әрекеттері жасалған. Оларға шөл даладағы құм тозаңы, жанартау
күлдері, тоғай өртінің түтіндері, бактериялар мен вирустар жатады.
Сонымен бірге, дәстүрлік өнеркәсіптік үдерістер де нанобөлшектер
көзі болып табылады (бұл, мысалы, жану өнімдерін түзілген күй,
пайдаланылған газ қалдықтары, ұшқыш бояулар мен дәнекерлеу бо
луы).
Нанобөлшектерді
пайдаланудан
туындайтын
қауіп-қатер
уыттылық деңгейі мен олардың әсер ету мерзімінің ұзақтығына тура
тепе-тең:
ТӘУЕКЕЛ =У Ы Т ТЫ Л Ы Қ * ЭСЕР ЕТУ М ЕРЗІМ І
Мысалы, егер нанобөлшектің уыттылығы жоғары болмаса, ал
әсер ету уақыты көп болса (бірнеше жыл), онда туындайтын тәуекел
біршама болады. Уыттылық жоғары болған сайын тәуекел артады және
де керісінше - уыттылық төмен болған сайын, тәуекел төмендейді.
Сәйкесінше әсер ету мерзімі көп болған сайын тәуекел артады, ал әсер
ету уақыты азайған сайын туындайтын тәуекел азаяды.
Бүгінгі таңда жасанды нанобөлшектің әрекеттесу тәуекелі (мыса
лы, көміртекті нанотехнологиялар) наноматериалдар өндірілетін неме-
се зерттелетін ғылыми-зерттеу зертханаларындағы қызметкерлермен
ғана шектеледі. Алайда бұл ахуал жақын уақытта өзгеруі мүмкін
және адамзат баласы осындай өзгерістерге дайын болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: