сиымдылығы бар сақтау құралдары, жалпақ дисплейлер, электрондық
қағаз және т.б. Информатиканың дамуы үшін наномасштабты деңгейде
мәліметтерді сақтау, тасымалдау, өңдеу әдістерінің маңызы зор.
Химия мен фармакологияда көптеген патенттер дәрі-дәрмектерді
нүктелік жеткізу, қатерлі ісік және басқа қауіпті ауруларды бол-
жау және емдеу әдістеріне арналған. Құрылыс, аэроғарыш аумағы
сияқты аймақтарда да
патенттер саны артуда, бірақ олардың үлесі
әлі көп емес. Болжам бойынша нанотехнология мен наноөнімдердің
жаппай нарыққа шығуы алдымен информатика мен фармокология
аумақтарында жүзеге асады деп есептеледі. Дәл осы ағым соңғы 25
жыл бойы байқалып келеді.
Кілттік қосымшалар
Наноматериалдар ерекше физикалық және
химиялық қасиеттер
көрсетеді. Оларды көптеген әртүрлі қосымшалар үшін сәтті қолдануға
болады. Төменде бүгінгі уақыттан бастап 2015 жылға дейін нано
технология мен наноөнімдердің келешекте пайдаланулары мүмкін
аумақтар аталып өтіледі.
ҚҰРАЛДАР
Бұларға нанобөлшектерді талдау, алу, өңдеу және басқаруға
арналғанқұрылғылар менбейімделулерге байланысты әртүрлі құралдар
жатады. Жетілдірілген құралдар
наномасштабты құрылымдардың
өлшемдері мен қасиеттерін өте дәл өлшеуге мүмкіндік береді.
Жаңа наноқұрылымдарды жасау және өлшеу үшін атомды күштік
микроскоптар, сканирлеуші зондты микроскоптар, наноманипулятор-
лар, оптикалық пинцеттер мен басқа да құралдар қолданылады.
Жақын уақытта бұл құралдардың
дамуы нанотехнология
дамуының негізгі катализаторы болады.
Өндіріс
Вольфрам мен титан карбиді нанобөлшектері негізіндегі кесуге
арналған жаңа құралдар өздерінің ірілеу түрлерімен салыстырғанда,
берігірек және тозуға және коррозияға төзімдірек. Олар жұмысты
жылдамырақ орындауға мүмкіндік беретіндіктен
үнемдірек әрі
тиімдірек болып саналады.
Электрондық
құрылғылардың
мөлшерін
кішірейту
үшін
бұрғыларда нанокристалды материалдар қолданылады.
Олар дәлірек
кескін алуға мүмкіндік береді және (диаметрі
1 0 0
-мкм ден аз) дәстүрлі
материалдан жасалған бұрғылармен салыстырғанда тез тозбайды.
Мұнай-газ өнеркәсіптерінде қолданылатын ықшам бұрғыларда
өзін жақсы көрсеткен карбидті және алмас жамылғылар пайдаланы-
лады.
БИОИНЖЕНЕРИЯ
Кейбір аналитиктер наномедицина
мен онымен байланысты
аумақтар 2015 жылы биологиялық ғылымның хал-жағдайын 80%
өзгертеді деп есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: