Я Д Р О
Салыстырмалы түрде жуырда ғалымдар, атомның біртұтас
нысан емес, ол бірнеше ұсақ бөлшектерден және аса ірі ядродан
тұратындығын анықтады, бұл тіпті көптеген сұрақтар туғызды.
1907
жылы Дж. Дж. Томсонның шәкірті Эрнест Резерфорд (Е т е з і
КиІһегіоМ) атомның заманауи концепциясын әрі қарай дамытты. Осы
жұмысы үшін ол 1908 жылы химия бойынша Нобель сыйлығын және
1914 жылы рыцарь титулын алды (Химия қайырымсыз сабақ деп
кім айтты?). 1911 жылы Резерфорд радиоактивті уранмен жүргізген
эксперименттері кезінде өзінің ядролық моделін ұсынды. Ол жұқа ал
тын фольганы бөлшектермен атқылай отырып, атомдар, өлшемдері
атом өлшемдерінен әлдеқайда кіші болатын, оң зарядталған ядро-
лардан тұратындығын болжады. Резерфорд өзінің шәкірті, Гейгер
счетчигін ойлап тапқаны үшін бүкіл әлемге танымал болған Ганс
Гейгермен (Напз Оеідег) бірге бөлшектердің 99 % көбі тура өтіп
кететіндігін байқады, және 8000 бөлшектің ішінде біреуі ғана ядро
дан қандайда бір бұрышқа ауытқыған, тіпті, кері қарай шағылған.
Ғалымдар бұндай шағылу бөлшек массивті оң зарядталған ядромен
соқтығысқан кезде жүзеге асатындығын жорамалдады.
Әрі қарай зерттеулер барысында, ядро протондар мен нейтрондар-
дан тұратындығын анықтау мүмкін болды. Әрбір протон электронның
массасынан 1800 есе көп массадан тұрады, сондықтан ядрода атомның
массасының көп бөлігі шоғырланған. Ядро өте кішкентай өлшемге
ие және атом көлемінің өте аз бөлігін алып тұрады. 1.1-суретте
Резерфордтың көзқарасы бойынша атом құрылысы көрсетілген. Көп
ұзамай ғалымдар, атом ішіндегі электрондар ядроның айналасында,
планеталар Күннің айналасында сияқты, орбита бойынша айналмай-
ды, олар бұлттар сияқты, кеңістікте бұлыңғырланып келеді.
Атомның құрылысын өзіңізге ұсыну үшін, ядро үстел теннисін
ойнауға арналған доптың өлшеміне ие деп елестетіңіз. Онда барлық
атомның диаметрі 5 км-ден көп болады! Дәлірек айтқанда, ядроның
диаметрі 10-12 м шамасында.
Достарыңызбен бөлісу: