Нанотехнологиялар


-ТАРАУ АРЫ ҚАРАЙ НЕ ІСТЕЙМІЗ?



Pdf көрінісі
бет149/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

14-ТАРАУ
АРЫ ҚАРАЙ НЕ ІСТЕЙМІЗ?
Сенбі. Апта сайынғы кешке соңғы дайындық жүруде. Алдыңғы 
кеште керегеде қандай картина болғанын еске түсіру керек. Аспеннің 
таулы беттері үлкен Барьер рифі маңындағы теңіз түбі немесе 
түнгі Нью-Йорк алаулары ма? Нанотехнология мен бейімді опти­
ка жетістіктері нәтижесінде бірнеше клавишаны басу арқылы осы 
суреттердің кез келгені керегеде пайда болады және қажетті темпера­
тура мен жарық деңгейі орнайды. Қағаз жапсырмалар мен шамы бар 
люстралардың керектігі шамалы!
Қол жетімді суреттерді парақтап отырып, өмірдің естелік сәттерін 
бірнеше секундқа еске түсіруге болады, мысалы, кішкене ініміздің 
туған күніндегі күлкілі бейнесі. Гавайдағы құмды жағалаудың ке- 
ремет келбетін таңдау керек шығар. Қонақтар жеңіп киіммен келеді 
және осы жабдықталу сәйкес келеді.
Ал музыканы не істеймін? Таныс, әрі сүйікті әуендерді айналды- 
рып көрейік: джаз, рок, танго. Наножамылғылармен қапталған кере- 
гелерден шығатын көлемдік дыбыс шынайы құралдар дауыстарының 
керемет әсерін туындатады. Осы кезде нанотехнологияның біздің 
күнделікті өмірімізге осыншалықты жылдам еніп кеткені туралы ой 
еркімізден тыс пайда болады. Өрлеу ырығымызға көнбейді:кеше ғана 
адамдар атпен жүрсе, бүгінде реактивті лайнерлерсіз саяхаттауды 
елестету мүмкін емес.
Нанотехнологияның келешегі
Биологиялық 
және 
химиялық 
ұстанымдарға, 
атомдық 
құрастыруға негізделген нанотехнологиялар өлшемдері 
1 - 1 0
нм 
аралығында болатын функционалды құралдар жасауға мүмкіндік 
береді. Органикалық химияда көптеген жылдар бойы химиялық 
синтез көмегімен наноқұрылымдар жасалуда. Беттік микроско­
пия, кремнийлі құрылымдар өндірісі, биохимия, физикалық химия 
және информатика салаларындағы жетістіктер арқасында соңғы он 
жылдықта атомарлық деңгейдегі құрылымдар өндірісі мен оларды 
басқаруда аса көрнекті нәтижелерге қол жеткізілді.


Қоғам үшін үлкен мағынасы бар және оған эсер ете алатын 
нанотехнологиялардың арқасында жеке атомдардан жаңа молеку- 
лалар мен материалдар алу мүмкін болғандықтан ғалымдардың 
қызығушылығы туындап отыр. Нанотехнологиялар мен олардың 
пайдалану аймақтарының қарқынды дамуы анық көрініп тұр. Нано­
технологиялар XXI ғасырдың негізгі технологиясының бірі болып 
қалыптасып келеді.
Микро- жэне нанотехнологияның дамуымен бұрында ғылыми 
фантастика болып есептелген нэрселер ғылымға айналып келеді. 
Осыдан 100 жыл бұрын ұялы телефондардың болуын болжау да 
мүмкін емес еді, алайда микроэлектрониканың жетістіктерінің 
арқасында қазір олар хотдогтар тэрізді қол жетімді эрі эдеттегі затқа 
айналды. Сіз қазіргі өмірімізді қысқатолқынды пеш, компютер жэне 
интернетсіз елестете аласыз ба?
Не болды? Адамдар ақылдырақ болып кетті ме? Әрине, жоқ. 
Шындығында ғылым мен техниканың кез келген жетістіктері алдыңғы 
жаңалықтарға негізделген. Сонымен, көптеген жылдар бойы жаңа 
ғылыми нэтижелерге таңғалу жинақтала береді.
Кейбір сэтте олар аяқ астынан табиғи құбылыстарының мүлдем 
жаңа түсінігін ұсынады: ”Керемет, қараңыздаршы, мен не таптым!” 
Ғалымдар мен инженерлер үнемі ізденіс үстінде жүреді: олар бір 
сұраққа жауап тапса, жауабы жоқ жаңа бірнешеуі туындайды. Фул- 
лерен молекулалары ашылғаннан кейін материалдарды беріктендіру 
мен жеке атомдар мен молекулалар көмегімен ағзаның белгілі бір 
жеріне дәрі-дәрмектерді нүктелік жеткізу идеялары шындыққа айнал­
ды. Жалпы халықтың таң қалуына наномасшабты элем өте кішкене 
ғана емес, ол біздің өмірімізге революциялық өзгерістер алып келуі 
мүмкін екендігі анық болды!
Соңғы 10 жыл бойы ғалымдар мен инженерлер наноматериал­
дар көмегімен металдардың беріктілігі мен иілгіштігін арттыруды 
үйренді. Авиақұрылысшылар нанобөлшектері бар нанокомпозиттер 
мен металл балқымаларды қолдану арқылы тік ұшақтарды жеңілірек 
эрі үнемдірек етіп жасауға болатынын анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет