Уотсон және Крик ДНҚ құрылымын түсінді. 1962 жылы Уотсон, Крик
және Морис Уилкинс бірігіп медицина/физиология саласындағы ДНҚ
құрылымы бойынша еңбегі үшін Нобель сыйлығын иеленді.
Алынған мәліметтер негізінде олар ДНҚ-ның физикалық үлгісін
жасады. Кейін олардың ұсынған қос
спиральді құрылысының бар
екені дәлелденді, ал олардың жұмысына 1962 жылы физиология
және медицина саласында «Нуклейн
қышқылдарының молекулалық
құрылысына қатысты ашылулар жасағаны үшін және тірі жүйелерде
ақпараттардың тасымалдау нысанын, олардың маңыздылығын
ашқаны үшін» Нобель сыйлығы берілді.
ДНҚ-ның құрылысы ашылғаннан
кейін ғалымдар тұқым
қуалаушық пен тұқым қуалау ауруларының тетіктерін жақсы түсіне
бастады. ДНҚ ағза денесінің ақуыздары, сол сияқты әртүрлі энзимдері
туралы ақпаратты сақтайтын фрагменттерден тұрады.
ДНҚ - әр молекуласы сутектік байланыспен байланысқан және
қос спиральмен оралған екі ұзын жіпшеден тұрады. Жіпшелер фос
фат, қант және төрт азотты негіздердің бірінен тұратын аралық топ-
тардан құралады. Жіпшелер бір-бірімен
азотты негіздер жұбының
арасындағы сутектік байланыстар көмегімен байланысқан. Сонымен,
бес атомы бар көміртегі мен қант (дезоксирибоза), фосфат және азотты
негіздер нуклеотид түзеді. Төрт азотты негіздер: гуанин (Г), цитозин
(Ц), аденин (А) және тимин (Т) генетикалық код түзеді. Анығында
олар энзимдер мен басқа ақуыздарды қалай жасау жөніндегі
ақпарат
жазылған жасуша жадының рөлін атқарады. 5.3-суретте ДНҚ-ның
молекуласының екі еселенген спиралінің сызбанұсқа түріндегі
құрылысы берілген.
ДНҚ-ның екі тізбегі де байланысқан жұп түзетін пуриндік неме
се пирамидиндік негіздердің көмегімен ұсталынып тұрады. Сонымен
қоса, аденин (пуриндік негіз) тек қана тиминмен (пирамидиндік бай-
ланыс), ал гуанин (пуриндік негіз) - цитозинмен (пирамидиндік негіз)
байланыса алады.
Аденин
Тимин
Гуанин
Цитозин
ДНҚ-ның екі тізбегіндегі байланысқан жұп түзетін әртүрлі
жағдайдағы төрт нуклеотид (А, Т, Ц және Г)
ағзаның құрылысы мен
атқаратын қызметінің толық жоспарын құрайды. Олар бұл ақпаратты
өте үлкен дәлдікпен көшіре алады.
Л
5.3-сурет. ДНҚ молекуласы төрт азотты негіздердің тізбегінен
құралған екі спираль ретінде бұралған байланысқан жіпшелерден тұрады
Адам ағзасындағы әр жасуша ДНҚ-ның жеке 46 молекулалары-
нан тұрады және олардың әрқайсысында 160 млн. жұп нуклеотид бар.
Және барлық бұл ақпараттардың жиыны еш қатесіз көшіріледі және
сақталады. Бұл - компьютерге қарағанда аса сенімді ақпаратты сақтау
жүйесі!
Достарыңызбен бөлісу: