Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет151/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Патент - жеке 
құқыгын растайтын, 
тиімді 
неме­
се 
өнеркәсіптік үлгіге 
жаңалық ашудың 
авторлығы мен
артықшылыгын көрсететін ресми құжат.
Патенттің жарамдылық мерзімі патенттеу нысанына байланысты 
(эдетте 10-нан 25 жылға дейін). Патент зияткерлік жекеменшік бой­
ынша мемлекеттік органның орындаушы өкіметімен, мысалы, Ресей 
Федерациясындағы мұндай орган интеллектуалды жеке меншік, патент 
жэне тауарлық таңба бойынша Федералды қызмет саналады. Қандай 
да бір аймақ бойынша патент алу қарқындылығы оның ағымдылығы 
жэне болашақтығы белсенділігінің көрсеткіші болуы мүмкін. Мыса­
лы, нанотехнология аумағындағы барлық патенттердің шамамен % -і 
жаңа құралдарға арналған. Бұл нанотехнологиялар даму сатысында 
екенін көрсетеді жэне осы кезде жақсы наноқұрылымдарды өндіру 
эдістері мен құралдарын жасау маңызды.
Бұл жағынан информатика, химия жэне фармокология ең да- 
мушы аумақтарға жатады. Мысалы, информатикада бұл жоғары


сиымдылығы бар сақтау құралдары, жалпақ дисплейлер, электрондық 
қағаз және т.б. Информатиканың дамуы үшін наномасштабты деңгейде 
мәліметтерді сақтау, тасымалдау, өңдеу әдістерінің маңызы зор.
Химия мен фармакологияда көптеген патенттер дәрі-дәрмектерді 
нүктелік жеткізу, қатерлі ісік және басқа қауіпті ауруларды бол- 
жау және емдеу әдістеріне арналған. Құрылыс, аэроғарыш аумағы 
сияқты аймақтарда да патенттер саны артуда, бірақ олардың үлесі 
әлі көп емес. Болжам бойынша нанотехнология мен наноөнімдердің 
жаппай нарыққа шығуы алдымен информатика мен фармокология 
аумақтарында жүзеге асады деп есептеледі. Дәл осы ағым соңғы 25 
жыл бойы байқалып келеді.
Кілттік қосымшалар
Наноматериалдар ерекше физикалық және химиялық қасиеттер 
көрсетеді. Оларды көптеген әртүрлі қосымшалар үшін сәтті қолдануға 
болады. Төменде бүгінгі уақыттан бастап 2015 жылға дейін нано­
технология мен наноөнімдердің келешекте пайдаланулары мүмкін 
аумақтар аталып өтіледі.
ҚҰРАЛДАР
Бұларға нанобөлшектерді талдау, алу, өңдеу және басқаруға 
арналғанқұрылғылар менбейімделулерге байланысты әртүрлі құралдар 
жатады. Жетілдірілген құралдар наномасштабты құрылымдардың 
өлшемдері мен қасиеттерін өте дәл өлшеуге мүмкіндік береді.
Жаңа наноқұрылымдарды жасау және өлшеу үшін атомды күштік 
микроскоптар, сканирлеуші зондты микроскоптар, наноманипулятор- 
лар, оптикалық пинцеттер мен басқа да құралдар қолданылады.
Жақын уақытта бұл құралдардың дамуы нанотехнология 
дамуының негізгі катализаторы болады.
Өндіріс
Вольфрам мен титан карбиді нанобөлшектері негізіндегі кесуге 
арналған жаңа құралдар өздерінің ірілеу түрлерімен салыстырғанда,


берігірек және тозуға және коррозияға төзімдірек. Олар жұмысты 
жылдамырақ орындауға мүмкіндік беретіндіктен 
үнемдірек әрі 
тиімдірек болып саналады.
Электрондық 
құрылғылардың 
мөлшерін 
кішірейту 
үшін 
бұрғыларда нанокристалды материалдар қолданылады. Олар дәлірек 
кескін алуға мүмкіндік береді және (диаметрі 
1 0 0
-мкм ден аз) дәстүрлі 
материалдан жасалған бұрғылармен салыстырғанда тез тозбайды.
Мұнай-газ өнеркәсіптерінде қолданылатын ықшам бұрғыларда 
өзін жақсы көрсеткен карбидті және алмас жамылғылар пайдаланы- 
лады.
БИОИНЖЕНЕРИЯ
Кейбір аналитиктер наномедицина мен онымен байланысты 
аумақтар 2015 жылы биологиялық ғылымның хал-жағдайын 80% 
өзгертеді деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет