Қазақша аударма редакторының алғы сөзі
XXI ғасырдың басы нанотехнологиялар мен наноматериалдардың
дамуының революциялық бастамасы екендігі баршамызға мәлім.
Қазіргі таңда олар әлемдегі барлық дамыған мемлекеттерде адамзат
қызметінің (өнеркәсіп, ақпарат саласында, радиоэлектроникада, энер-
гетикада, транспортта, биотехнологияда, медицинада) аса маңызды
салаларында қолданылып жүр.
Соңғы бірнеше жылда нанотехнология жоғары технологияның
аса көп уәде беретін тармақтарының бірі сияқты ғана емес, сонымен
қатар, 21 ғасырдың экономикасының жүйе түзуші факторы сияқты
қарастырыла бастады. Нанотехнология барлық өндірістік қызметтің
жаңа парадигмасының дамуын ынталандырады, ол өзі өмір сапасын
арттырудағы жаңа бетбұрыстардың көзі және постиндустриалды
қоғамда көптеген әлеуметтік мәселелердің шешімі болып табылады.
Осыған
орай,
қатаңдық
пен
тыңғылықтылық
әртүрлі
деңгейлерінде тақырыптар мен объектілердің кең спектрлерін
қамтитын, мәселен, ғылыми-танымал әдебиеттен монография-
лы әдебиетке деген қажеттілік туындады. Сонымен қатар, соңғы
жетістіктердің, шешілмеген шолулары мен оқу құралдары қажет.
Әзірше бұндай әдебиеттер жеткіліксіз.
Алайда наноғылым мен нанотехнологияның нақты мәселелері
бойынша шолулар бар болғанмен, қазақ тілінде мұндай әдебиеттер
жоқ. Ұсынылып отырған У.Адамс, Л.Уильямстің «Құпиясыз нанотех
нологиялар» оқулығының қазақ тіліндегі басылымы қазақстандық
оқырмандарға нанотехнология бойынша әдебиеттердің тапшылығын
азайтуға көмектесетін болады.
Оқулықтың
арнайы
базалық
білімі
жоқ
адамдарға
нанотехнологияның іргелі негізін түсіну үшін пайдасы зор.
Үсынылып отырған оқулықта фуллерендердің ашылуы, нано
масштаб, нанотүтікшелер, наноғылымның аспаптары, биология, ме
дицина, қоршаған ортаны қорғау, нанокристалдар, электроника және
сенсорлар, коммуникациялар, энергетика, бизнес және инвестиция,
наноуыттылық және қоғам, нанооптика және т.б. туралы мәліметтер
толық қарастырылған.
Наноқұрылымдар мен нанонысандарды бағалау мен зерттеудің
бірқатар заманауи әдістері: электронды және ионды-өрістік ми
кроскопия, оптикалық, рентгенді және магнитті спектроскопия
сипатталған.
Жалпы алғанда кітап оқырмандардың кең қауымына, физика, хи
мия және материалтанушы мамандарға пайдасы зор. Қазақстанда на-
номатериалдар мен наноэлектроника бойынша мамандар дайындала
бастағаннан бері, нанотехнология бойынша қазақ тіліндегі оқулықтар
жоқ болғандықтан, оларға деген қажеттілік өте жоғары.
«Құпиясыз нанотехнологиялар» оқулығының ағылшын тілінен
қазақ тіліндегі аудармасын З.А. Мансұров, М.Нәжіпқызы, Б.Қ.
Діністанова авторлар ұжымы даярлаған.
Оқулықтың мақсаты жалпыға жеткілікті түрде студенттерді, маги-
странттарды және осы аймақты игерген инженерлерді наноғылымның
негізгі ойлары мен тәсілдерімен таныстыру және техниканың әртүрлі
салаларында өңдеу нәтижелерін іске асыру болып табылады.
Оқулық Нанотехнология саласында білім алушы студенттерге.
магистранттарға және Р һ ^ докторанттарға, сонымен қатар, осы сала-
да жұмыс істейтін мамандарға, инженерлерге арналған.
Бұл кітапті жазу барысында орыс тілінде көптеген пайдалы
кітаптар жарық көрді. Солардың көмегімен қызығушылық танытқан
оқырман өздеріне қажетті нанотехнология бөлімімен терең таныса
алады.
1. П. Харрис. Углеродные нанотрубы и родственные структуры.
М. Техносфера. 2003. - 336 с.
2. Ч. Пул, Ф. Оуэнс. Мир материалов и нанотехнологий. Нано
технологии. М.: Техносфера, 2005. - 330 с.
3. А.И. Гусев. Наноматериалы, наноструктуры, нанотехнологии.
- 2-е изд., испр. - М.: Физматлит, 2007. - 416 с.
4.
Г.Б.Сергеев. Нанохимия. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Изд-во
МГУ, 2007. - 336 с.
5. Л. Уильямс, У. Адамс. [пер. с англ. Ю.Г. Гордиенко]. Нанотех
нология без таин. М.: «Эскмо», 2008. - 364 с.
6. З.А. Мансуров, Т.А. Шабанова, Н.Н. Мофа. Синтез и технологии
наноструктурированных материалов. КазНУ, Алматы, 2012. - 318 с.
З.А. Мансұров
|