Сабақтың тақырыбы: Сутек-химиялық элемент және жай зат. Сутектің изотоптары Сабақтың мақсаты



Дата05.06.2017
өлшемі14,86 Kb.
#18171

Сабақтың тақырыбы: Сутек-химиялық элемент және жай зат. Сутектің изотоптары

Сабақтың мақсаты:

  • а)Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғатта таралуы және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру. Ә)Оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын жетілдіріп, белсенділік икем дағдысын қалыптастыру.
  • Б)Экологиялық тәрбие беру.

Өткенді еске түсіру кезеңі

  • 1.Заттар нешеге жіктеледі? Күрделі заттар дегеніміз не?
  • 2.Күрделі заттарға қандай заттар жатады?Атаңыз
  • 3.Оттек латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
  • 4.Оттектің қандай аллотропиялық түр өзгерісі бар?
  • 5.Екі элементтің бірі оттек болып келетін бинарлы қосылысты ата.
  • 6. 2H2O = 2H2 + O2 реакциясындағы түзілген өнімдерді ата? Қандай реакция типіне жататынын көрсетіңіз.

Д.И.Менделеев жасаған элементтердің периодтық кестесінде сутектің орналасуы?

  • Д.И.Менделеев жасаған элементтердің периодтық кестесінде сутектің орналасуы?
  • Жаңа тақырыпты өздігінен
  • меңгеру кезеңі
  • Химиялық таңбасы Н, ол “аш” деп оқылады. Салыстырмалы атомдық массасы 1,008. Жай зат түзетін газ күйіндегі сутек – екі атомнан тұратын молекуладан Н2 құралады. Сутек молекулалары бір-біріне әлсіз тартылады, сондықтан қалыпты жағдайда газ. Жер бетінде оттекке қарағанда сутек едәуір аз.
  • Сутек ең жеңіл газ болғандықтан, ғарыш кеңістігінде көп тараған. Күн жүйесі планеталарының 92%-ін сутек атомы құрады.
  • Жер бетінде сутек бос күйінде кездеспейді десе де болады. Көп тараған сутектің ең басты қосылысы – су. Сутектің жер қыртысында газ күйіндегі метанның, қатты тас көмірдің, сұйық күйдегі мұнайдың, көптеген минералдар мен тау жыныстарының құрамында оттекпен қатар сутек те кіреді. Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі 1 %. Ол аз болып көрінгенмен, шындығында жердегі әр 100 атомның, шамамен, 10 атомы сутектің үлесіне келеді.
  • Сутекті отын ретінде пайдаланған тиімді. Әзірше сутекті көп мөлшерде өндіруге болатын шикізаттар – метан мен суды айыру қымбатқа түсіп отыр. Келешекте автомобильдерді сутек отыны көмегімен жүргізуді дамыту көзделуде.

Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі 1 %.

Жер бетінде сутек бос күйінде кездеспейді, көп тараған қосылысы- су. Судағы сутектің массалық ұлесі 11 пайыз. Сонымен қатар сутек табиғатта қосылыстар құрамында кездеседі

Минералдар мен тау жыныстарында

Мұнай құрамындағы метан газында

Тас көмірдің құрамында

Сутектің ең көп тараған қосылысы – су.

Сутектің физикалық қасиеттері:

  • Сутек – иіссіз, түссіз газ.
  • Барлық газ күйіндегі заттардың ішіндегі ең жеңілі – сутек. Ол суда аз ериді. Жылу өткізгіштігі өте жоғары. Зонд шарларын сутекпен толтырып, аспанға ұшырып, метеорологиялық мақсаттағы жұмыстар жүргізіледі.

Сутектің алынуы

1776 жылы сутекті Г.Кавендиш алды. Француз ғалымы А. Лавуазье сутектің жай зат екенін анықтап, оған “гидрогениум” деп ат берген. Латынша бұл “су тудырушы” дегенді білдіреді.

  • 1776 жылы сутекті Г.Кавендиш алды. Француз ғалымы А. Лавуазье сутектің жай зат екенін анықтап, оған “гидрогениум” деп ат берген. Латынша бұл “су тудырушы” дегенді білдіреді.
  • Генри Кавендиш
  • Антуан Лавуазье

Өнеркәсіпте алынуы

  • Жер бетінде су кең тарағандықтан өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі әдісі – суды тұрақты электр тогының көмегімен айыру болып табылады.
  • 2H 2O = 2H2 + O2
  • CH4 + 2H2O = CO2 + 4H2 -165 кДж

Зертханада алынуы

  • Сынауыққа 1-2 түйір мырыш салып, үстіне сұйытылған тұз немесе күкірт қышқылын құяды. Реакцияның жүре бастағанын сұйықтың бетінде газ көпіршіктерінің пайда болуынан байқауға болады.Ол – сутек газы.
  • Zn + H 2SO4 = ZnSO4+ H2

Сутекті жинау әдістері

  • Ауаны ығыстыру арқылы
  • Суды ығыстыру арқылы

Сутегін зертханада алуға арналған құрал - Кипп аппараты

  • Тарих патшалығы
  • А) Физикалық және химиялық ұғым.
  • 1 топ 2 топ
  • А) Судың булануы а) Металдың балқуы
  • Ә) Көмірқышқыл газ әсерінен ә)Шегенің таттануы
  • ізбес суының лайлануы
  • Б) Майшамның жануы б) көмірдің жануы
  • Ә) Таза және қоспалар
  • 1 топ 2 топ
  • А) Дистельденген су а) Қант
  • Ә)Мыс ә) Ауа
  • Б) Топырақ б) Фосфор
  • Б) Қай сөйлемде химиялық элемент, қайсысында зат?
  • 1 топ 2 топ
  • А)Мыс купоросының құрамына а)Темір ылғал ауада таттанады
  • мыс кіреді
  • Ә)Балықтар судан еріген ә)Темір мен күкірттің қоспасы.
  • оттекпен тыныс алады.
  • Б)Таттың құрамына темір кіреді. Б) Мыс оксиді мыс пен оттектен тұрады.
  • 1.География патшалығы
  • 1 топ 2 топ
  • А) 5 моль судың массасын есепте а)7 моль алюминийдің массасын есепте
  • Б) Мына заттардың салыстырмалы молекулалық массаларын тап
  • 1. Mr (CO2)= 2 Mr (H3PO4)=
  • Mr (H2SO4)= Mr (FeCl3)=
  • 3. Биология патшалығы
  • 1 топ
  • А) Тыныс алу процесіндегі элемент
  • Ә) Қанның құрамында кездесетін маңызды химиялық элемент
  • 2 топ
  • А) Адам сүйегінде кездесетін химиялық элемент
  • Ә) Қалқанша безінде кездесетін элемент
  • 4.Әдебиет патшалығы
  • А) Мақал-мәтелдер
  • 1 топ
  • А) Өз елім - ..... бесігім.
  • Ә).... қызған кезінде соқ.
  • 2 топ
  • А) .... тас екен,арпа бидай ас екен.
  • Ә)Аз сөз .....,көп сөз .......
  • Ә) Жұмбақтар
  • 1 топ
  • А) Бірінші буыным көп емес,екінші буыным тілсіз жау.
  • Ә) Шыдасаңда алтын ассыз мүлде,шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.
  • 2 топ
  • А) Тынысым ырысым,Ол жоқ жерде жойылмақ жүрісім
  • Ә) Сыныптан шықпайды,тимесең ұқпайды.
  • Жәрдемінсіз бұл заттың, оқушы сабақ ұқпайды.
  • 5. Физика патшалығы
  • 1 топ
  • Салыстырмалы атомдық массасы 65 –ке тең.
  • Осы элементтің хлормен қосылысының салыстырмалы молекуллалық массасын есепте.
  • Реакция теңдеуін теңестір
  • Осы қосылысты айырылу реакциясы арқылы жүзеге асыр.
  • 2 топ
  • Салыстырмалы атомдық массасы 24 –ке тең.
  • Осы элементтің хлормен қосылысының салыстырмалы молекулалық массасын есепте.
  • Реакция теңдеуін теңестір
  • Осы қосылысты айырылу реакциясы арқылы жүзеге асыр.

Тест тапсырмалары:

  • 1.Сутектің химиялық таңбасы:
  • а) Н ә) Не б) Cu в) Si
  • 2.Күн жүйесі планеталарының қанша пайызын сутек атомы құрайды?
  • А)49% ә)2% б)24% в)92%
  • 3.Сутекті ең алғаш алған ғалым?
  • а) Ломоносов ә) Менделеев
  • б) Кавендиш в) Лавуазье
  • 4.Сутек латынша қандай мағынаны береді:
  • А)түтінді газ б)су тудырушы
  • Ә)қопарғыш газ в)су тасушы
  • 5.Сутекті өнеркәсіпте алу жолы:
  • а)Электр тоғы арқылы б)белсенді металдан
  • ә)ауаны ығыстыру арқылы в)айдау арқылы
  • Үйге тапсырма:
  • 30-31 тақырыптар, 80-83-бет 8,9,10,11-жаттығулар.
  • Бағалау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет