меториттер;
• атмосфералық оттектегі коррозия;
• күрделі ауа райылық шарттар (жел, найзағай және т.б);
• лифт жолы бойындағы барлық лента мен жеке талшықтардың 
үзілген жерлерін жөндеу жұмыстары;
• желдің әсерінен тербеліс;
• радиация;
• қасақылық пен лаңкестік.
Ғарыштық лифт көмегімен ғарышты зерттеуге қызығатын 
компаниялар бұл ерекшеліктерді ескеруі тиіс. Табиғатқа демалуға 
шығар алдында ауа райы туралы мәліметті оқу сияқты ғарыштық 
лифт көмегімен ғарышқа саяхаттау алдында ауа райы туралы оқудың 
мүмкін болуы әбден ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет