Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет154/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Байланыс
Компьютерлер мен олардың компоненттерін кішірейтумен қатар, 
сымсыз коммуникациялық құрылғыларды да шағындау жүзеге асуда. 
Байланыстың сымсыз құралдарының мөлшерлері кішіреюде, ал олар 
өздері біртіндеп басқа электрондық сызбалар мен құрылғылардың 
ажырамас құрамдас бөлігіне айналып барады. Алайда антенналар 
(мысалы, ұялы телефондардағы) мен сенсорлардың мөлшерлері 
басқа компоненттермен салыстырғанда, біршама үлкендеу және 
электрондық сызбаларды онан арғы шағындауда шектеуші фактор 
болып табылады. Ғалымдар мен инженерлер жақын уақытта нанома- 
териалдар мен нанотехнологиялар көмегімен бұл мәселені де шеше 
алады.


ОПТИКА
Оптикалық мәліметтерді наномасштабты деңгейде өңдеу ғылым 
мен техниканың кейбір аумақтарында күрделі мәселе болып табыла- 
ды. Ең белсенді қолданулар ішінен оптикалық наноқұрылымдарды, 
ультра қысқа толқынды метография, наноқұрылымдарды бейне- 
леу, сонымен қатар биологиялық материалдардағы жасушалы және 
молекулярлық деңгейдегі наноүдерістарді оптикалық басқаруды 
атап кетуге болады. Бесінші және алтыншы тарауларда оптикалық 
наноқұрылғыларды биологиялық және медициналық мақсаттарда 
пайдалану туралы айталып кеткен болатын.
Дисплейлер
Теледидарлар мен дисплейлердің бөлу қабілеті экрандағы кескін 
құрастырылу мөлшерімен анықталады: пиксельдер кіші болған кескін 
анық болады.
Пиксель - екі өлшемді кескіннің ең кіші элементі. Ол белгілі бір
түсі бар, тік бұрышты формалы (әдетте квадрат) бөлінбейтін
нысан болып табылады.
Дисплейлердің бөлу қабілетін арттыру үшін ғалымдар мен ин- 
женерлер золь-гель ауысу көмегімен алынған цинк селениді, кадмий 
сульфиді мен қорғасын теллуриді негізіндегі жаңа наноматериалдар- 
ды пайдалануға тырысып жатыр. Олардың көмегімен компьютерлік 
техника мен айқындылығы жоғары Н ^Т V (һідһ-гіейпііюп Іеіеуізіоп) 
теледидарлардың дисплейлерінің құнын төмендету мен бөлу қабілетін 
арттыру болжанып отыр.
Жалпақ 
панельді 
дисплейлер 
портативті 
компьютерлер 
нарығының біршама бөлігін құрайды. Мұндай дисплейлерді зерт­
теу мен өндіруде басты орынды Жапон компаниялары алады. Олар 
нанобөлшектерді пайдалану арқылы дисплейлердің бөлу қабілетін 
жақсартуға және өндірістік шығындарды азайтуға тырысады. Со- 
нымен қатар наноматериалдарды қолдану арқылы жалпақ панельді 
дисплейлердің жарықтығы мен айқындылығын біршама арттыруға 
болады.
Электрохромды құрылғылар оптикалық қасиеттері электр тоғы неме­
се электромагнитті өріс өткенде өзгеретін материалдарға негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет