және көміртек оксиді сияқты улы газдармен әрекеттесе алатын тиімді
катализатор жасауға қолдануға болады. Сонымен нанокристалды
материалдар қоршаған ортаны қазба жанармайларды жандырудан
бөлінетін ластанудан қорғауда елеулі көмек жасайды.
Сыйымдылығы жоғары батареялар
Біздің
өмірімізде автомобильдер, компьютерлер, ұялы телефон-
дар, сағаттар мен ойыншықтардағы қарапайым батареялар мен қайта
зарядталатын аккумляторлар кеңінен қолданылады.
Өкінішке орай,
олардың сыйымдылығы (және төзімділігі) жеткілікті мөлшерде үлкен
емес және оларды жиі зарядтау қажет.
Кеуекті нанокристалды материалдар электр энергиясын көбірек
тығыздықпен сақтауға қабілетті,
сондықтан болашақта олардың
негізіндегі батареялар мен акумляторлар зарядтаусыз біршама ұзақ
жұмыс істей алады.
Сенсорлар
Сенсорлардың электр кедергісі,
химиялық белсенділік, магнитті
өту қабілеті, жылу және басқа да физикалық және химиялық қасиеттері
көбінесе материалдың микроскопиялық құрылымына тәуелді. Мы
салы, көміртек оксиді сенсорында газды табу үшін
цирконий оксиді
қолданылады. Цирконий оксиді мен көміртек оксиді молекуласының
әрекеттесу реакциясы өткізгіштік пен өзгеріп отырады.
Ғалымдар мен инженерлер сенсорлардың сезімталддығын арт-
тыру үшін дәнек мөлшері кішкентай
материалдар қолдануға тыры-
сады. Нанокристалды сенсорлардың сезімталдығы жоғары және олар
қазірдің өзінде түтін детекторларында, ұшақтың беткі қабатының
мұздануы анықталатын датчиктерде және
қозғалтқыштардың жұмыс
істеуінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: