1-ТАРАУ
ФУЛЛЕРЕННІҢ АШЫЛУЫ
Кейде (жүз жылда, тіпті, мың жылда бір рет)
адамзат қоршаған
ортаны түгелдей дерлік өзгертетін бірнәрсе ашады немесе ойлап та-
бады. Үңгір тұрғындары өздеріне бейтаныс түтін иісін алғаш сезген-
де оны зерттеп бастауын іздеуге бел байлады. Олардың ең алғаш отты
жағуы бүкіл әлемді дүр сілкіндірді: сушидің орнына барбекю мен
шашлық келді.
Кейіннен олардың ұрпақтары, үшкіртастан
әлдеқайда тиімді,
темірден аспаптар мен бұйымдар жасай бастады. Темірден жасалған
қарулар әлемді жаулар алдындағы белгі ретіндегі сый болды.
Кейініректе алдыңғы дамыған мемлекеттердің айырылмастай бір
бөлшегіндей болған: электр қуаты, автомобильдер мен дәрі-дәрімектер
ойлап табылды. Егер бір арманға қарай тоқтамай жүре берсе, оны іс
жүзінде орындауға болатынын түсінді. Көптеген онжылдықтар бұрын
қияли көрінген құбылыстарды, ғылым мен техника жүзеге асыра ба
стады.
Ақыр соңында жоғары технология дәуірі орнады: түрлі түсті
теледидар, компьютерлер... «Аз, жылдам, оңай және ақылдырақ»,
- деген сөздер қазіргі ғылым мен техниканың ұранына айналды.
Біз
неғұрлым көп білсек, соғұрлым одан да артық білгіміз келеді.
Қажымай-талмай білімге ұмтылу, ал құмарлық шексіз болды. Квазар-
дан ДНҚ-ға дейінгінің бәрі үлкен қызығушылық туғызды.
Қазіргі уақытта білім ізденістері ақылға сыймайтындай жанда-
на түсті. Көбінесе, бұл білімнің мүлдем жаңа ғажайып саласындағы
ашылулармен түсіндіріледі, оны нанотехнология деп атай бастады.
Нанотехнологиялардың арқасында
аса жылдам және жеңіл
компьютерлер, жақсартылған теннис доптары, мықты мата, мөлдір
күннен қорғайтын кремдер (8РҒ60),
молекулалы сенсорлар мен
қатерлі ісікті емдеудің жасушалық әдістерін жасау мүмкіндіктері пай-
да бола бастады. Қазір нанотехнологиялар жүздеген сауда өнімдерінде
қолданылады. Олардың ішінде көптегендері бұрыннан бар техно-
логияларды жақсартудың нәтижесі болды, мысалы, антивандальді
беттер, жабыспайтын жамылғылар жасала бастады, бірақ алдағы 10
20 жылдықта бізді нанотехнология негізінде жасалған мүлдем жаңа
өнімдер таңғалдыратын болады.
Бұл
кітапта
наноматериалдар,
таңғаларлық
қосымшалар
мен
қайран
қаларлық
технологиялар
бейнеленеді;
олар-
ды
қолдану
мүмкіндігі
наномасштабты
деңгейдегі
ғылыми
зерттеулердің нәтижесінде пайда болды.
Сонымен қатар, бұл жерде
нанотехнологияның қоғамға әсері: инвестициялар, өнімдер, қауіптер.
қоғамдық пікір және халықаралық саясат талданады.
Ыңғайлы орналасыңыз және аса кішкентай нысандар мен
таңғаларлық үдерістердің әлеміне - нанотехнология әлеміне еніңіз.
Достарыңызбен бөлісу: