қасиеттерін пайдалануға тырысады. Мысалы, егер үлгі флуоресцир-
леуге қабілетті болса, онда оны бақылау үшін флуоресценцияны тал-
дау қажет, ал егер үлгі жақсы өткізгіш болса, оның электрлік қасиетін
өлшеу керек.
Рентгендік кристаллография зерттелетін нысанның атомдық
құрылысы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Рентгендік
кристаллография әдістерінің көмегімен электрондар конфигура-
циясы мен олардың тығыздықтарының үш өлшемді таралуы туралы
мәліметтер жинауға болады.
Ол үшін алдымен зерттелінетін молекула негізінде таза кри-
сталдар өсіруге тырысады. Содан кейін оны рентгендік құрылғының
ішіне орналастырады және рентген шоғырымен сәулелендіреді.
Шоғыр молекула құрылымында дифракцияға ұшырайды (ауытқиды),
ал дифракциялық көрініс детектормен тіркеліп және компьютермен
талданады. Алынған ақпарат негізінде электрондық тығыздықтың ор-
наласу картасы алынады. Мысалы, 5.4-суретте көрсетілгендей ДНҚ-
ның молекуласындағы азотты негіздердің орналасуы мен байланыс
түрлерін анықтауға болады.
о
5.4-сурет. Рентгендік кристаллография әдістерінің көмегімен ДНҚ
молекуласындағы азоттық негіздердің орналасуын анықтауға болады.
РЕНТГЕНДІК КРИСТАЛЛОГРАФИЯ
Достарыңызбен бөлісу: