НАНОКАТАЛИЗАТОРЛАР
Ерітінділердегі нанобөлшектер
немесе мембраналармен бірге
нанобөлшектер ластандырғыш заттардың қозғалуына ғана емес, со
нымен қатар олардың химиялық дағдарысына да көп ықпал етеді.
Қазіргі таңда ғалымдар
каталитикалық реакциялар суды тазарту
әдістерін әжептәуір арзандата алатындықтан, қоршаған ортаны қорғау
ісіндегі нанокатализаторлардың рөлін қарқынды түрде зерттеуде.
Мысалы, жерасты суларын пестицидтерден тазалаудың үлкен
маңызы бар. Алайда жиі ластаушы заттардың әртүрлі типі үшін жеке
катализатор мен тазалаудың нақты стратегиясы талап етіледі.
Арнайы наноматериалдар тазартуды тездетеді және оны аса
тиімді ете алады.
Филадельфиядағы (АҚШ) Тэмпл Университетінің химия про-
фессоры, доктор Дэниэл Р. Стронгин ф ап іеі К. §
1
гоп§т) ақуыздық
құрылымдарды металл оксидтерінің негізінде нанобөлшектерді
жобалау және жинауда пайдаланады. Ол
мұндай нанобөлшектерді
қоршаған ортаны қорғау үшін нанокатализатор есебінде қолдануға
болады деп есептейді.
Стронгин өзінің әріптестерімен бірге қауіпті металдар немесе
олардан шыққан ерітінділердің қоюлануына әкелетін химиялық реак-
цияларды олардың жер асты суларында таралуының немесе топыраққа
іркілуінің алдын ала отырып зерттейді. Ғалымдар улы хроммен экспе
римент жасай отырып, хроммен реакцияға түсетін нанобөлшектерді
жасады.
Хром нанобөлшектермен қосылғанда, суда ерімейді және тез
сүзіледі. Бұл әдіс көл, өзен және бұлақ
суларын неғұрлым тиімді та-
залайды.
Стронгин тобы уытты металдармен әсерлесуге қабілетті басқа
да нанобөлшектерді жасау үстінде, мысалы, Вашингтон (АҚШ)
штатының бірнеше жері технециймен ластанған. Өйткені, 1940-1950
жылдарда ол жерлерге ядролық қалдықтары бар көп қалдық көмілген
болатын. Уақыт өте келе ол жерлерде жер асты суларын лайлай-
тын қалдықтар жиналған. Әдеттегі макробөлшектерге қарағанда,
нанобөлшектер ғалымдарға бұндай ластанудан тиімді құтылуға
мүмкіндік бере алар еді.
ЛАСТАҒЫШ ЗАТТАРДЫҢ АДСО РБЦ ИЯСЫ
Суды тазартудың қарапайым әдістерінің көмегімен ластағыш
заттардың үлкен мөлшері жойылғанымен, кейбір уытты қоспадан та
залау үшін аса тиімді арнайы әдістерді қолдану талап етіледі. Көптеген
ауыр металдар үшін сәйкес нанокатализаторларды табу мүмкін бол-
мады, сондықтан ғалымдар өз күш-жігерлерін олардың адсорбция
әдістеріне
бағыттады, мысалы, полимерлер мен нанобөлшектер
көмегімен.
Күшән суды ластайтын ең көп таралған ластағыш зат болып та-
былады. Бұл улы химиялық элемент оттегімен, хлормен, күкіртпен,
көміртегімен, сутегімен, мырышпен, алтынмен және темірмен
әсерлесе алады да, сондықтан көптеген тау жыныстарымен минерал-
дарда кездеседі. Күшәннің табиғатта бар болуы табиғи геологиялық
және жасанды өнеркәсіптік үдерістерде,
ауыл шаруашылығы
қызметінде және т.б. оның қатысатындығымен түсіндіріледі.
Күшән адамның ас қорыту жүйе сіне қауіпті әсер етіп, жасушаларға
оттектің жетуін қиындатады. Жүрек қызметінің бұзылуы, жүрек
соғысының жиілеуі, ағару, қатты асқазан ауруы, құсу және сананың
бұзылуы - күшәнмен уланудың белгісі. Бұл улану қуықтың үлкеюіне
және тік ішектің қатерлі ісік ауруына алып келеді.
Күшәннің адам денсаулығына үлкен қауіп төндіруі себепті, ЕРА
оның ауыз суында
1 0
%-ға дейін болуын қадағалап, стандарттарды
өте қатты бақылауға алды. Жер шарында адамның күшәнмен ула-
нуы үлкен мәселе болып отыр. Бангладеш, Үндістан, Мексика, Чили,
Аргентина, Тайван және Тайландтың 10-нан 40%-ға
дейінгі халқы
ауыз суындағы күшәннан уланған. Ауыз суының күшәнмен ласта-
нуы үшінші деңгейлі елдерге тән болғанымен, АҚШ-тың көптеген
су құбырлары
1 0
%-ға қарағанда жоғары концентрацияда күшәннан
тұрады. Сондықтан, суды осындай күшән сияқты ауыр металдан
тазалаудың жаңа технологияларын өңдеу және пайдалану денсаулық
саласы үшін өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: